25 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Мал шаруашылығы – маңызды сала

Бүгінде аудан бойынша ет өндірісінен көшбасшы болып келе жатқан кәсіпорынның бірі - «Империя Фут» ЖШС. «Империя Фут» серіктестігі былтырдан бері инвестиция көлемі 2,3 млрд. теңгені құрайтын ет өңдеу зауытының құрылысын жүргізуде.

Құрылыс жұмыстары биылғы жылдың қыркүйек айында аяқталуы тиіс. Бұл жобаның қуаттылығы жылына 8 000 тонна ет өңдеуге қауқарлы болмақ. Зауытқа дейін инфрақұрылым жүргізу үшін облыстық бюджеттен 80,1 млн. теңге бөлінген. Қазіргі кезде құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Серіктестік бұған дейін инвестициялық құны 1,4 млрд. теңгені құраған мал бордақылау алаңын 2014 жылы салған болатын. Бүгінгі күні мұнда 2750-ге жуық бас мал семіртілуде. Жыл басынан бері 57 тоннаға жуық ет өткізілген. Алдағы уақытта Алматы – Бішкек тас жолының бойындағы ет комбинаты құрылысы аяқталса бұл көрсеткіштер еселене түспек.

Арман Джавидан , «Империя Фуд» ЖШС-нің директоры: «Біз 2018 жылы 256 бас Ангус тұқымды бұқалар алып келдік. Оның игілігін тек өз пайдамызға ғана пайдаланған жоқпыз. Аудандағы өзге де шаруа қожалықтарға жалға (арендаға) беріп келеміз. Осылайша ауданның мал шаруашылығына, нақтырақ айтқанда селекциялық және мал тұқымын асылдандыру саласына өз үлесімізді қосып жүрміз.

Өйткені кейбір кәсіпкерлердің мүмкіндігі жетпейтінін ескеруіміз керек. Бәріміз осы ауданның ауасын жұтып, суын ішіп отырмыз» деп айтты. Биыл Жамбыл ауданы мал тұқымын асылдандыруға ерекше көңіл бөліп отыр. Аудан әкімі Бағдат Әлиев ең алдымен ірі қара мен қойды асылдандыру қажеттігін алға тартқан еді. Жыл басындағы есепке қарасақ аудан бойынша асыл тұқымды қой малының саны 52507 басты құраған болса, оның ішінде 32818 аналық саулық. Аудандағы қой малы 18 ЖШС мен шаруа қожалықтарында шоғырланған. қаңтардағы санақ бойынша 607905 бас қой мен ешкі бар, соның 8,8 пайызы ғана асыл тұқымдының негізін құрайды. Қой малынан шығатын өнімдерді (жүн мен етін) арттыру үшін асыл тұқымды қойды 45-50 пайызға жеткізу керек екен.

Осыған орай алдағы уақытта күрделі селекциялық асылдандыру жұмысы күтіп тұр деген сөз. ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 256 бұйрығына сәйкес ауданымыздағы ауылшаруашылық ұжымдары мен шаруа қожалықтары «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау» ережесіне аналық басқа селекциялық және асыл тұқымды бағытымен жұмыс жүргізу бағытына аудан бойынша 192620 аналық бас қатысқан болатын. Оның ішінде 32612 қолдан ұрықтандырылды. Өз кезегінде «Жамбыл асыл тұқым» ӨК асыл тұқымды орталығы арқылы Еділбай, Сарыарқа еті меринос асыл тұқымды қошқарлармен асыл тұқымды шаруа қожалықтары «Мұрынбай», «Қалижан», «Р-Күрті», «Мыңбай», «Ақсұңқар2007», «Береке», «Басай-Агро», «Мәди», «Ажар» атты шаруа қожалықтары – 23103 бас саулықты қолдан ұрықтандыру, қойға асыл тұқымдық және селекциялық жұмыстар жүргізу үшін 204 шаруа қожалықтары мен ауылшаруашылық ұйымдары белсене қатысты.

Ал, қойды қолдан ұрықтандыруды өз уақытысымен дұрыс ұйымдастыру қазіргі заман талабына сай келетін осы тәсіл арқылы өнімділігі өте жоғары бағалы қошқарлардың генетикалық мүмкіншілігін толық пайдалануға болатынын аңғартады. Алдағы уақытта барлық ауылдық округ әкімдеріне, мал дәрігері пункттерінің меңгерушілеріне, техник ұрықтандырушыларға «Жамбыл асыл тұқым» ӨК асыл тұқымды орталығымен өзара бірлесе отырып, қойды қолдан ұрықтандыру жұмысын ұтымды ұйымдастырғаны абзал. Шалғайдағы шаруа қожалықтардың бірнешеуін біріктіріп, қолдан ұрықтандыру пунктін салу керек межеленуде. Аудан бойынша асыл тұқымды ірі қара малы 26 ауылшаруашылық ұжымдары мен шаруа қожалықтарында ұзын саны 7752 бас.

Оның ішінде етті бағытқа Санта Гертурда, қазақтың ақ басы, Әулиекөл тұқымы жөнелтіледі. Ал, сүтті сиырлар болып саналатын Алатау мен Голштино-Фриз тұқымы ауданымызда қарқынды бағылуда. Ет өндірісіне етене кіріскен ірі шаруа қожалықтар: «Мыңбай», «Айтақ», «Ажар», «Асыл қой», «Еңбек» өз жұмыстарын жандандырып келеді. Ал, сүтті сиырдың асыл тұқымдарын «Табыс», «Бейбіт», «Сұңқар», «Жамбек» шаруа қожалықтары тұрақты айналысуда. «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігінің және өнім сапасын арттыруды» субсидия алуға қатысатын шаруа қожалықтар мен ауыл шаруашылық ұжымдарының саны – 165-ке жетті.

Ауданның сүт өндірісі де қарқындап дамып келеді. Оған дәлел, Қарақыстақ ауылындағы «Табыс» шаруа қожалығының 600 басқа арналған сүт кешені. Соңғы кездері өнімді еңбек етіп жатқан заманауи сүт кешенінің жобалық құны 1 млрд. 780 млн. теңгені құрайды. Сүт кешеніне Украинадан 300 бас асыл тұқымды сиыр сатып әкелінген. Кешен жылына 6 тонна сүт шығара алады.

Талғат Естібеков, «Табыс» шаруа қожалығының директорының айтуынша «Біз сүт бағытындағы асыл тұқымды сиырлар өсірудеміз. Олардың бабын арнайы мамандар қадағалайды. Алдағы уақытта сүт өңдейтін зауыт салу жоспарланып отыр. Ол үшін арнайы жер бөлініп, құжаттары дайындалуда. Содан кейін біз өз өнімдерімізді өзіміз өңдеуге мүмкіндік аламыз. Асыл тұқымды сүтті сиырларға ауыл халқының қолы жете бермейді ғой. Сондықтан мен асыл тұқымды бұқаларды ауылдағы қарапайым сиырларға қосып, тұқымын алуға беріп тұрамын. Осылайша, азда болса ауыл халқына көмегімді тигізіп отырмын» деді.
Просмотров материала: 1 971

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 647 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 478 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 123 119 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 123 143 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 451 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 497 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 670 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 739 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 931 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 075 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 456 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 329 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 653 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 549 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 359 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 462 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 657 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 325 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 671 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 435 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 431 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 272 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 119 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 363 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 295 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 826 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 174 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 150 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 369 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 697 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 121 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 136 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 178 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 101 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 334 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 485 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930