22 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



2 проценттік ипотека қандай шарттармен беріледі

15 март 2019, 15:00
2 проценттік ипотека қандай шарттармен беріледі


Жақында Президент Нұрсұлтан Назарбаев әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарға 2 проценттік ипотека беру мәселесін қарыстырып шығуды Үкіметке тапсырған болатын. Осыдан кейін тиісті органдар бірден есеп-қисапқа кірісіп, жеңілдетілген несиенің алдын ала шарттары туралы да айтып қалды.

Бүгінде «Нұрлы жер» бағдарламасына өзгерістер енгізу мәселесі пысықталып жатқан көрінеді. Соның аясында 2 проценттік ипотеканың нақты шарттары мен оны алатын санаттар көрсетіледі. Бірақ Алматы қаласының әкімдігі бағдарламаны күтпей, көпбалалы отбасыларға жеңілдетілген несиені бергісі келеді екен. ҚазАқпарат тілшісі аталған ипотеканың шараттарын сараптап, оған кететін шығындарға назар аударған болатын.

Биылға «7-20-25» бағдарламасы бойынша қанша пәтер қажет 2 проценттік ипотеканы кім алады?

Президенттің тапсырмасына сәйкес, 2 проценттік ипотека әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтардың нақты үш категориясына берілуі керек. Олар - көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар және мүгедек балалары бар отбасылар. Аталған санатқа кіретін азаматтардың табысы төмен болса, оларға жеңілдетілген несиелер беруге болады.

«Осы санаттар үшін тұрғын үй жинақтары арқылы 2-3 проценттік зайымдарды берудің жеңілдетілген механизмін әзірлеуді тапсырамын. Ол үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне жыл сайын 50 миллиард теңгеден бөліп отыру қажет», - деді Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының XVIII съезінде.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Склярдың айтуынша, үш жыл бойы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне 50 миллиард теңгеден бөлінсе, 22 мың адамға жеңілдетілген ипотека беруге болады.

«Бастапқы жарна 10 процент болады. Жылдық мөлшерлемесі - 2 процент. Ал несиенің өзі 20 жылға берілетін шығар. Негізі, бұл Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің бөлек бағдарламасы болады», - деп атап көрсетті Роман Скляр журналистерге берген сұхбатында.

Дегенмен, бұл жерде «Әлеуметтік жағынан аз қамтылған, оның үстіне табысы төмен отбасы алғашқы жарнаны қайдан табады?» деген заңды сұрақ туындайды. Бүгінде министрлік пен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі дәл осы мәселені жан-жақты зерделеп жатқан көрінеді. Бәлкім, алғашқы жарна жергілікті әкімдіктердің есебінен берілетін тұрғын үй куәліктерімен өтелетін шығар. Оған қоса, ондай куәліктерді тарату тәжірибесі бар. Бірақ оны халыққа жаппай беру үшін заңмен бекітіп алу қажет екен.

«Бүгінде тұрғын үй куәліктерінің екі түрі бар. Біреуі тегін, яғни оны қайтармауға болады. Оны жергілікті атқарушы органдар өз еркімен беріп жатыр. Ал екіншісі, ол - қайтарылатын тұрғын үй куәліктері. Қазіргі кезде біз Парламент Мәжілісіне бірқатар нормативтік өзгерістерді енгізіп жатырмыз. Соның аясында тұрғын үй куәліктерін таратудың нақты шарттары бекітіледі. Сол кезде ондай куәліктің нақты сомасы және кімге берілетіні айқындалады. Осыны тездетіп бітірсек, халыққа тұрғын үй куәліктетірн жаппай беруге мүмкіндік болады», - дейді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев.

Демек, алдағы уақытта тұрғын үй құрылысы саласындағы басты құжат - «Нұрлы жер» бағдарламасында 2 проценттік ипотеканың шарттары, оны алатын санаттар мен тұрғын үй куәліктері сияқты негізгі мәселелердің бәрі көрсетіледі. Сонда жергілікті атқарушы органдар да 1 миллион теңге көлеміндегі куәліктерді жаппай тарата алады.

«Бақытты отбасы» бағдарламасы қалай жұмыс істейді?

Дегенмен, Алматы қаласының әкімдігі «Нұрлы жердің» өзгерістерін күтпей-ақ, өзінің бюджеттік қаржыландыру бағдарламасын бастап кетті.

«Бақытты отбасы» жобасы аясында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы көпбалалы отбасыларға 2 проценттік ипотека беру көзделіп отыр. «Мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларды қолдап, олар үшін қолжетімді тұрғын үй санын арттырып, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы жеңілдетілген несие беру механизмін дайындап шығаруды тапсырған болатын. Қазіргі кезде Қазақстанның барлық өңірлерінің тұрғындарын қамтитын «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жаңа бір бағыт әзірленуде. Алматы қаласының әкімдігі жаңа ережені күтпестен, қалалық бюджеттен алдын ала қаражат бөліп, көпбалалы отбасылар үшін «Бақытты отбасы» бюджеттік несиелендіру бағдарламасын іске қосты», - дейді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басшысы Ләззат Ибрагимова.

«Бақытты отбасы» жобасымен Президент айтқан барлық үш санат қамтылмаса да, Алматының әкімдігі кезекте тұрған көпбалалы отбасылардың барлығын баспанамен қамтамасыз етуге ниетті. Бүгінде қаланың баспана кезегінде 1 276 көпбалалы ана тұр екен. Олардың барлығына жеңілдетілген ипотека беріледі. Бірақ оған ілігу үшін алдымен baqytty-otbasy.kz сайты арқылы өтініш беру керек. Тұрғын үй несиесі 15 миллион теңгеге дейін беріледі. Ол үшін 10 проценттік жарнаны құю қажет. Әкімдік өз бюджетінен әрбір көпбалалы анаға 1 миллион теңге көлеміндегі тұрғын үй куәлігін беруге әзір. Оны тек алғашқы жарна ретінде ғана пайдалануға болады. Сосын бір айдың ішінде жаңа нарықтан пәтер тауып алу қажет. Осы уақыттың ішінде баспана табылмаса, 2 проценттік несиені алу мүмкіндігі кезекте тұрған келесі адамға беріледі.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің қызметкерлері де пәтер іздеуге көмектеседі. Қазір арнайы осы мақсатта банктің қалалық филиалында барлық параметрлерге сәйкес сатылымға қойылған тұрғын үйлердің тізімі жасақталуда», - деді банк қызметкерлері. Ал калькуляторға салатын болсақ, 2 проценттік ипотекамен 15 миллион теңгенің пәтері үшін ай сайын 79 000 теңгеден төлеп отыру қажет. Баспананың бағасы одан төмен болса, ай сайынғы төлем де аздау болады.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Бақытты отбасы» жобасына қатысатындардың төлем қабілетін жеңілдетілген тәртіппен тексереміз деп отыр. Несие алатын көпбалалы отбасының мүшесі ипотеканы өтеуге қажетті ай сайынғы төлем сомасын және бір ересек адамға 5 АЕК (12 625 теңге - авт) көлемінде өмір сүруге арналған ең төменгі соманы растаса болды. Ал балаларға кететін шығындар есепке алынбайды.

Негізі, Алматының тәжірибесі негізінде «Нұрлы жер» бағдарламасына тиісті өзгерістерді енгізу әбден болатын сияқты. Бәлкім, әкімдіктің «поездан бұрын жүруінің» де себебі сонда шығар. Осы бастаманы алдымен пилоттық режимде өткізіп, соңынан республика бойынша жаппай таратылса игі еді. Ендеше Алматыда қолға алынған «Бақытты отбасының» нәтижесін күту керек...
Просмотров материала: 4 339

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 234 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 066 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 707 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 731 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 039 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 472 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 650 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 717 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 905 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 051 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 430 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 320 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 649 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 352 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 454 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 653 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 319 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 667 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 268 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 113 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 290 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 822 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 166 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 364 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 692 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 116 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 129 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 174 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 097 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 482 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930