27 марта 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Еліміздегі танымал сайттардың бірінде сәбилерді саудалауда

23 январь 2019, 10:08
Еліміздегі танымал сайттардың бірінде сәбилерді саудалауда


Еліміздегі танымал сайттардың бірінде сәби саудалайтындар табылуда. Онда «Бір-екі айда босанамын, жағдайым жоқ, баламды жақсы жандарға беремін»,- деген хабарландырулар шығуда. Сорақысы, ондайлар еш қымсынбастан белгілі бір сомаға әлі дүние есігін ашпаған сәбиін бейтаныс жанға бере салуға дайын. Ал құзырлы органдар арам ойын жүзеге асырмақшы болған безбүйрек ана да, шақалақты сатып алғысы келген азамат та міндетті түрде жауапкершілікке тартылады дейді. Сонымен, ашықтан-ашық перзентін "тірі тауарға" айналдырғандар кім? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Бүгінде елімізде бала сүю бақытынан айырылған отбасылар көп. Бір перзентке зар болған мұндай жандардың басқа амалы таусылды ма, әйтеуір интернеттен бала іздеп әлек. Ал мұндай хабарламалар ғаламторда жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай көбеюде. Айтарымыз, бұл емес. Сәбиін жақсы жандарға ақшаға беремін деп жазған безбүйрек аналардың көргенімізде жағамызды ұстадық.

Ақпараттар сапырылысқан мына заманда шын-өтірігіне көз жеткізу үшін хабарландырулардың біріне өзіміз де қоңырау шалып көрдік. Алған жауабымыз мынадай:

-Алло
- Сәлеметсіз бе! Мен хабарландыру бойынша звандап тұр едім ғой.
- Сіз балама жақсы ата-ана іздеймін деп жазыпсыз.
- Жоқ, болды уже
- Ата-ана таптыңыздар ма?
- Жоқ
- Қазір бала қайда?
- Бопты, ондайы жақсы


- Сіздер қалай алмақшысыздар ол баланы?
- Законно.
- Заңды түрде?
- Иә
- Қанша төлеуге дайынсыз?
- Білмеймін, өзі айтады ғой ол. 300 бе, может миллион ба...

Хош, түсінгеніміздей бірі жылдар бойы сәби сүйе алмаса, басқасы бауыр еті баласын еш танымайтын жанға ақша үшін бере салуға дайын тұр. Сонда ашықтан-ашық жүргізіліп жатқан адам саудасына заңмен шектеу жоқ па? Заңгерлердің уәжінше, шақалақты «тірі тауарға» айналдырғандардың ісі міндетті түрде жауапсыз қалмайды.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабына сәйкес, сатып алған да, сатқан да жауапкершілікке тартылады. Заңмен қудаланады. Перзентхананың басшылары да бірігіп және қызметкерлері де сауда-саттықпен осындаймен айналысып жатқан көп жайттар орын алып жатыр. Сонымен қатар, баяғыда біздің ата-бабаларымыз дәстүр бойынша баласы жоқ ағайындыға баласын берген. Оның өзі бауырына бала берген жағдайда, ол заңсыз болып есептелінеді», - дейді заңгер Абзал Бекбосынов.

Бұл ретте IT мамандары желідегі "адам саудасына" қатысты кез-келген хабарландырулардың өзі заңсыз екенін алға тартады. Яғни, ғаламторға мұндай жарнаманы салудың өзіне тыйым салынған.

«Егер белгілі-бір сайтта бала немесе адам саудасына қатысты хабарландырулар шықса, бұл әрине, заңсыз болып саналады. Көрген жағдайда модератор міндетті түрде оларды өшіріп, блокқа қоюы тиіс» - дейді ІТ маманы Гүлмарал Асан.

Статистикаға жүгінсек, еліміздегі отбасылардың 15 пайызы бала сүю бақытынан айырылған. Ал жетімдер үйіндегі тастандылар көп болса да, оларды асырап алудың машақаты да жетерлік. Содан кей ерлі-зайыптылардың мұндай жағдайын пайдаланған безбүйрек аналар туған перзентін саудалауға көшкен дейді мамандар. Ал білім басқармасындағылар бүлдіршіндерді тек ресми түрде ғана асырап алуға шақырады.

«Баланы асырап алу үшін үміткер болып басында тіркеледі. Ол үшін ол құжаттар тапсыру керек. Ол құжаттардың ішінде заявление жазады, ЦОН-нан ЭЦП кілтін ашады. Және сотталмаған, ешқандай есепке тұрмайтынын, наркологиялық, психдиспансерлік ауруханаларда жоқ екенін тапсыру керек. Үйінің жағдайы бар ма баланы асырайтын, Соған қатысты біз барып тексеріс жасаймыз. Және тұратын жұмысынан бізге анықтамалар керек» - дейді қалалық білім басқармасы қамқоршылық және қорғаншылық бөлімінің бас маманы Гүлім Жүсіпова.

Ал желі арқылы бала асырап алам деушілер жоғарыдағы талаптарды сақтамайтыны белгілі. Тек сәби үшін безбүйрек анаға сұраған соммасын қолына ұстатса жеткілікті деп санайды. Десе де, бұл әккі амалдарын жүзеге асырмақшы болған қыз-келіншектердің кінәсін жуып-шаймасы анық.

«Бес жылдан тоғыз жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Сонымен қатар өзінің мүліктерін тәркілеуге алынады. Сауда саттық жана айтып кеткендей сатып және сыйға берсе де» - дейді заңгер Абзал Бекбосынов.

Қалай десек те, желіде мұндай жазбаларды көрген кез-келген азамат міндетті түрде ішкі істер қызметкерлеріне хабарласуы тиіс. Сіздің бір ғана қоңырауыңыздың артында бейкүнә сәбидің тұтас бір тағдыры тұр. Ал, құзырлы органдар туған перзентін "тірі тауарға" айналдырған безбүйрек аналар да, баланы сатып алмақ болғандар да бірдей жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.


Просмотров материала: 2 730

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 192 742 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 192 308 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 191 846 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 191 893 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 192 242 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 211 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 320 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 603 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 010 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 118 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 511 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 402 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 556 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 372 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 203 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 631 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 448 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 136 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 542 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 306 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 247 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 081 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 923 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 215 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 145 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 643 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 403 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 973 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 231 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 602 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 986 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 929 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 013 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 968 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 183 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 335 Просмотров





Опрос


«    Март 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031