2 июля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қостанай облысында әкімнің қолынан пәтер кілтін алғандар ол үйлерде тұру мүмкін еместігін айтып шағымдануда

Қостанай облысында әкімнің қолынан пәтер кілтін алғандар ол үйлерде тұру мүмкін еместігін айтып шағымдануда


Өткен жылдың желтоқсан айында Қостанай облысының тұрғындары әкім Архимед Мұхамбетовтың қолынан пәтердің кілтін алған еді. Салтанатты шара кезінде адамдардың «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» жылдар бойы ақша жинап, осылайша баспаналы болғаны туралы айтылған жоқ. Ал бүгінде тұрғындар жаңа пәтерлердің сын көтермейтінін айтып, мәз емес. Бұл туралы «Көкшетау Азия» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Әкімнен «сыйлық» алған тұрғындардың қуанышы ұзаққа созылмады. Олар су жаңа пәтерлеріне кірген бойда кемшіліктері көп екенін байқаған. Қабырғалары қисайып, төбесі тесіліп, терезелері жылыланбаған пәтерлердің басқа да кемшіліктері жетерлік көрінеді.

«Көргенде шок болдым. Бастапқыда «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» ақша жинадым. Артынша «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша пәтер алдым. Ендігі ол үшін 19 жыл бойы ай сайын 60 мың теңге төлеймін. Ал мұндай пәтерде қалай тұруға болады? терезеден жел ұрып тұрады, жылу жүйесі де әлсіз. Гүлдерімнің бәрі үсіп қалды. Тіпті, Жаңа жылды да үйде қарсы алмадық. Рождестволық мерекеден кейін ғана мердігер ұйымның қызметкерлері үйді тексеріп, жөндей бастады. Алайда мұндай үйде тұрғым келмейді. Баспанадан бас тартсам ба деп отырмын», – дейді тұрғындардың бірі Бибігүл.

Бүгінде тұрғындар қоныс тойын тойлаудың орнына пәтердегі кемшіліктерді түзету үшін актілермен жүріп, ұзын-сонар кезекте тұруға мәжбүр. Жаңа пәтер иелерінің сөзінше, тұрғын үй инспекциясының қызметкерлері оларға пәтерге кірер алдында оны тексеріп шығу керектігін ескерткен.

«4-санаттағы пәтерлер – тұсқағазсыз құр қабырға. Бетонға линолеум төсей салған. Олардың коммерциялық пәтерлерден арзан болуы да бекер емес қой. Осылайша, біз өзімізге шығын келтіріп, жұмыс істеп жатырмыз. Яғни тұсқағаз жапсырып, төбесін әрлеудеміз. Бір шаршы метрі 240-250 мың теңге болатын коммерциялық үйлермен салыстырғанда , мұнда баға екі есе арза. Алайда тұрғындардың шағымдары акті бойынша күнде жұмыс істеп жатырмыз және барлық кемшілікті 3 күн ішінде түзейміз», – дейді «Ирина и К» мердігер ұйымының прорабы Алкан Мамедов.

Десе де мұндағы пәтерлерде кемшіліктер жетерлік. Тұрғындардың дені кезегін күтпестен, жөндеу жұмыстарына өздері кірісіп кеткен.

«Санитарлық техниканың бәрі әрең тұр. Қалай болса солай жасалған. Өзім жөндей бастадым. Жөндеу жұмыстарына жарты миллион теңге жұмсадым. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы пәтерді 4 млн 800 мың теңгеге сатып алдым. Әлі 6 жыл төлеуім керек», – дейді тұрғындардың бірі.
Просмотров материала: 1 187

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 206 872 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 206 521 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 206 010 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 206 066 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 206 433 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 011 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 061 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 364 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 002 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 083 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 265 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 689 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 725 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 468 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 331 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 091 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 567 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 275 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 681 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 493 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 352 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 189 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 048 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 375 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 269 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 751 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 875 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 102 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 338 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 716 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 084 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 028 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 157 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 100 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 306 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 469 Просмотров





Опрос


«    Июль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031