18 августа 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Балық қырылып жатыр: Атырауда бір ғана кәсіпорыннан 100 тонна бекіренің өлексесі шықты

Балық қырылып жатыр: Атырауда бір ғана кәсіпорыннан 100 тонна бекіренің өлексесі шықты


Атырауда қырылған балықтардың саны күннен күнге өсіп келеді. Бір ғана кәсіпорынның өзінен 100 тоннаға жуық бекіренің өлексесі шыққан.
Балық қырылып жатыр: Атырауда бір ғана кәсіпорыннан 100 тонна бекіренің өлексесі шықты


Қазір мамандар суқоймаларын өлген балықтан тазартуда. Балықшылардың жергілікті билікке өкпесі қара қазандай. Көмектесеміз деген уәдесін орындамапты. Арнайы құрылған комиссияның да жұмысы беймәлім. Ал облыс әкімі Нұрлан Ноғаев болса, аудандарды аралап, кадрларды ауыстырып әлек. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Қазір Атырауда күнде жиын. Астанадан ат сабылтып, министрліктен келген өкілдің алдында қызыл кеңірдек айтыс-тартыс. Басшыларға сор болған бекірінің өлімі. «Жайық Атырау» зауытынан 2 тоннадай, ал осы өңірден жалға кәсіпорын алған «Луговой жылқы зауыты» серіктестігінен 100 тоннаға жуық балық қырылыпты.

“Жұмыс өте ауыр, мұздың қалыңдығы 30 сантиметрге жетеді. Бар күш жігерімізді жұмсап жатырмыз. Қырылған балықтарды шығаруға әкімдікте көмек қолын созамыз деген, әлі ешкім келген жоқ. Балықтарды сүзіп алып, шығынды есептеуіміз керек” – дейді балық өсіруші Руслан Дусалиев.

Экологтардың болжамынша, бағалы балықтың қырылуына Жайық өзенінің бойындағы кәсіпорындар кінәлі-мыс. Бірақ мәліметтерді құпия ұстап отырған көрінеді. «Атырау жылу электр» орталығына жүргізген тексерістің нәтижесінде жарияламапты. Су арнасы мекемесіне де жоспардан тыс бақылау жүргізіліпті.

“Қазіргі таңда мына алдында айтып өткендей полиция қызметкерлеріменен 2 қылмыстық іс жүргізіліп жатыр. Мұнымен мына құқық қорғау органдары айналысуда. Қазіргі таңда мына сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуіне байланысты бүкіл жұмыстарды полиция департаменті қарастырып жатыр. Сондықтан олар кімнің қандай нәтиже беретіндігі жөнінде өзінің тексеріс аяқталғаннан кейін толық БАҚ-қа хабарлайтын болады” – дейді экология департаментінің бөлім басшысы Жолдасқали Телағысов.

Мамандардың сөзінше, бағалы балықтарды қырылған кезде ғана емес, әрдайым ғылыми тұрғыда да бақылап, зерттеп отыру керек. Ол үшін бюджеттен қаржы бөлініп, ихтиологиямен айналысатын кәсіпорындар жұмыс істеуі тиіс екен. Бұл мәселеге байланысты экологтар да жанайқайын айтуда.

“Балық судың астында жатыр. Оны Каспийге жібермеудің амалын қарастырып жатырмыз дейді. Сау адам солай айта ма?. Балықтың бойындағы ауру баяғыда суға шығып кетті. Мәселе суды тазалау керек. Бір ай бұрын амиак деп айтқан жоқ. Әлі талай шикілігі шығады бұл мәселенің” – дейді халықаралық экология академиясының президенті Мұсағали Дуанбеков.

Бекіренің қырылуына байланысты тиісті органдардың болжамы да сан қилы. Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық қадағалау комитеті “аммиактың зияны тиді” деген лабороториялық қорытынды жасаса, атыраулық экологтар судың ластануы себеп болды деп отыр. Ал жергілікті мамандар су астынан шыққан шалажансар балықтарды аман алып қалу үшін күресуде. Егер бұлар қырылатын болса кейбір кәсіпорын жабылуы да мүмкін.
Просмотров материала: 2 628

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 213 804 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 213 476 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 212 971 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 213 010 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 213 383 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 380 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 409 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 730 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 379 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 448 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 638 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 759 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 851 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 533 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 410 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 302 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 643 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 380 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 784 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 583 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 416 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 261 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 116 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 459 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 347 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 823 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 113 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 170 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 410 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 796 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 154 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 089 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 226 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 166 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 387 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 539 Просмотров





Опрос


«    Август 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31