19 марта 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Діннен жұбаныш табады". Олжас Сүлейменов сотқа тағы бір хат жолдады

11 январь 2019, 17:17
"Діннен жұбаныш табады". Олжас Сүлейменов сотқа тағы бір хат жолдады


Бүгін Астанада Малика Мұхитованың аппеляциялық шағымы қаралған сотта белгілі ақын Олжас Сүлейменовтің тағы бір хаты оқылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Олжас Сүлейменовтің хаты Астана қалалық сотына 9 қаңтар күні түсті. Ақынның мұның алдында жазған хаты 26 желтоқсанда оқылған еді.

Жаңа хатында Сүлейменов соттан Малика Мұхитованың жазасын жеңілдетуді тағы бір мәрте сұрады.

"Ескендірдің ата-анасы мен әжесінің жағдайын менен артық ешкім түсінбейді. Қабырғаны қайыстыратын ауыр қаза кезінде адамдар діннен жұбаныш табады. Құран мен Библия рақымшылдық пен кешірімге шақырады. Осыған сүйене отырып, отбасының үлкені ретінде, сотқа Мұхитованы салғырттығы үшін соттап, бірақ бас бостандығынан айырмау туралы хат жолдадым", — деп оқып берді ақынның хатын судья Әсем Рамазанова.

Олжас Сүлейменов қызы Лейланың Маликаны уақыт өте кешіретініне сенім білдірді.

Ақынның хаты жеке адамның пікірі ретінде іс материалдарына қосылды. Дегенмен, зардап шеккен тараптың ресми өкілдерінің позициясы өзгерген жоқ. Олар соттан Малика Мұхитоваға қатысты үкімді өзгеріссіз қалдыруды сұрады. Бұл позицияны мемлекеттік айыптаушы да қолдады.

Сотталушы Малика Мұхитова марқұмның ата-анасынан тағы бір мәрте кешірім сұрап, Олжас Сүлейменовке алғысын білдірді.

Апелляциялық соттың төртінші отырысы 14 қаңтарда өтеді.

Жол апаты осы жылдың 22 маусымында Астанадағы Мәңгілік ел – Керей Жәнібек хандар көшелерінің қиылысында болды. Белгілі ақын, жазушы Олжас Сүлейменовтің жиені мотоцикл жүргізіп келе жатқан. 27 жастағы Ескендір Сүлейменовтің мотоциклі Hyundai жеңіл көлігімен соқтығысады. Көлік рөлінде Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қайрат Мұхитовтің қызы Малика Мұхитова отырған. 29 жастағы қыз солға бұрылу кезінде мотоциклшіге жол бермей, салдарынан жас жігіт оқиға орнында көз жұмды.

Малика Мұхитоваға ҚР Қылмыстық кодексі 345-бабы 3-тармағы бойынша (Жол қозғалысы немесе көлікті пайдалану ережелерінің бұзылуынан абайсызда адам өліміне әкеп соққан әрекет) айып тағылды.

Сотта сөйлеген соңғы сөзінде Малика Мұхитова Ескендір Сүлейменовтің ата-анасынан тағы бір мәрте кешірім сұрап, бас бостандығынан айырмауды өтініп жылап жіберді.

Сот үкімімен айыпталушы кінəлі деп танылып, қауіпсіздігі төмен қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде (қоныс колониясы — Sputnik) жазасын өтеумен екі жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ бес жыл көлік тізгіндеуге тыйым салынды. Маликаның туысқандары сот үкіміне шағым түсірді.

20 желтоқсан күні отандық БАҚ-қа берген сұқбатында Олжас Сүлейменов отбасының үлкені ретінде өзіне жауапкершілік ала отырып, Маликаны бас бостандығынан айырмауды сұрады. Алайда 26 желтоқсанда Астана сотында Малика Мұхитованың апелляциялық шағымын қарау кезінде ақынның жаңа хаты оқылды. Бұл хатында ақын марқұм Ескендір Сүлейменовтің ата-анасына бұрынғы хатты (Малика Мұхитованың жазасын жеңілдетуді сұрап жазған хаты) көрсетпегеніне өкінгені туралы жазған.

Сүлейменовтің айтуынша, бұл жазба жақындарының арасында үлкен резонанс тудырған. Жазушы Мұхитованың туыстары бірнеше мәрте кешірім беруді өтінгендіктен, бұл әрекетке жанашырлықтан барып отырғанын айтқан.

"Хатты жібермес бұрын оны қызым мен Сергейге көрсетіп, ақылдасып алуым керек болатын. Бұл менің қателігім", — деген еді Олжас Сүлейменов.

Ол өзінің айтқандары Ескендірдің ата-анасының позициясын білдірмейтінін атап өтті.

Ал марқұмның анасы Ләйлә Сүлейменова мен әкесі Сергей Хан соттан кесілген жазаны сол күйінде қалдыруды сұрады.
Просмотров материала: 1 835

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 191 536 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 191 093 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 190 641 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 190 685 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 191 027 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 137 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 248 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 525 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 889 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 010 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 445 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 337 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 542 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 358 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 191 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 543 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 434 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 124 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 529 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 288 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 235 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 910 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 197 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 131 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 630 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 323 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 954 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 218 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 585 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 972 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 918 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 997 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 955 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 169 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 320 Просмотров





Опрос


«    Март 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031