11 апреля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Астанадағы көпқабатты үйлердің 90 пайызында газ қондырғылары талапқа сай емес

10 январь 2019, 10:37
Астанадағы көпқабатты үйлердің 90 пайызында газ қондырғылары талапқа сай емес


Ресейдің Магнитогорск қаласындағы тұрғын үйде болған газ жарылысынан кейін өре түрегеліп, бас қаладағы газ құбырларына жаппай тексеріс жүргізген мамандар осындай байламға келіп отыр.

Бірдеңе жарылмаса немесе өртенбесе орнынан қозғалмайтын жауаптылардың жорығы кезінде барлығынан дерлік көгілдір отынның өткір иісі мүңкіп тұрғаны белгілі болды. Ал, табиғи газ келсе жағдай қаншалықты реттеледі? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.


Қаланың оң жағалауындағы әбден ескірген үйлердің біразын тексеріп шыққан мамандар газдың көбісі далаға шығып тұрғанын айтады. Себебі, құбырлардың көпшілігі ескірген. Астананың үскірік аязына шыдамай, шірігендерін алға тартады.

«Біз тексеру жүргізіп көптеген олқылықтарды анықтадық. Мәселен, мына құрылғы арқылы далада тұрған газ трубаларын зерттей келе, аппарат сұйық отынның сыртқа қарай шығып жатқанын көрсетті. Бұл жақсы емес. Газ ауаға тарап кететіндіктен мұндай жағдайда жарылыс болмауы мүмкін. Бірақ жаман айтпай, жақсы жоқ. Апат айтып келмейді» - дейді тәуелсіз газ қауымдастығының төрағасы Федор Мардвинкин.

Ал, жалпы газға жауаптылар биыл мәселе толық шешіледі деген уәде беруден ары аса алмады. 2019 жылдың бас жоспарында қаладағы 800 метр құбырды жөндеу көзделген екен. Бұл жыртыққа жамау болмайтыны бесенеден белгілі.

«Орталықтандырылған газ жүйесі бойынша 2018 жылы негізі 97 жылдан бері біздің орталықтандырылған газ жүйесі ТОО «Астана газ қызметі»жекенің меншігіне берілген, она продано. Жыл сайын өздерінің антимонопольный комитетпен утвержденный инвестиционный программасы бойынша олар техникалық куәландырулар, техникалық диагностикалар және алдыңғы жылы 600 метр газопровод ауыстырылды жер асты. Үйге кіреберіс 10 газопровод ауыстырылды» - дейді қалалық газ инспекциясының жетекшісі Мақсат Абылов.

Күнібұрын жаппай тексеріс болған тұрғын үйге бізде ат басын бұрдық. Газ сақтайтын құрылғылардың көпшілігі, мамандар айтқандай ескірген. Айналасынан сұйық отынның иісі бірден байқалады. Ал, жергілікті тұрғындар оған әбден үйреніп кеткендерін айтады.

Бұл Астананың оң жағалауындағы пайдалануға берілгеніне жарты ғасырдан астам уақыт өткен тұрғын үйлердің ауласындағы сұйық отынға толтырылған қойма. Бұл газ сақтайтын құрылғылар айналадағы төрт бірдей үйге қызмет көрсетіп келеді. Көріп тұрғанымыздай қоршауында қауіпсіздік талаптарын сақтау жөнінде бірде-бір жазу жоқ. Ал, айналасында жыл он екі ай бойы жағымсыз иіс шығып тұратынынан әбден шаршаған тұрғындар шағымын айтып бармаған жер, баспаған тауы қалмағанын айтады.

"Аш пәледен қаш пәле" демекші, қазір тұрғындардың көбі электрлі пештерге көшіп алған. Жарылыс қаупі туындайды деп қорықпайтындарын алға тартады. Алайда электр қуатына қаржының басым бөлігі кетеді екен. Бірақ, газға қарағанда тиімді көрінеді.

«Мына газ сақтайтын құрылғыдан шығатын жағымсыз иістен әбден мезі болдық. Осылай жыл он екі ай мүңкіп тұрады. Балаларымызға алаңдаймыз. Кейде басымыз айналады. Газды пайдаланғанымыз үшін ай сайын қаржы төлеп отырмыз. Соған сай қызмет көрсету керек қой. Сұйық отын келіп тұрған трубалар әбден ескірген. Қашан ауыстырғанын ұмытып та қалдым» - дейді қала тұрғыны Лариса Рейнер.

Астананың ескі бөлігінде орналасқан бұл үйлерде жалғызбасты зейнет жасындағы кісілер көптеп тұрады. Тіпті, соғыс ардегерлерін де кезіктірдік. Олардың шағымдана шағымдана, жергілікті әкімдіктен көңілдері қалған секілді. Тіпті, ішер асын өздері әзірлейтін қарияларға ілуде бір қонақ келгенде үйден газдың иісі шығып тұрғанын айтады екен. Өзіміз иіс сезбейміз дейді.

«Бұл газ тұратын қойма айналадағы біраз үйді отынмен қамтамасыз етіп отыр. Бір кездері бұны ауыстырмақшы болған. Біз аула кішкентай болғандықтан мен қарсы болдым. Сұйықтық сақтайтын жер әбден ескірген ауыстыру қажет. Шығатын иісті айтудың өзі артық. Демалу мүмкін емес» - дейді қала тұрғыны Михаил Кочетков.

Жергілікті әкімдік іске білек сыбана кіріскен сыңайлы. Осы айдың өзінде қаладағы мыңнан астам үй толыққанды тексерістен өтпек. Олқылықтар анықталып, зерделеніп тиісті шаралар қолданылмақ. Ал, тұрғындар болса құбырлардың жағдайы одан әрі түзелмесе, табиғи газ келгенде не істейміз деумен күн кешіп отыр.


Просмотров материала: 1 090

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 194 977 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 194 571 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 194 081 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 194 138 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 194 488 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 351 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 444 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 737 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 190 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 294 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 628 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 467 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 582 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 392 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 231 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 713 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 475 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 166 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 566 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 341 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 267 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 102 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 947 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 247 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 166 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 669 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 478 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 998 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 253 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 629 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 006 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 949 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 036 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 000 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 203 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 360 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930