20 июня 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Елімізде 61 бала бүйрекке, 21 бала бауырға мұқтаж

27 декабрь 2018, 15:15
Елімізде 61 бала бүйрекке, 21 бала бауырға мұқтаж
Ұлттық ғылыми ана мен бала денсаулығы орталығы басшысының орынбасары Венера Алтынова Қазақстанда қанша бала ағза ауыстыруға мұқтаж екенін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің орталықта 2012 жылдан бастап ағза ауыстыру, ақ қан ауруы кездескенде жілік майын ауыстыру оталары жасалып келеді. Қазақстанда бүгінгі таңда, өкінішке қарай, бүйрекке 61 бала, бауырға 21 бала мұқтаж. Донор бауырды күткен балалар өте кішкентай. Мәселен, біздің орталықтағы бауыр трансплантациясы бөліміндегі жасы ең кішкентай бала 6 айлық. Енді біз ол бала бір жарым жасқа толғанша бауыр тауып, ауыстыруымыз керек. Өйткені, ары қарай кешігіп қаламыз», - дейді Венера Алтынова.

Оның айтуына қарағанда, осындай күрделі жайға тап болған балаларға бүгінгі таңда бауыры немесе бүйрегін тек туысқандары ғана беретін көрінеді. «Бүйректі біз тірі донорлардан және ми өліміне шалдыққан адамдардан аламыз. Бір мәйіттен 7 органды алып, 7 науқасқа мүше ауыстыру отасын жасауға болады. Орган алынатын тірі донор (ата-анасы немесе туысқандары) немесе қайтыс болған адамның жасы 58-ден асып кетпеуі керек. Мәйіттен біз бауырды ала алмаймыз», - дейді ол.

Венера Алтынова өз сөзінде атап өткендей, орталықта бүйрек трансплантациясы 6 жыл, жілік майы трансплантациясы 6 жыл, бауыр трансплантациясы 4 жылдан бері жасалып келеді. «Ересектерге қарағанда балалардың жайы жеңілдеу. Себебі, балаларға көбінесе әке-шешелері немесе туысқандары донор болып келеді. Былтырдан бері мәйіттен алынатын ағзалардың трансплантациясы азайды. Мұның себебі көп. Бізде заң бойынша, қайтыс болған адамның денесінен белгілі бір ағзасын ешкімнен рұқсат сұрамай-ақ алуға қақымыз бар. Алайда біздің халықтың көзқарасы бұған қайшы десе де болады. Есіңізде болса, былтыр бір науқастан ағза алып, соңы дау-дамайға айналып кетті», - дейді Венера Алтынова.

Орталық басшысының орынбасарының айтуына қарағанда, Түркияда Мехмет Хаберал деген атақты трансплантолог бар. Венера Алтынова сол маманнан «Түркия транплантация жасау жағынан үшінші орында тұр. Бұған қалай қол жеткіздіңіздер?» деп сұрағанын айтады. «Түркияда трансплантация үшін ағзаның 50 пайызы тірі донордан, 50 пайызы қайтыс болған адамнан алынады екен. Мехмет Хабералдың айтуынша, Түркияда трансплантация туралы ақпарат құралдарында апта сайын мәлімет таратылып отырады екен. Ал бізде Қазақстанда бұл мәселе жиі айтыла бермейді», - дейді ол.

Венера Алтынова жыл сайын бүйрекке мұқтаж балалардың қатары 14-18-ге көбейіп отыратынын айтады. Алайда ондай балалардың кейбірінің әке-шешесінің жоқ болуы немесе қан тобының сәйкес келмеуі, ата-анасының денсаулығының болмауы, донордың табылмауы жағдайды қиындата түседі.

«Сондай жағдайларда мәйіттен ағза ала алсақ, балаларға жақсы мүмкіндік туар еді. Донор болмағандықтан, көп балалар қайтыс болып кетеді. Ал бізде оталардың басым көпшілігі сәтті - баланың да, транспланттың да аман қалу көрсеткіші 98 пайыз. Өз көрсеткіштерімізді өзге елдермен салыстырып көргенде Еуропадағы барлық елдермен деңгейіміз бірдей екені анықталды», - дейді Венера Алтынова.
Просмотров материала: 1 425

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 205 161 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 204 798 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 204 287 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 204 349 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 204 712 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 920 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 976 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 283 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 914 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 990 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 174 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 669 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 702 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 459 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 318 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 050 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 556 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 263 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 664 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 478 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 342 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 177 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 036 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 359 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 257 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 741 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 831 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 092 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 327 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 706 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 076 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 018 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 145 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 089 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 294 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 450 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930