14 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Алик Шпекбаев артық жұмыс істейтіндерге Стив Жобстың ақылын айтты

19 декабрь 2018, 13:08
Алик Шпекбаев артық жұмыс істейтіндерге Стив Жобстың ақылын айтты
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мемлекеттік қызметшілердің негізсіз артық жұмыс істеуіне қатысты пікір білдірді.

"Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы мемлекеттік қызметшілердің негізсіз артық жұмыс істеуін болдырмау туралы айқын нұсқау берді. Маңызды зерттеулердің барлығы үздіксіз шамадан тыс жүктемелердің тек ғана еңбек өнімділігін төмендетіндігі туралы куәландырады. Атап айтқанда, америкалық зерттеулердің деректері бойынша, 8 сағаттық жұмыс күнінің соңына қарай қателіктер саны орта есеппен 10%-ға өссе, 10 сағаттық жұмыс күнінің соңына қарай бұл көрсеткіш, шамамен, 30%-ды құрайды" - деді ол.

Сонымен қатар, Алик Шпекбаев екі айда артық жұмыс істеуге жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін айтты.

"Біз әзірге мемлекеттік қызметшілердің 8 сағат және 5 күн форматындағы жұмысының ұтымды режимі үшін күш жұмсап жатқан уақытта, бірқатар алдыңғы қатарлы компанияларда 6 сағаттық жұмыс күні енгізілген, ал жұма – қашықтан жұмыс істеу күні болып табылады. Біз 2 ай ішінде барлық мемлекеттік аппаратта артық жұмыс істеудің жол берілмеуіне қатысты ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргіздік" - дейді агенттік басшысы.

Оның айтуына қарағанда, көбінде министрліктер артық жұмыс істеуге жол береді.

"Өткен апта бойы азаматтық қоғам және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен бірлесіп, барлық орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктерде графиктің сақталуына көшпелі мониторинг өткіздік. Нәтижесінде 113 заң бұзушылықты анықтадық. «Көшбасшылар» қатарында – Ұлттық экономика министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Білім және ғылым министрлігі, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Алматы облыстарының әкімдіктері бар" - дейді Алик Шпекбаев.

Агенттік төрағасы бұл меморгандардың не себепті артық жұмыс істейтіні анықталып жатқанын айтты.

"Осы тұрғыдан келесі сұрақ туындайды: осы мемлекеттік органдар проблеманың маңыздылығын түсінбеді ме не Президенттің тікелей тапсырмасын қасақана елемей отыр ма? Біз еңбек заңнамасын бұзушыларға қатысты шаралар қабылдау үшін, мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының атына ұсынымхаттар жолдадық. Жүйелі сипат алған заң бұзушылықтар бойынша мемлекеттік органдар басшыларының әкімшілік жауапкершілігін тексеру және қарау үшін еңбек инспекциясына материалдар жолданды" - дейді ол.

Оның айтуынша, жұмыстан тыс, артық жұмыс істеу әкімшілік шығындардың өсуіне жол береді.

"Қызметшілердің сағат 18:30-дан кейін жұмыс орындарында жаппай болуы тағы да бір проблема – әкімшілік шығыстардың өсуіне әкеп соқтырады. Агенттікте де артық жұмыс істеу проблемасы орын алды. Алайда, біз оны тез арада шештік. Бірнеше тексерулер жүргіздік, нәтижесі бойынша кінәлі деп танылған қызметкерлерді және олардың тікелей басшыларын үстемеақыдан айырдық. Нәтижесінде, әріптестерім жұмыстарын уақтылы аяқтайтын болды және оларға жұмыстарын тиімді және нәтижелі орындау үшін 8 сағат әбден жеткілікті. Осы тұрғыдан, Стив Джобстың сөзін келтіргім келіп отыр: «тәулігіне 12 сағат емес, керісінше, баспен жұмыс істеу керек». Бұл мемлекеттік қызметтегі жұмысы тиімсіз әрі ұтымсыз тыным таппайтындар үшін орынды айтылған кеңес" - дейді ол.



Дереккөз: Baq.kz

Просмотров материала: 1 642

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 222 195 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 221 887 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 221 383 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 221 418 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 221 793 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 825 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 859 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 191 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 870 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 900 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 109 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 875 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 008 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 640 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 518 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 536 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 757 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 511 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 911 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 703 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 517 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 362 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 204 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 574 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 448 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 940 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 368 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 267 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 506 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 900 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 243 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 191 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 337 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 266 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 508 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 642 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031