10 мая 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Мектептерде "Өлкетану" пәні оқытылады

Мектептерде "Өлкетану" пәні оқытылады
Солтүстік Қазақстан мектептерінде үшінші тоқсаннан бастап «Өлкетану» пәні оқытыла бастайды. Сабақ барысында оқушыларға қасиетті Қызылжар өңірінің киелі жерлері, даңқты тұлғалары, көркем табиғаты жайында мол мағлұмат берілмек. Петропавл қаласындағы Оқушылар сарайында аталған пәнді оқытуға арналған «Өлкетану» оқулығының таныстырылымы өтіп, кітап авторларымен кездесу ұйымдастырылды.


Әрбір өңірдің өрендері мектеп қабырғасында өз туған өлкесін танып білуі керек. Сондықтан да облыстарда оқытылатын оқулық та әртүрлі. М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің проректоры, тарих ғылымдарының докторы Ақмарал Ибраева, Қазақстанның құрметті азаматы, профессор Зарқын Тайшыбай және Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Сәуле Мәлікова бірігіп жазған «Өлкетану» оқулығы келер жылдан бастап, 5-7 сыныптарда білім алып жүрген 14 мың шәкіртке оқытыла бастайды.

«Біз үшін бұл жұмысты жауапкершілікпен атқарып шықтық. «Өлкетану» деген атаудың өзі қасиетті. «Отан», «Туған жер» деген ұғымдарды өскелең ұрпақтың санасына жеткізуді мақсат тұттық», - дейді оқулық авторларының бірі Зарқын Тайшыбай.

Жаңартылған мазмұн бойынша оқитын мектептерге арналған оқулықта «Қазақстан тарихы», «Қазақ әдебиеті», «География», «Музыка» пәндеріне қосымша терең білім алуға қажетті мағлұматтар топтастырылған, сондай-ақ балалардың зерттеу дағдыларын дамытуға арналған түрлі тапсырмалар ұсынылған. Авторлардың айтуынша, оқулық балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты жеңіл жазылған, суретермен көркемделген. Тақырыптар жиырма сағатқа шақталған.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында «Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің тарихын оқудан көрініс тапса игі. Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс», – деген болатын. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін еліміздің орта білім беру жүйесіне жаңа пән енгізілуде. Оқулықта облысымыздың белгілі тұлғалары мен тарихи орындары жайында мәлімет топтастырылған», - дейді облыстық білім басқармасының басшысы Гүлмира Кәрімова.

Кездесуге келген ұстаздар оқулыққа байланысты өз пікірлерін ортаға салды. Онда жазылған мәліметтерді оқушылар естерінде жақсы сақтауы үшін Қызылжардың көркем жерлеріне саяхаттар ұйымдастыруды жалғастыру қажеттігі де сөз болды. Бұл тұрғыда әл-Фараби мектеп лицейінің тәжірибесі көпшілікке ұнады. Оқушылар апта бойы ауыл-аймақты, қасиетті жерлерді аралап, халқымыздың әдет-ғұрып, салт-дәстүрімен танысып қайтқан.


Дереккөзі:Baq.kz

Просмотров материала: 2 122

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 199 245 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 198 856 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 198 357 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 198 405 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 198 776 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 599 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 669 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 974 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 544 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 632 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 846 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 586 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 633 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 418 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 271 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 785 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 511 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 204 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 602 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 404 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 300 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 131 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 982 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 291 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 202 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 698 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 560 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 047 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 284 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 663 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 040 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 977 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 088 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 044 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 241 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 392 Просмотров





Опрос


«    Май 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031