22 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Газеттерге мұғалімдерді неге күштеп жаздырады?

14 декабрь 2018, 10:51
Газеттерге мұғалімдерді неге күштеп жаздырады?


Газеттер интернеттегі ақпаратты көшіріп басады. Мұндай басылымдарға мұғалімдерді неге күштеп жаздырады? Өңірлердегі көрермендер біздің арнаға осындай мәселемен хабарласты. Алайда, Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев баспасөздің қажеттігін айтып, шетелдіктердің зерттеуімен елді жұбатуда. Ал мерзімді басылымды басқарып отырған медиаходинг басшылары не дейді бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Ұстаздар үшін жазғы каникулдың алдында және жаңа жыл қарсаңында басталатын бір науқан бар. Мерзімді басылымға жазылу. Басқасы басқа, әсіресе мемлекеттік саясатты ұстанатын республикалық, облыстық және аудандық газетті алуы тиіс. Үйінде мұғалімі бар кез-келген отбасының мұңы бұл.

«Ұстаздарға, дәрігерлерге план беріледі екен. Сол бойынша пәленбай газет жазылу керек дейді. Оны өзімнің әйелімнен білемін. Өйткені ол мұғалім болып істейді. Әр адам өзінің сүйіп оқитын газетіне жазыла алмайды. Керегі жоқ газеттерге жазылдырады» - дейді Қызылорда қаласының тұрғыны Ғани Әлиев.

Ғани Әлиевтің қынжылтатыны, газеттердің ішкі мазмұны. Айлап, апталап ауыл-аймаққа жеткен оның ішінде жазылған ақпарат ескіріп кетеді. Әлде бір компанияның табысы үшін неге бюджеттік мекемелердің қызметкерлері шығындануы керек, дейді.

«Мұғалімдердің қазіргі таңда бұл газетті оқитын уақыты да жоқ. 12 сағат жұмыста. Жазылып жатқан ақпараттардың бәрі электронды түрде бар. Мына газеттердің көбі халыққа керек жоқ. Бүкіл электронныйда тұрған жаңалықты көшіріп басады. Оның халыққа қандай қажеттілігі бар» - дейді Қызылорда қаласының тұрғыны Ғани Әлиев.

Соңғы жылдары ел ішінде газетке күштеп, мәжбүрлеп жаздырады деген әңгіме жиі айтыла бастады. Бірақ биылдан бастап тоқтатылыпты. Өңірлерде әкімдіктер бұған араласпаймыз деп азар да безер болып жатқан көрінеді.

«Әкімшілік тарапынан бізге биылдан бастап газетті күштеп жаздыруға араласпаймыз, өздеріңнің күндеріңді өздерің көріңдер, қандай әдіс тәсілмен болса да. Нарыққа бейімделіп оқырманды өздеріңіз тартыңыздар деген тапсырма алдық. Бір жағынан бұл стимул болды» - дейді «Жайық Пресс» ЖШС бас директоры Рауан Сәбитұлы.

Бір жағынан стимул, бір жағынан газеттер интернетпен, телеарнамен бәсекеге түсе ала ма? Мерзімді басылымға жаздырудың жыры Ақпарат министріне де жетіпті. Абаев мырза да мәжбүрлеп жаздыруды қолдамаймын, дейді. Бірақ газеттің қажеттігін Гарвард ғалымдарының зерттеуімен түсіндірді.

«Это гарвардское иследование. Онлайин статью считают быстро, газетный материал считают десят раз дольше. Өздеріңізде білесіздер, онлайнда басын ғана оқисыздар да, парақтап кетесіздер. Газетте оқығанда астын сызып оқиды. Олар енді жаңалық жазып отыра алмайды. Өздерінің НИШ-терін табу керек» - дейді ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев.

Газеттер ақпараттық сайттармен бәсекеге түсу үшін ұсынатын материалдың мазмұнын өзгерту қажет. Әзірге, басылымдардағы тақырыптардың сиқы осы. «Орнықты дамудың бағдары» деген тақырыппен оқырман тарту, электрондық ақпарат құралымен жарысу ақылға сыймайды.

«Қазіргі кезде газеттердің мемлекеттен қаржыланатыны себебі, сол мемлекеттің саясатын насихаттаймыз деп, екіншіден ұқсас өте бір-біріне. Газеттерді алып көрсеңіз, подача дейді орысша айтқанда, берілуі, мазмұны бәрі бір-бірін қайталайды. Соны біз жаңағыдай, міндеттеу бар, ақпарат министрлігі жағында жүргенде біраз көргенім, осы газеттерге шығаруды міндеттейді, Президенттің жолдауы болсын, мақаласы болсын, соған қатысты» - дейді журналист Төлен Тілеубай.

Ғаламтордан газеттерге жазылудың бағасын да қарап көрдік. Танымал басылымдарды алайық. Мысалы, «Айқын» газетіне бір ауыл тұрғыны бір жылға жазылу үшін 10 мың теңге, ал «Егемен Қазақстанға» жазылу 9 600 теңге төлейді. Мұның сыртында осы екі газеттің орысшасы, облыстық және аудандық газеттер бар. Ауылдағы бюджеттік мекеме қызметкерінің қалтасына салмақ салатыны жасырын емес.

2018 жылғы ауыл-аймақтағы газетке жазылу бағасы:

«Айқын»:

1 айға - 861 теңге
6 айға - 5171теңге
1 жылға - 10342 теңге

«Егемен Қазақстан»:

1 айға - 800 теңге
6 айға - 4800 теңге
1 жылға - 9601 теңге

«Қазіргі толассыз ақпарат заманында интернет қазіргі оқиғаны лезде жеткізіп отырады. Газет бұл жағынан шабандау. Сондықтан сараптамалық материалға көңіл бөлінеді. Интернеттегі ұшпа, жылт еткен жаңалықтардың барлығы бәрібір кешенді түрде сауатты сапалы контент ұсына алмайды деп ойлаймын» - дейді «Жайық Пресс» ЖШС бас директоры Рауан Сәбитұлы.

Бұрын ескірген газеттерді терезе жабуға, қол сүртуге, басқа да тұрмыстық қажеттіліктерге жарататын. Қазір газ келмеген аймақтар отқа жағады, қалғаны қайда жіберіп жатыр? Беймәлім. Ал газет шығаруға қажетті қағаз бен бояуды шетелден тасимыз.
Просмотров материала: 3 420

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 174 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 006 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 647 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 672 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 122 979 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 469 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 648 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 715 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 901 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 048 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 427 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 319 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 648 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 352 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 454 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 652 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 319 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 666 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 268 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 111 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 290 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 822 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 166 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 363 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 691 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 116 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 129 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 174 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 097 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 482 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930