23 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Елдің төрінде емес, пештің түбінде отырғандаймыз

12 декабрь 2018, 17:09
Елдің төрінде емес, пештің түбінде отырғандаймыз
«Елдің төрінде емес, пештің түбінде отырғандаймыз», «Астана қаласы әкімдігін сотқа берсем, жеңіп шыға алар ма екем?», «Тұншығып жатыр Астана, көрпедей жапты көк түтін», «Алғашқы күндері Астанада қалың тұман екен деп ойладым, сөйтсем пештен шыққан қара түтін екен»… Бұл – газбен толық қамтылмаған бас қала тұрғындарының көмір тұтынудан туған жағымсыз иіс пен кеудені ашытатын қолаңса түтінге әлеуметтік желіде жазған шағымдарының бір бөлігі ғана. Көгілдір отынмен қамтылмаған Астанада жылына жекеменшік сектордағы үйлер 400 мың тонна, 2 жылу электр стансасы 3 млн тонна көмір жағады. Астанаға газ келетіні туралы сүйінші хабар «Сарыарқа» газ құбыры магистралінің құрылысы жө­нін­­дегі жаңалықтан басталды.

Қызы­лорда-Жезқазған-Қарағанды-Теміртау-Астана бағытында тартылатын құбыр еліміздің орталық және солтүстік өңірлерін табиғи газбен қамтамасыз етуі керек. Энергетика вице-министрі Мағ­зұм Мырзағалиевтің айтуынша, 2021 жылға қарай Ақмола және Қара­ғанды облыстары мен Астана қаласының 140 мыңға жуық тұрғыны көгілдір отынға қол жеткізеді.

Сарыарқа магистра­­лінің бойындағы 171 елдімекен табиғи газбен кезең-кезеңімен қамтама­сыз етіледі. Қазір аталған өңірлерде газ тарату желі­лері­нің жобалау-сметалық жұмыстары жүргі­зі­ліп жатыр. Ал магис­траль жұмы­сы­на жауапты компа­ния «Астана газ» АҚ деп белгіленген. Вице-министр Астанада газ бағасы текше метрі үшін 47-50 теңге аралығында тұрақтайтынын ескертіп, оңтүстікте 33-35 теңге тұратын көгілдір отынның салыстырмалы түрде жоғары бағасы халықтың газ кіргізуден бас тартуына себеп болмайды деген пікір білдірді.

Вице-министр бұл ойды елі­мізде жүргізілген газдандыру тәжіри­бе­сіне сүйеніп айтып отырғанын мәлім­деді. 2012 жылдан бері Астанада байқалған қалың тұман ара-тұра негізгі ақпаратқа арқау болып, елді алаңдатып тұрады. Бір апта бұрын кезекті «қамығу толқыны» көп пікірге қозғау салып, вице-министр Мағзұм Мырзағалиевпен өткен баспасөз конференциясындағы сұрақтар да бас қаланың экологиялық ахуалын айналып өтпеді. Вице-министр газдандыру жоба­сы аяқталғаннан кейін жылу электр стан­саларындағы көмір тұтыну 651 мың тоннаға қысқаратынын айтты.

Одан бөлек, 400 мың тонна көмір пайдала­на­тын жеке сектор көгілдір отынға көшсе, 2030 жылға қарай атмосфераға бөлінетін зиянды қалдықтар көлемі жылына 60-70 мың тоннаға төмендеуі керек. Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, Астананы газдандыру жобасы толық аяқ­тал­ғаннан кейін де, жылу электр стан­­саларында көмір жағу тоқта­май­ды. «Өйткені жылыту қазандықтары газға көшкенімен, электр қуатының өндірісі үшін қара отынның көмегіне жүгінуге мәжбүрміз. Қазір ең арзан энер­гетикалық отын саналатын көмірді айналымнан шығаратын балама жолдар жоқ. Сондықтан электр энергиясы бағасы­ның шарықтап кетпеуі үшін, оның өндірісін көмірмен байланысты­руды жалғастыра береміз» деді ол.

Астана қаласының отын-энерге­ти­калық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ербол Төлеуов жылу электр стансалары­на электр фильтрлерін сатып алу жобасы қолға алынғанын айтып, қазір ұсыныс­тың тиімділігі арнаулы комиссия қара­уы­на берілген деді. «Қазақстанның экологиялық қоры» қоғамдық қорының төрағасы Мұсағали Дуанбеков Астанадағы ауа тұрғындар арасында бірқатар аурулардың кездесу жиі­­лігін арттырғанын, ал әкімдік бұл тура­­лы сөз қозғағысы келмейтінін айтады. – Соңғы уақытта жиі талқы­лауға түскен тұман мен ауаның ластануы үлкен жаңалық емес.

Елорда соңғы екі жыл бойы лас қалалар санатына кіреді. Қышқыл иіс пен тұманды қаланың бар­лық тұрғыны көріп, сезініп жүр. Ауаның ластануымен тыныс алу жолда­ры, жүрек қан-тамыр, тері аурулары жиі тіркелетін болды. Жергілікті әкімдік бұл туралы әңгіме қозғағанды ұнатпайды. Өйткені таяқтың бір ұшы әкімдікке қарайтын қалалық жылу электр стансасына тиеді. Эколог маман министрлік өкілінің газдандыру жобасы ауаның ластануын азайтуға оң әсер етеді деген мәлімде­ме­сімен келіседі және жылу электр стан­саларында көмір тұтынуды жалға­с­ты­ра отырып, қоршаған ортаны қорғап қалудың амалын табуға болады дейді.

– Астанадағы тұманның негізгі фак­торы – ЖЭС пен сапасыз көмір пайдала­на­тын жеке сектор. Сондықтан осы нысан­дарды көгілдір отынға ауысты­рып, көліктерді де газға көшір­сек, ауа­ның ластану мәселесі шешімін табар еді. Табиғи фактордың да рөлі бар. Қазги­дрометтің мәліметін­ше, соңғы 15 жыл­да желдің жиілігі 20 пайызға төмен­де­ген. Желсіз күндері лас ауа қала үстінде қалады. Бұл тұста ауа ағынын қозғап, алып кететін жел құрылғыларын орнату туралы ойлануға болады. Еуропа­ның бірқатар мемлекеттері көмір қолданы­сын сақтай отырып, ауаға бөлінетін зиянды қалдық көлемін қысқартып отыр.

Сапалы пеш, заманауи фильтрлер қалдықтың 98-99 пайызына дейін ұстап қалуға қабілетті. Біздің ЖЭС пен көмір­мен жұмыс істейтін компания­лардың бұл әдіске әлі көшпегеніне қарағанда, бұл біраз қаржыны қажет ететін сияқты. Астана – әлем елдерін шақырып, жасыл энергетика саласындағы үздік тәжірибелерді таныстырған қала.

EXPO халықаралық көрмесі аясында балама энергия көздеріне өтуді белсенді наси­хат­таған мемлекет пен оның астана­сы­ның көк түтіннен көз ашпай, көмір жағып отырғаны қай қырынан қараса да, ақталмайтын дүние. Ендеше бас қалаға газ құбырын әкелетін маман­дарға жобаны уақытында аяқтап, бір тиынын да мақсатсыз жұмсамайтын жауапкер­шілік, ал жергілікті әкімдікке халықтың денсаулығына алаңдап, ұтымды шешім іздейтін кәсібилік тілейміз.

Дереккөзі: Динара Тілеубек aikyn.kz

Просмотров материала: 1 276

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 297 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 129 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 770 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 794 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 102 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 476 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 653 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 720 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 909 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 054 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 433 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 321 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 649 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 353 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 455 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 653 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 319 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 667 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 268 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 113 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 291 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 822 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 167 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 364 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 692 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 116 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 130 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 174 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 097 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 482 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930