12 августа 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Жамбылда жазықсыздарға жала жапқан жеті полицей сотталды

Жамбыл облысы Байзақ аудандық сотында жазықсыз адамдарға жала жауып, өздерінің мүдделері үшін әдейі жалған дәлелдер келтіріп, қызмет бабын асыра пайдаланған жамбылдық жеті полицей – Байзақ аудандық ішкі істер бөлімінің тергеушісі Ерлан АРЗЫҚҰЛОВ, Жамбыл аудандық ІІБ есірткі бизнесіне қарсы бөлімінің басшысы Бекжан БАЙГЕЛДИЕВ, Жамбыл аудандық ІІБ есірткі бизнесіне қарсы жедел уәкілі Досжан ЖҰМАҒҰЛОВ, Жамбыл аудандық ІІБ есірткі бизнесіне қарсы аға жедел уәкілі Асадуллабек СОПАЕВ, Жамбыл аудандық ІІБ есірткі бизнесіне қарсы кіші жедел уәкілі Нұрсұлтан ТӘУІРҚҰЛОВ, Жамбыл облыстық ІІД-нің арнайы жедел реакция бөлімінің жауынгері Ерхан БАЙБУТАЕВ, Жамбыл облыстық ІІД-нің арнайы жедел реакция бөлімінің инспекторы Бақдәулет БЕКЗАТОВҚА қатысты сот үкімі шықты.

Өткен жылдың тамыз айында Байзақ ауданына қарасты құмды алқаптан полицейлер «аса ірі көлемдегі есірткі тасымалдаған екі азаматты қолға түсіргені» жайында ақпарат таратқан еді. Полицейлер «730 келі кептірілген марихуанамен қолға түсірдік» деген Е.Тамилов пен Р.Давлетвагин қызыл жағалылардың үстінен құзырлы орындарға арыз түсірген. Жазылған арыз бойынша полицейлердің ол екі азаматты заңсыз ұстағаны, ерекше ауыр қылмыс жасады деп 730 келі есірткі затын қолдан ұйымдастырғаны, арнайы құралдарды пайдаланып азаматтардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделеріне зиян келтіргені, жалған дәлелдер жинақтағаны, қысқаша айтқанда қызмет бабын асыра пайдаланғандары бойынша тексеру жүргізіліп, анықталған қылмыстар бойынша полицейлердің үстінен іс қозғалған.

Шілде айында басталған бұл іс бойынша бүгін Байзақ аудандық сотында үкім шығып, жазықсыз адамдарға жала жауып, жалған дәлелдер жинақтаған жеті полицейге 1 жылдан 3 жылға дейінгі аралықта шартты жаза тағайындалды. Сержанттан майорға дейінгі шендегі олар қызметінен қуылып, шендерінен айырылды. Сот шешімі күшіне енгенге дейін аталған полицейлердің бірінің Тараз қаласы Талас ықшам ауданындағы 4 үйдің 39 пәтері және қалғандарының автокөліктері кепілдік ретінде тәркіленіпті. Олардың алды «Chrysler Neon», «Lexus ES 300» секілді қымбат автокөлік тізгіндеп жүр екен.

Байзақ аудандық сотының төрағасы Ерғазы ТІЛЕУБЕКОВ сот отырысынан соң жеті полицейге қатысты неліктен мұндай жаза тағайындағанын айтып берді.

— Қылмыстық іс «Заңсыз адамды ұстау», «қылмыстық іс бойынша құжаттарды құрастыру», «құқықтық органның қызметкерлері өзіне берілген құзыретті асыра пайдалану» деген 3 құрам бойынша қаралды. Сот қылмыстық іс-құжаттарды зерделеп, сот отырыстарында дәйекті жіті баға беріп, оларды 2 құрам бойынша, 414 баптың 1 бөлігі және 416 баптың 6 бөлігі бойынша ақтады. Ал 362 баптың 2,3 тармақтары бойынша және сол баптың 1-ші бөлігімен қарады. Бұл қылмыстар санаты бойынша орта дәрежелі.

Сот олардың жеке бастарына қатысты мәліметтерінің жиынтығы, олардың бұрын сотты болмағаны, отбасыларының табыс көзі, асырауларында кәмелетке толмаған жасөспірім балалары бар екені ескеріліп, осы баппен бас бостандығынан айырмай, шартты жаза тағайындады, — деді.

Осылайша, екі азаматты қолдан қылмыскер жасауды көздеп, өз мүдделері үшін әдейі жалған дәлелдер келтіріп, қызмет бабын асыра пайдаланған жамбылдық жеті полицей шартты жазамен құтылмақ.

Дереккөзі: Жас Алаш
Просмотров материала: 1 877

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 212 890 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 212 563 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 212 055 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 212 093 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 212 467 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 332 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 363 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 678 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 328 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 402 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 589 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 750 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 833 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 524 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 401 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 245 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 635 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 367 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 769 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 573 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 405 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 250 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 109 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 451 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 335 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 813 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 054 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 164 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 402 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 785 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 146 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 082 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 218 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 157 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 377 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 529 Просмотров





Опрос


«    Август 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31