19 июня 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қарағандыда шенеуніктерді ғана емдейтін аурухана ашылды

Қарағандыда шенеуніктерді ғана емдейтін аурухана ашылды


Қарағандыда Қазақстан Республикасы Президент істері басқармасы ауруханасының үлгісі бойынша жасалған мемлекеттік қызметшілерге арналған емхана ашылды. Дәрігерлер мемлекеттік қызметшілерден бөлек, балалары мен олардың отбасы мүшелерін емдейтін болады. Аурухана жоғары технологиялық құрылғыларымен жабдықталған.

Мемлекет қызметшілердің жағдайын жақсартуды мақсат тұтып отыр. Қарағандыда бұл бағдарлама емхананың ашылуымен басталмақ. Бұл мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық жиналысы кезінде белгілі болды.

"Бастапқыда біз "жасыл дәліз" жасауды жөн көрген едік, бірақ шенеуніктің алыстан көрінетінін өздеріңіз жақсы білесіздер. Кезекте күтіп тұрғанын біреу көріп қалса, шу шығады. Бірден қоғам тарапынан көрсетілетін қысым пайда болады. Бұдан өзге бұл жетекшілер үшін де тиімді болып отыр. Кейін біз шипажайларға жолдама беру мәселелерін де қарастыратын боламыз. Жуырда бір адам "Барлығын шенеуніктер үшін жасап жатырсыздар. Қашан халық үшін жұмыс істейсіздер?" деп турасын айтты. Бір жақсы сөз бар. Егер шенеуніктер халықаралық стандарттарға сәйкес қажеттінің барлығымен қамтамасыз етілетін болса, олар параға жақын болмайды. Мысал ретінде Сингапур мен Малайзияны айта аламын. Ол жақта шенеуніктер керектінің барлығымен қамтылған. Осыдан кейін бұл мемлекеттерде жемқорлық көрсеткіші қысқарып, 6% болды", — деді мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының орынбасары Берік Ахметов.

Жобаны әріптестеріне Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Ержан Нұрлыбаев таныстырды.

"Бұл — меморандум шеңберіндегі денсаулық сақтау министрлігі мен мемлекеттік қызмет істері бірігіп жасаған жоба. Біз оны мемлекеттік-жекеменшік серіктестік арқасында жүзеге асырдық, бюджеттен ақша алған жоқпыз. Емхана қаланың ортасындағы Можай көшесінің бойында орналасқан. Жұмыс кестесі мемлекеттік қызметшілердің бос уақытын ескере отырып жасалды. Әйелдеріңіз бен ата-аналарыңызды емдейтін күндіз стационар жұмыс істейді. Ол жерде жалпы тәжірибесі бар бір дәрігер және балаларды қарайтын екі педиатр маман болады. Физикалық терапия және ультрадыбыс кабинеті бар. Кеңес беру бөлімінде 14 түрлі саладағы дәрігерлер отырады", — деді Нұрлыбаев.

Жүрек-қан тамырлары жүйесін емдеумен айналысатын жеке кабинет ашылған. Ержан Нұрлыбаевтың айтуынша, ол жерге заманауи ультрадыбыстық аппарат қойылған. Әзірге облыстағы басқа емханаларда мұндай диагностика жасау жүйесі жұмыс істемейді.

Емхана дәрігерлері биометриялық технологиялардың көмегімен мемлекеттік қызметшілердің денсаулығын алыстан бақылайтын болады. Арнайы жүйе қан қысымы, жүрек-қан тамырлары жүйесі мен қандағы қант мөлшері туралы ақпарат алады.

"Сондай-ақ, емханада дәріхана жұмыс істейді. Дәрілер алдын ала тапсырыспен әкелінеді. Қандай да бір дәрі қажет болса, оны қосымша әкеліп береді. Барлық анализдер мемлекеттік кепілдендірілген көмек шеңберінде тегін жүргізіледі", — деді денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Бұдан өзге емхана сенбі күні де жұмыс істейді. Ерлан Нұрлыбаев емхананың жұмыс уақыты мемлекеттік қызметшілер үшін барынша ыңғайлы етіп жасалатынын айтып сендірді.


Дереккөз: Sputnik Қазақстан
Просмотров материала: 2 165

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 204 992 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 204 630 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 204 120 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 204 180 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 204 544 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 911 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 966 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 273 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 904 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 980 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 165 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 668 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 698 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 457 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 317 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 996 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 554 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 261 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 662 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 476 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 341 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 175 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 034 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 356 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 255 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 741 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 781 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 091 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 325 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 703 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 075 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 018 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 143 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 089 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 292 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 448 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930