22 апреля 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қанша жерден Америкада туса да, оның тегі, тілі қазақ қой, - Анар Əбдіманапқызы

27 ноябрь 2018, 17:35
Қазақтардың баспаған тауы қалмаған шығар. "Сені де бір төбе деп кеп тұрмын ғой",- дегендей, жұмыс іздеп жиһан кезіп кеткен қазақ қаншама? Соның бірі - Анар Əбдіманапқызы. Ол да сол көпшілік сияқты күн көрістің қамымен мұхит асып кеткен қазақтың бір қызы. Анар Талдықорғанның тумасы. Төрт баланың анасы. Тараз қаласында теле-радио саласының барлық сатысынан өткен – журналист еді. Журналистиканы тастап, жай болса да, табысты жұмыс іздеп, АҚШ-тың төрінен бір-ақ шыққан жан. Қазір Нью-Йоркта өз бизнесін бастаған.

Онда тұрып жатқанына жеті жылға жуықтап қалды. ОлНью-Йоркте сүткенжесінің тұсау кесерін қазақи нақышта тойлап берді. Қонаққа əміркендер де келді. Олардың мұндайды алғаш көруі. Сонау АҚШ-та қазақтың дəстүрін дүркіреткен Анармен сұхбатымызды ұсынамыз.


- Анаржан, балаңның тұсаукесер тойына келген əміркендер доллардан шашу шашқаныңа қарап, қазақтар өте бай екен деп қалған шығар? Десе де сен жарадың! Екінің бірі өз дəстүрін өзгенің жерінде жаңғыртпайды. Қалай қабылдады?

- Тойға келіп, қазақтың дəстүрін көріп таң қалғаны рас, енді. Оларды мұндай тойға ешкім шақырмайды ғой. Тұсаукесер жақсы өтті. Олар үшін қызық болды. Американдықтар діні, тілі бөлек болғандықтан, ділі де бөлек болады. Өте мəдениетті адамдары. Əлбетте, əлдеқашан дамып кеткен өркениетті ел ғой.

Ешкімнің ешкімде шатағы жоқ, əркім өз бетінше жүреді. Бұларға бəрібір кім келсе де, жылы қабылдайды. Өздері қырық штаттан құралған мемлекет болғандықтан шығар, кім келіп, кім кетіп жатса да, жайбарақат қарайды. Қонақжай халық. Сені де, мені де сыйдырады.

- «Хочу в Америку» деп жүргеніме көп болды. Америка мен армандаған сайын алыстап бара ма, қайдам? Жарайды, мені қойшы! Сендер қалайсыңдар? Ол жақтағы қазақтардың қарым-қатынастары қалай, араласып-құраласып тұра ма, өзі? Қазақтар көп пе?

- Көп пе, аз ба, нақты санын білмеймін. Əсіресе, Нью-Йоркте көп. Біз тұрып жатқан Бруклинде де əжептеуір қазақтар бар. Күнде көрісіп тұрамыз деп айта алмаймын. Əлеуметтік желіде, вацапта қыздар, əйелдер, ерлер, достар, үлкендерге арнап ашқан топтарымыз бар. Сонда жазып, хат-лхабар алысып тұрамыз. Мысалы, біреу баласына күтуші, енді біреу үй, жұмыс іздесе, біреу-міреу əлдеқандай қиын жағдайларға тап болып қалса, топқа жазады. Мүмкіндігімізге қарай көмектесеміз.

«Қазақ қауымдастығы» сияқты тобымыз да бар. Бір-біріміздің жаңалықтарымызбен бөлісеміз, қуаныштарымызды айтамыз, туған күн немесе басқадай шара болса, міндетті түрде құттықтаймыз. Бірақ жыл сайын Наурыз мерекесін дəстүрлі түрде тойлаймыз. Кафе немесе мейрамханада бас қосып, атап өтеміз. Ұйымдастырушылар бар. Сондайда бір қауым қазақ боп бас қосып тұрамыз.

Ал, өзіме келетін болсақ, жақын араласатын ортам бар. Бəрі де отбасылы адамдар. Оларды баламның тұсаукесеріне шақырдым. Əли мен Гауһар деген ерлі-зайыптылар кесті, баламның тұсауын. Астанадан көшіп келген. Білімді, жақсы кісілер.

- Тұсаукесерді елге келіп өткізсең, онша қызық болмас еді. Əміркендердің елінде өткізгенің қазақилықты сақтағаның. Өз басым отансүйгіштігіңе риза болдым. Туған жерінде жүріп, ана тілін білмейтін қазақтар қаншама? Жат елде өсіп келе жатқан балаңа қандай тəрбие бересің? «Балаға қай тілде білім берсең, түбінде сол ұлтқа қызмет етеді» деген екен, Мұстафа Шоқай бабамыз.

- Тұсаукесер өзіміздің салтымыз ғой. Қанша жерден Америкада туса да, баламның тегі қазақ, діні, ділі қазақ, ұлты қазақ. Сондықтан тілінің де қазақша шыққанын қалаймын. Бөтен елде жүрсек те, баламның тұсауын қазақи дəстүрмен кескенін қаладым. Қазақстаннан керек заттардың бəрін алдырып, шамамыз жеткенше қазақи нақышта өткізуге тырыстық. Қазақтар көмектесті. Тойдың басы-қасында Гауһардың отбасы жүрді.

Осы кенжем өзіммен бірге осында болады. Оның осында өсіп-жетілгенін, орныққанын қалаймын. Қазақ екенін ұмытпаса екен деймін. Тілін, дінін сақтаса екен деймін. Мен онымен тек қана қазақша сөйлесемін. Қазір жастан асты, соның өзінде «мə», «ал», «бер» деп қазақша айтады. Қазақшылығымызды сақтаймыз.

- Шетке кеткендердің көбі көбінесе қара жұмысқа тартылады екен. Немен айналысады мигранттар?

- Жалпы келген мигранттар əртүрлі тірлікпен айналысады. Мейлі өз елінде жүргенде қандай білімді болса да, қай мамандықты игерген болса да, мұнда келген соң бəрін бəрібір нөлден бастайды. Əртүрлі кезеңдерден өтеді. Мысалы əйелдер түрлі салада, мейрамхана, кафе, дүкендерде сатушы, көмекші немесе еден жуушы, сол сияқты бала күтушісі боп еңбек етіп бастайды. Одан кейін тілдерін жетілдіріп алған соң, курстар оқып сертификат алып, басқа салаларға ауысып кетеді. Бірте-бірте үйренісіп кетеді.

Заңды жолмен келген, құжаттары дұрыс мигранттарға барлық жағдайлар жасалған. Осы елдің өз азаматтарына қандай жағдай жасалған болса, ресми келген мигранттарға да сондай жағдай жасалады. Ал, заңсыз келгендер мұнда тек қана тəуекелмен өмір сүреді. Бір тəуірі олардың жүрген-тұрғанын ертелі-кеш аңдымайды, көшеде тоқтатып құжаттарын да сұрамайды. Яки, титықтай бермейді.

Тек олардың көп нəрселерге құқылары болмайды. Құжаттары болмағандықтан мемлекет жасайтын жағдайларға қол жеткізе алмайды. Десе де, мұнда заңды немесе заңсыз келгендердің ешқайсысы жұмыссыз қалмайды. Бəріне жұмыс табылады.

- Еңбекақысы қалай бағаланады? Алдап кету, ақысын бермей қою деген нəрсе бар ма?

- Құдай сақтасын! Ондай нəрсе Америкада жоқ. Мұнда ешқашан кісі ақысыақталмай қалмайды.Себебітүрлі юниттар жұмыс істейді. Тіптіадамның құжаты болмаса да, оныңеңбекақысын ешкім жей алмайды. Labor Department (еңбекдепартаменті) - не шағымтүсетін болса, 10-20-100 есеге артық төлейді,төлемегенжұмыс беруші.Ол аз болса лицензиялары жабылады, тағытүрлі жазалар қолданылады. Сондықтан ондай жағдай кемде-кем.

- Бəсе, неге жұрттың бəрін Америкаға тартады да тұрады десем. Адамдарға нағыз капитал деп қарап, еңбегін есіркейтін ел болғандықтан екен ғой. Сенің кеткеніңе де біраз болды. Елге оралатын түрің байқалмайды. Қаласың ба, сонда?

-Мен де басында жұмыс істеймін деп келгем. Ары кетсе 2-3 жыл істеп, қайтам деген оймен келгенмін. Биыл алтыншы жылдан асып барады. Арасында елге барып-келіп жүрмін. Дəл қазіргі жағдайда осында болғаным дұрыс сияқты. Мұнда мүмкіндік көбірек.

Сен жақсы білесің. Екеуміз де Таразда телеарнада қызмет еттік. Ондағы айлық қазір үш жүз доллар болыпты. Төрт баламмен ол ақшаға қалай өмір сүрем деген қорқыныш қынжылтады.Салыстырмалы түрде қарасам, ол жақта өмір сүру қиындау болатын сияқты.Үлкендерім өсіп қалды. Есейе келе өздері шешер, қайда тұратынын. Егер осында келіп, оқимыз, өмір сүреміз десе, Американың есігі қашан да ашық қой. Жас кезде, күш-қуатым бар кезде, балаларыма жағдай жасағым келеді. Мүмкіндік барда неге жасамасқа?

- Дұрыс айтасың. Десе де елді сағынатын шығарсың?

- Қазақстанды қатты сағынамын. Балаларымды, туыстарымды сағынамын. Ондай сағыныш елден жырақта жүргендердің бірінде болады деп ойлаймын. Мен Қазақстанға мүлде оралмаймын дегем жоқ. Кім біледі, ертең не боларын?Кез-келген уақытта елге қайтуым мүмкін. Сондықтан осы жерде қалдым, тамырымды тереңге жайдым деп айта алмаймын.
- Қазақ көрсең, анаңды көргендей қуанатын шығарсың. Жат жерде бауырмал бола қалатын əдетіміз бар ғой. Сіз-біз, шыж-быждарың қалай? Қырғыздар бірін-бірі көріп қалса, жаяу жүргенін көлік мінгені үйіне тегін жеткізіп салады екен.

- Кейде көшеде қазақ қыздар байқап қалса, жүгіріп кеп амандасады. Қай жақтан екеніңді сұрайды. Түріңе қарап-ақ, қазақ екеніңді таниды. Бес саусақ бірдей емес қой. Бар, кейбіреулері қазақ екеніңді көріп тұрса да, көрмегендей боп өтіп кетеді.

Кейде орысша жауап береді. Ол енді мұнда келгенде ғана пайда бола қалған қасиет емес қой. Қазақстанда да сондаймыз ғой, бір-бірімізді танымасақ амандаспаймыз да емес пе? Ал, кейде өзбектерді кездестіріп қалсақ, олар қашанда құрақ-ұшып амандасады. «Бауырласпыз ғой» деп айтады. Сондықтан сыртқа шыққаның бəрі керемет бауырмал боп кетеді деп айта алмаймын. Ал, жалпы өзіміздің араласатын ортамызда қазақтардың сіз-бізі жақсы, сəлемі түзу.

- Немен айналысып жүрсің?

- Басында бала күтушісі болдым. Егіз сəбилерге қарадым. Қосымша тағы жұмыстар табылып, оны істедім. Қазір енді қазақи нақышта оюлармен өрнектеп көрпе-төсек, жастық тігіп сатуды бастадым. Оны өзімдің қазақтар алып жатыр. Жұмыс жетеді.

- Ет жеп тұрасыңдар ма?

- Иə. Менің тоңазытқышымнан ет үзілген емес. Жылқының еті, қазы-қартасы бəрі бар. Осында қазақ отбасы бар. Сол кісілердің шаруашылықтары бар, жылқы өсіретін. Бордақылап əкеледі. Қазақ, өзбек, қырғыздың бəрі сол кісілерден ет аламыз. Аптасында бір рет ет асып жейміз. Бір-бірімізді етке шақырып тұрамыз.

- Маған бір планшет қажет боп тұр еді. Сөйтіп бағаларын сұрасам, қымбаттап кетіпті. Доллармен есептеп, теңгеге шақсаң, төбе шашың тік тұрады. Доллары қымбат, теңгесі құнсыз елге айналдық. Қазақстанда емес, Америкада өмір сүріп жатқандаймыз. Доллар көтерілсе, бəрі қымбаттайды. Осы сендерде доллар қанша тұрады? Планшет ше?

- Доллар ма… (күлдік)? Доллар – доллар тұрады ғой. Планшеттер 300, 400, 500 доллар. Теңгеге көбейтіп көрсей, енді.

- Əдемі əңгіме болды. Сұхбатыңа рахмет. «Ойдағы-қырдағы қарақтарға» елден сəлем. Аман жүріңдер.


Сұхбаттасқан Мөлдір Нұрман, Матрица.kz



«Жайлы жер іздеп кетті деп жазғыра көрме қарттарым» дегендей. Тұрмыс-тіршіліктің қамымен жер-жаһанға жұмыс іздеп кеткен қазақтардың несін жазғырамыз. Елдің бəрі байдың баласы деймісіз, «Болашақ» бағдарламасымен де, өзінің қалауымен де шет елге барып, қайғысыз-қамсыз оқуын бітіріп келетін. Жат жерде жүрген қарапайым қазақтың барлығы дерлік қара жұмыста істейді. Өз елінде сұлтан болса, өзге елде ұлтан боп несі бар? Қайда барсаң да, қазақ бар. Қазақ деген ұлттың барын білдіріп жүрген қандастарға алғыстан басқа не айтамыз.


Просмотров материала: 3 946

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 144 725 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 144 527 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 144 188 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 144 209 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 144 514 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 9 570 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 8 723 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 8 865 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 12 386 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 12 589 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 21 642 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 896 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 865 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 746 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 566 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 703 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 858 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 525 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 888 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 622 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 627 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 470 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 313 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 561 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 502 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 013 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 425 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 347 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 583 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 936 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 344 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 328 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 370 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 314 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 538 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 685 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930