26 июля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Кеспенің кесірінен ауруханаға түсушілер көбеюде

09 ноябрь 2018, 16:58
Кеспенің кесірінен ауруханаға түсушілер көбеюде


Студенттердің сүйікті асына айналған қытай кеспесінен түрлі кеселге тап болып, аурухана табалдырығын тоздырғандар саны күн санап артуда. Тез дайындалатын тағам түріне әуес жандар ағзасына түскен түрлі химиялық қоспалардың барын білмей, қатерлі ісік ауруына шалдығып жатыр. Бич пакет аталып кеткен арзан тамақтың құрамындағы синтетикалық тұз асқазанды бүлдіріп, ентікпенің ушығуына септік етеді, дейді мамандар. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Астаналық Нұрлан Биетов студенттік шағынан тез дайындалатын кеспелерді жеуге дағдыланған. Арзан асқа әдеттенгені соншалық жемесе тұра алмайтын жағдайға жеткен. Алайда, кеспенің кесірінен жақында ауруханадан бір-ақ шығыпты. Қазір асқазан жарасынан жапа шегіп жүр екен.

“Жалпы кезінде талай жедік қой енді Роллтонды. Кейде қарын аш болып тұрғаннан кейін енді жеп қоясың. Асқазаның ауырады одан кейін. Больницадан шыққан кездер болды. Ішінен шаш шыққан кездер болды. Шаш шыққаннан кейін енді маза қашты” – дейді қала тұрғыны Нұрлан Биетов.

Қалтаны қақпайтын қытай кеспесі, толып жатқан бич-пакеттің түр-түрінің ең қымбаты 250 теңгеден аспайды. Алайда, сорпасы татымайтын ондағы небір сорақылықтар, төбе шашыңды тік тұрғызатын жиіркенішті видеолар ғаламторда толып тұр.

Небір құрттардың кеспе сорпасында жыбырлағанын көрсе де жұрт оны тұтынуын тоқтатар емес. Әрі тез дайындалатын ас өндіріс орнында ұзақ уақыт сақталуы үшін пальма майымен майланады. Сондықтан, оттық тигізсеңіз болды лаулап жанады. Асқазан жарасы осылай пайда болады - дейді дәрігерлер.

Алайда, талай асқазан жарасы мен түрлі науқастардың күй-жайын көрген ақхалаттылар бұл арзан кеспені жемеу керектігін айтып, дабыл қағуда. Әсіресе, бала өмірі үшін аса қауіпті арзан ас құрамында пальма майы өмір сүру ұзақтығына тікелей әсері бар көрінеді.

“Бұл жылдам дайындалатын кеспе өте зиянды тағам. Әсіресе балалар үшін. Бұл кеспені жүкті және бала емізетін әйелдерге жеуге мүлдем болмайды. Себебі, кеспені ұзақ сақтау үшін оған натрий глутаматын қосады. Ол химиялық өндірісте жасалатын синтетикалық тұз. Натрий глутомат ағзада жиналып, оны уландырады. Глутамат ағзаға түскеннен кейін асқазанды зақымдайды, тіпті қатерлі ісіктің дамуына себепкер болуы мүмкін. Бронхиальды астмаға әкелуі мүмкін” – дейді Ұлттық онкология және трансплантология орталығының гастроэнтерологы Күлпәш Қалиасқарова.

Бұдан өзге, кесірлі кеспе балаларды гипербелсенділік, психикалық ауытқушылық, тіпті депрессияға шалдықтырады. Сондай-ақ, қоғамда індетке айналған семіздіктің бірден-бір себебі осы кеспелер дейді мамандар.

“Шынын айтса, осындай денсаулыққа біздің Конститутцияда жазылған ғой. Әр азамат өз денсаулығына құқығы бар деп. Мысалы мынандайды мемлекет ойламаса ертең жастардың денсаулықтары, өйткені мысалы әйел-азаматтардың денсаулықтары оның бәрі зиян келтіреді ғой.Сол үшін осындай айтады ғой мынандай тамақ қауіпсіздігі,производственная безопасность дегенді мемлекеттердің бәрі қазір көтеріп отыр” – дейді саясаттанушы Марат Бәшімов.

Аспанасты елінен келетін кеспелерді қолдануға тыйым салуға ниеттенгелі қашан. Алайда, «бизнес болғандықтан бұны тоқтату қиын»- дейді мамандар. Бірақ, бұны мемлекеттік деңгейде шешпесе, ұлт денсаулығына орасан зор қауіп төніп тұр. Алайда 3-минутта дайындалатын арзан астың қоғамға зиянды екенін ойланып жатқан әзірге ешкім жоқ.


Просмотров материала: 2 672

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 210 391 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 210 055 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 209 543 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 209 589 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 209 958 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 206 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 238 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 540 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 192 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 272 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 451 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 725 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 790 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 499 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 374 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 171 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 603 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 331 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 731 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 539 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 379 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 222 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 081 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 421 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 306 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 787 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 972 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 138 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 374 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 755 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 116 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 057 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 193 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 134 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 344 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 501 Просмотров





Опрос


«    Июль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031