10 октября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Альфонс жігіттер Қазақстадағы бақуатты әйелдерді қойып, АҚШ-тың келіншектерін де көз салуда

31 октябрь 2018, 11:06
Альфонс жігіттер Қазақстадағы бақуатты әйелдерді қойып, АҚШ-тың келіншектерін де көз салуда


Бүгінде қыздар ғана емес, тепсе темір үзетін, сайдың тасындай жігіттер де тәнін саудалайтын болған. Тіпті, соңғы жылдары олардың саны көбейіп барады. Ең сорақысы - альфонс жігіттер Қазақстандағы бақуатты әйелдерді қойып, мұхиттың арғы жағындағы қалталы келіншектерге де көз салуда. Ал сарапшылар жағдайы жақсы, карьерасы өрге домалаған әйелдермен танысуды қалайтын ер азаматтардың қатары көбейіп кеткенін растайды. Дәл осындай серісымақтардың арбауына түсіп, дүние-мүлкінен айырылып, тіпті өзіне қол салған қыз-келіншектер бар екен. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Бұл АҚШ-та жүрген қазақтың альфонс жігіттерінің бірі. Сөзіне қарағанда, 50-ден асқан америкалық бақуатты әйелдің қол астына кіріп алып, шалқып өмір сүруде екен. Әлеуметтік желіде тараған видео дүйім жұрттың ызасын туғызды. Себебі, ашық түрде өзін жарнамалағаны былай тұрсын, өзгелерді өзіннен үлгі алуға үгіттеген.

Ақша үшін тәнін саудалайтын альфонс жігіттерді әлеуметтік желіден табуға оп-оңай. Мәселен, мына сайтта ондайлар тек бақуатты келіншектерді іздейтінін көрсеткен. Ал оның жанына жасын, ұлтын, ұсынатын қызметінің түрін, бір сағаттық бағасын да жазып қойғандар бар.

Бәрінің де қалауы бір: клиенті өзінен әлдеқайда үлкен әрі қалталы болуы тиіс. Ал, қазіргі қоғамда осындай ер адамдардың көбейіп кеткенін психолог маман былай деп түсіндірді.

«Біреуі жатыпішер альфонс дейміз. Ол тек қана әйел адам барлық жағдайын жасап, тек қана бүгінгі қарны тоқ болса болды. содан кейін әдемі киініп, әдемі жерде болса болды. одан кейін әйел құмар альфонстар бар. Біресе мына әйелмен жақсы өмір сүргісі келеді. Біресе мына ресторанда жүргісі келеді. Альфонстардың енді ең керемет түрі кәсіби альфонстар» - дейді психолог Ғибрат Сағындықова.

Ал Жамбыл облысында альфонс жігіттің кесірінен 29 жастағы Айгерім Молдатаева көз жұмғаны жайлы бұған дейін айтылған еді. Марқұмның туысқандарының сөзінше, келіншектің асылып өлгеніне сол сүйген жігіті кінәлі көрінеді. Төрт жыл бойы кездескен азаматы оны әбден қарызға батырыпты. Салдарынан, берешегін өтей алмаған бойжеткен өз-өзіне қол салған, дейді бауырлары.

«Кіргеннен, кешіріңіз кінәлімін деп жылай берді. Кредиттің қағаздарын көрсеттім. Мынау не дедім? Не істедің мына ақшаны дедім. Сонда әкесі айтты бұл бала мені күйдіріп бітірді. Төлеймін, не істеймін деп кетті» - дейді марқұмның анасы Жеңіскүл Молдатаева.

Бірақ, жігіт те әкесі де сол күйі ізім-ғайым жоғалыпты. Қазір қара жамылған отбасы алаяқ жігіттің үстінен арыз түсіріп, прокуратурға шағымдануда.

«Екі күннен кейін біздің ағайындар барды үйіне сөйлесуге, мен ештеме төлемеймін деп қайтарған» - дейді марқұмның анасы Жеңіскүл Молдатаева.

Қоғам белсендісі Полатбек Жолановтың пікірінше, нәзік жандардың мойнына отырып, масыл болғандарды "жігіт" деп айтудың өзі ұят. Ал, олардың мұндай жолға түсуіне өз әкелері кінәлі көрінеді.

«Біздің қазағымызға тектілігімізге өте бір жат қылыққа кетіп бара жатырмыз. 500 мыңдап альфонстар көбейіп кетті. Әкесі, шешесі кәнілі деп есептеймін. Басы істемейтіндер альфонс болады. Ал басы істейтіндер тіршілік жасайды. Басы істемегеннен кейін біреуге құлдыққа барады» - дейді қоғам белсендісі Полатбек Жоланов.

Осылайша, оңай олжа табуға құмар, ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүретін "жігітсымақтарды" анықтау қиын емес. Ең алғашқы қадамын олар тиын-тебен сұраудан бастайды. Артынша қомақты қаржы, алтын, көлік, тіпті баспанасын тартып алуға дейін барады екен. Сондықтан құшақ-құшақ гүлге, жылы сөздерге алданбай, жігітті толық танып-білген дұрыс дейді психологтар.
Просмотров материала: 3 558

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 169 930 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 169 762 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 169 389 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 169 436 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 169 718 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 021 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 161 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 384 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 373 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 536 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 271 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 818 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 337 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 193 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 011 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 197 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 287 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 957 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 345 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 064 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 078 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 913 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 746 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 012 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 951 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 464 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 927 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 786 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 056 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 386 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 800 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 757 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 807 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 757 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 986 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 131 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031