19 января 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Оңтүстік Кореяда жұмыс істеп жүрген қазақстандықтардың табысы қандай?

22 октябрь 2018, 13:29
Оңтүстік Кореяда жұмыс істеп жүрген қазақстандықтардың табысы қандай?


Оңтүстік Кореяға аттанған қазақстандықтар саны жыл сайын артып келеді. Олардың дені табыс табу, емделу және саяхаттау үшін барады екен. Бұл туралы «Хабар 24» хабарлайды.

Өткен жылы Кореяға 46 мың Қазақстандық барған екен. Ал биылғы жылы 8 айдың ішінде аталған көрсеткіш 39 мыңға жеткен.

Оңтүстік Кореяда жұмыс істеп жүрген қазақстандықтардың бірі Аруна Жәнібектің негізі мамандығы – шығыстанушы. Ол қазақ, орыс, ағылшын және кәріс тілін еркін меңгерген. Бойжеткен Кореяның Сеул қаласындағы пластикалық клиникада заңды түрде жұмыс істеуде.

«Жалпы, Кореяда жұмыс істеу оңай емес. Кәрістердің өзіндік мәдениеті бар. Тіпті, жұмыстағы ұжымдық қарым-қатынас біздің елдегіден бөлек. Егер Кореяда жұмыс істесең, өз міндетіңді ғана орындап қоймай, оны өз мерзімінде және жоғары деңгейде орындауың қажет. Жұмыстан басшыңнан бұрын қайтпаған жөн. Егер жақсы жұмыс істегің келсе, басшыдан кейін қайту керек. Мен мұнда тағы жұмыс істегім келеді. Сонымен қатар мұнда жалақы өте жоғары. Тіпті, минималды жалақынң өзі жоғары.

Маман ретінде тілді жоғары деңгейде меңгергендіктен қазір Кореяда жұмыс істеу маған тиімді. Оның үстіне жақсы жалақы төлеп отырған соң болашағымды осы жерден көріп отырмын. Егер болашақта білім алу керек болса, жаңа мамандық меңгеру керек болса, Қазақстанға қайта ораламын», – дейді Аруна Жәнібек.

Ал алматылық Серғалым Кейков 3 жыл бұрын шет мемлекетте бағын сынап көрген. Қазақстанда автокөлік сатумен айналысып жүрген ол Кореяда да осы іспен айналыспақ болыпты. Алайда оның орнына көлік шығаратын зауытта жарты жыл жұмыс істеп, қомақты қаржы жинап алғаннан кейін еліне оралған.

«Жалақысының айырмашылығы бізден көп қой. Күніне 70 доллардан (25 мың теңгеден аса) төлеп жүрді. Айына 2000-2500 доллар (732 000 – 916 000 теңгеден аса) шығып жүрді», – дейді Серғалым Кейков.

Серғалымның сөзінше, 3 жыл бұрын Кореяда отандастарымыздың саны аз болған көрінеді. Бүгінде жағдай айтарлықтай өзгерген. Мысалы, 2016 жылы Кореяға 35 мың қазақстандық барса, былтыр бұл көрсеткіш 10 мыңға артқан. Ал биылғы жылдың басынан бері аталған мемлекетте 40 мыңға жуық отандасымыз болыпты.

«Қазақстандықтар көбінесе қызмет көрсету саласында. Және жоғары кәсіби квалификацияны қажет етпейтін салаларда қызмет атқарады. Оңтүстік Кореяда қызмет көрсету саласындағы орташа жалақы көлемі 2 мың АҚШ долларын құрайды. Қазақстанда сіз ондай жалақыны алмайсыз», – дейді Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Исатай Минуаров.

«Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында келісімшарт бар. 30 күнге дейін визасыз екі елдің азаматтары бір-біріне бара береді. Соңғы жылдары Корея тарапына ұшатын қазақстандықтар көбейіп кетті. Олар 3 себеппен барады: біріншісі – емделу, Кореяның медицинасын білесіздер. Екіншісі турист ретінде, үшіншісі, өкінішке қарай, жұмыс», – дейді ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Айбек Смадияров.

Бүгінде Кореяда 39 мың қазақстандық жүр. Олардың тек 12 мыңы ресми тіркелген. Ал аталған мемлекет аумағында заңсыз жүргендеріне 7 миллион теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін. Алдағы уақытта жергілікті билік «жасыл дәліз» тәртібін іске қоспақ. Ол жұмысшы мигранттарға жарты жыл көлемінде айыппұл төлеместен мемлекет аумағынан шығуға мүмкіндік береді. Өз кезегінде бұл отандастарымыз үшін тамаша мүмкіндік болғалы тұр.
Просмотров материала: 3 106

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 183 430 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 182 950 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 182 526 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 182 573 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 182 894 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 697 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 817 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 059 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 310 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 454 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 001 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 166 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 470 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 296 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 125 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 346 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 378 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 064 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 460 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 193 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 177 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 009 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 849 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 125 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 059 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 564 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 113 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 880 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 157 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 518 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 906 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 855 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 919 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 872 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 098 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 240 Просмотров





Опрос


«    Январь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031