17 августа 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақ жігіттері арасында депрессия белең алуда

18 октябрь 2018, 12:35
Қазақ жігіттері арасында депрессия белең алуда


1 миллионға жуық қазақстандық депрессияға шалдыққан. Жүйкесі тозып, торығуға түсетіндердің қарасы жал сайын 15 пайызға дейін артуда екен. Бір қызығы жан дүниесі байыз таппайтындардың көбісі ер адамдар көрінеді. Ал дамыған елдерде бұл статистика тіпті жаға ұстатады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, 2020 жылға дейін депрессия барлық дерт атаулыны жолда қалдырып, көш бастамақ. Бүкіл адамзатты қамтыған бұл елімізде кең етек жаюына не себеп? Оны қалай тоқтатуға болады?

Бұдан бірнеше жыл бұрын құлаққа түрпідей тиетін бұл сөз қазіргі таңда санаға сіңімді болып бара жатыр. Тіпті, әлдебір жан "жабығып жүрмін" десе айтқанын елең қылмай, таңқалмайтын болдық. Сондай жан дүниесі байыз таппай жүрген жандардың бірі - елордалық Қаныш Сейіт. Осыдан бірнеше ай бұрын ет жақынынан айырылған оның қабырғасы қатты қайысып, депрессияға ұшыраған. Салдарынан бәрі жайына қалып, тіпті оқуынан да шығып кетіпті.

«Менің депрессиям оқудан шығып кеткеннен кейін тіпті ушығып кетті. Ата-анамның үмітін ақтай алмадым деп өз-өзімді қатты сөктім. Одан қалды жақындарым да қатты қысым көрсетті. Ештеңеге зауқым болмады. Бастаған ісімнің барлығы сәтсіз аяқталатындай көрінді. Дегенмен, достарымның қолдап-қолпаштауы маған үлкен көмек болды» - дейді қала тұрғыны қаныш Сейіт.

Психологтардың айтуынша, біздің қоғамда әйелдерден гөрі ер адамдардың депрессияға ұшырауы жиі кездеседі. Себебі, нәзік жандар бойындағы торығуды эмоция арқылы сыртқа шығара білсе, ер адамдар іштей тынып, жүре бергенді жөн көреді екен. Ал бұл жүрек пен миға зор салмақ түсіретін көрінеді.

«Біз ер баланы қалай тәрбиелейміз? Сен жігітсің, саған жылауға болмайды деп біз оларды тыйып өсіреміз. Ер адамдар өсе келе отбасылы болған , өзімді жігітпін деп қалыптастырған жағдайда бәрін іште сақтап, сыртқа шығармайды және басына қиын жағдай түскен жағдайда тез сынып кетеді» - дейді психолог Айым Әбдірова.

Психологтардың пайымымен әлеуметтанушы Айдар Хамит те келіседі. Оның айтуынша, әйелдерге қарағанда ер адамдардың жиі жабығатынына бірнеше фактор әсер етеді.

«Қоғамда болып жатқан процестерге тығыз байланысты. Яғни, бұл қандай мәселелер. Саяси, экономикалық, әлеуметтік жағдайлар, мәдени-рухани. Барлық осы процестер сабақтасып келгенде бүкіл әлеуметтік факторды құрайды. Сондықтан меніңше, депрессияға ұшырайтын адам, түңілу ол қоғамдағы дискомфортына байланысты. Отбасындағы, үйдегі, жұмыстағы, өзінің бір мақсатына жете алмай қалған кездегі процесстер деп ойлаймын» - дейді әлеуметтанушы Айдар Хамит.

Ал психотерапевт Айнұр Әділбекованың сөзінше, депрессия бұл жылдар бойы жиналып қалған күйзелістің салдары. "Бірақ, оны ушықтырып, үлкен дертке балаудың еш қажеті жоқ. Өйткені депрессиядан 80 пайыз жағдайда еш қиындықсыз сауығып кетуге болады" ,- дейді.

«Спортпен шұғылдану керек, алға мақсат қою керек, жоспар қою керек. Өмірге деген талпыныс болу керек. мотивация дейді ғой. Отбасымыз, үйде әйелдері, бала-шаға күтіп, сүйіспеншілікпен күтіп отырса, әрине ол ер азамат өзіне сене бастайды, тірлік жасай бастайды» - дейді психотерапевт Айнұр Әділбекова.

Өкініштісі сол, елімізде жан дүниесінің ауруын медициналық мәселе ретінде қарамайтындар көп. Ал депрессияны өз бетімен еңсеру екіталай, сондықтан міндетті түрде дәрігердің көмегі қажет. Әйтпесе, күйзелістің соңы суицидке әкелуі мүмкін. «Ал ТМД елдерінің ішінде өз-өзіне қол салатындар тізімінде Қазақстан көш бастап тұрғандықтан, бұл проблемамен жүйелі түрде күресетін уақыт жетті»дейді мамандар.




Дереккөз: Еуразия бірінші арнасы
Просмотров материала: 2 423

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 213 590 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 213 261 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 212 757 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 212 793 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 213 170 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 369 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 400 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 720 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 366 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 439 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 629 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 756 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 844 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 532 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 407 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 299 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 641 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 379 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 779 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 582 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 415 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 260 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 116 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 457 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 344 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 821 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 110 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 170 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 408 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 794 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 152 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 087 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 226 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 165 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 385 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 536 Просмотров





Опрос


«    Август 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31