11 января 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Судың да сұрауы бар" Нұрсұлтан Назарбаев атақты бизнесмендерді не жасауға міндеттеді?

01 октябрь 2018, 17:39
"Судың да сұрауы бар" Нұрсұлтан Назарбаев атақты бизнесмендерді не жасауға міндеттеді?
Қазақстанның ірі компаниялары мен бизнесмендері Түркістан қаласына бір-бір нысаннан салып береді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев әрбір басшыға жеке-жеке тапсырма берді.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев өткен аптада Түркістанға жасаған сапары барысында Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Жиында Елбасы министрлер мен үкімет мүшелеріне, еліміздегі алпауыт компаниялардың басшыларына Түркістан қаласына бір-бір нысан салу жөнінде тапсырма берді.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, президент әрбір басшыны орнынан тұрғызып, жеке-жеке сөйлескен. Назарбаев мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге үнемі қолдау көрсетілгенін, енді олар да елдің дамуына үлес қосуы керектігін баса айтқан.

Мемлекет басшысы Түркістан қаласына қандай нысандар қажет екенін тізіп, ірі компанияларға нақты міндет жүктеді.

Мәселен, Елбасы "Базис-А" компаниясының басшысы Александр Беловичке "Сіздер спорттық және мәдени нысандарды жақсы салып жүрсіздер. Бұл жерге театр керек. Оған қауқарыңыз жетеді деп есептеймін. Түркістанға әдемі, әмбебап театр салу қажет" деді. Бизнесмен тапсырманы орындауға уәде берді. Ал ENRC басшыларының бірі, атақты миллиардер Патох Шодиевке Түркістанда әлемдік деңгейдегі Түркі халықтарының музейін салып беруді тапсырды.

Сонымен қатар, "ҚазМұнайГаз" ҰК басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевты халықаралық талапқа сай үлкен стадион салуға міндеттеді. Айдын Рақымбаев басқаратын "BI Group" компаниясы қазақ хандары мен билерінің, батырларының орталығын ашып берсе, "Хайвилл Қазақстан" компаниясы тұрғын үй кешенін салуға кіріспек.

"Қазақстан теміржолы" ҰК жастар сарайын қолға алса, "KEGOC" Қожа Аxмет Ясауидің шағын музейін тұрғызады. Сондай-ақ "Қазпошта" АҚ Түркістанда заман талабына сай почта бөлімшесі мен цифрлық кеңсе салады.

Ал "Қазақтелеком" Smart теxнологияларын енгізеді. Кәсіпкер Данияр Абылғазин су спорты кешенін салуға уәде берсе, Нұрлан Смағұлов көлік салонын ашып бермек.

"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ Түркістанға қаржылай қолдау көрсетсе, түркиялық компаниялар да Түркістанды дамытуға үлес қосатынын білдірді. Жиын барысында кәсіпкерлер мен ірі компаниялар Түркістанға аурухана, туризм колледжін тарту ететінін жеткізді.

"Мемлекет басшысы әрбір нысанды қағазға мұқият белгілеп, оны салу міндеті кімге тапсырылғанын жазып алып отырды. Облыс әкімдігі мен компаниялар арасында келісімдер бекітілді", — делінген хабарламада.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев қала халқының көбеюі мен туристердің көптеп келуіне байланысты Түркістан қаласының теміржол вокзалын реконструкциялау, оның өткізу мүмкіндігін ұлғайту, сондай-ақ әуежай салу және әуе қатынастарын қамтамасыз ету мәселелерін қарастыруды тапсырды.

"Түркістанды заманауи технологияларды қолдана отырып, төл мәдениетімізге сай қайта жаңғырту керек. Сондай-ақ, Түркістанды дамыту қорын да құрған дұрыс. Кім қолдау жасауға дайын, сол ақшаны аударсын. "Көз — қорқақ, қол — батыр" демекші, осының бәрін бір-екі жылда бітіретін болсақ, Түркістан жайнап шыға келеді", — деді президент.


Дереккөз: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап
Просмотров материала: 1 979

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 183 287 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 182 800 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 182 379 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 182 428 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 182 746 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 638 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 763 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 009 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 237 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 379 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 944 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 135 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 462 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 288 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 114 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 336 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 372 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 058 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 452 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 183 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 173 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 003 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 842 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 116 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 054 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 556 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 099 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 873 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 144 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 512 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 898 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 846 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 908 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 860 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 091 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 230 Просмотров





Опрос


«    Январь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031