27 ноября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Ақмола облысында мемлекеттік бағдарламамен берілген үйлердің жағдайы адам шошытады

Ақмола облысында мемлекеттік бағдарламамен берілген үйлердің жағдайы адам шошытады
Ал, осы Ақмола облысына қарасты Ерейментау ауданындағы мемлекеттік бағдарлама бойынша баспанаға қол жеткізген жұрт наразылық білдірді. Себебі, жылдар бойы зарығып жеткен үйлерінде жылу, су және жарық мәселесі реттелмеген. Бес қабатты үйді тұрғызған мердігер құрылыс жұмыстарын шала атқарып, кетіп қалыпты. Бұған қарамастан әкімдік халыққа сапасыз салынған пәтерлерге «кіре беріңдер» депті. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

«Күздің қара суығы кіріп, балалар ауырып жатыр. Арасында бірде-бір растовор жоқ. Міне мынаның арасының бәрінен жел соғады. Қабырғамен терезенің арасына өзіміз ағаш қақтық» – дейді тұрғын. Айжан Жүсіпова осы пәтері үшін бірнеше жыл кезекте тұрып, ақша жинапты. Толық салынып бітті деген баспанасының сиқы мынау. Қисық орнатылған есік-терезесінен былай қойғанда, едендегі төсенішке дейін алмастыру керек.

«Мынау деген Сарыадырдың құрылысқа жарамсыз кірпіштері. Мұны шығаруды тоқтатып тастаған еді. Енді содан үй салып беріп отыр бізге. Ертең бұл қалай болады, бір Алла біледі!» – дейді тұрғын Айжан Жүсіп.

Құрылысты бақылаған тұрғындардың айтуынша, мына үйдің іргетасы кеуіп болмай мердігер компания жұмысты бастап кеткен. Балкондарға қарасаңыз, ол қалай болса солай салынған. Жаңбыр жауса, оған су кіріп кете беретін көрінеді. Ал үйдің айналасында тұрмыстық қалдық, қоқыстар толып жатыр.

«Завтра зимой это пятиэтажка рухнет. Фундамент месяц не простоял. Они обманули людей просто» – дейді тұрғын Борис Леонтьев. Мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған үйдың құрылысы алты жыл бұрын басталыпты. Мердігерлері ауысып, сағызша созылған жұмыстар біткенде жергілікті шенеуніктер үйді қабылдап алып, пәтер кезегін күткендерге кілттерін үлестірген. Алайда, баспананы көрген бетте жұрттың қуанышы су сепкендей басылыпты. Себебі есік, терезесі алқам-салқам, барлығына ең арзан материалдар қолданылған.

«Үйге кіргенде бөлмелерді қарап шықтым. Өзім құрылыспен айналысқан соң жағдайдың бәрін білемін. Былай қарағанда бүкіл материал ең арзан материалдан істелінген. Есік-терезелердің барлығы ең арзан» – дейді тұрғын Аманғали Мұстафин.

Бұл видеоны қатты жауын болғанда осында тұратын тұрғындардың бірі түсіріп алған. Онда үйдің ішіне дейін су кіріп, терезе жақтауынан бөлініп, құлайын деп тұрғаны көрінеді. Одан бөлек түйткілдер де жетіп жатыр. Судың қысымы жоғары қабатқа дейін жетпейді. Тұрғындардың ешбірінде үйдің құжаттары жоқ. Ал сапасыз үйді қабылдап алып, елді зар жылатқан әкімдік мұның бәріне мердігер компанияны кінәлайды.

«Біз құрылысты сеніп тапсырған мердігер компания бізді осындай ұятқа қалдырды. Жұрт есік терезелердің дұрыс орнатылмағанын, сапасыз құрылыс монтаж жұмыстарына шағым айтып жатыр. Кемшіліктердің барлығын білеміз, көзімізбен көріп те келдік. Қазір біз мердігер компанияны сотқа беруге барлық құжаттарды жинап қойдық» – дейді Ерейментау ауданы әкімінің орынбасары Алик Манадыров.

Әкімдік пен құрылыс компаниясы арасындағы текетірес немен бітетіні белгісіз. Бірақ әкім орынбасары бізге үйдің құжаттарын үш күннің ішінде тұрғындарға беретінін айтып, сөз берді.

«Үш күннің ішінде алады құжаттарын», – дейді Ерейментау ауданы әкімінің орынбасары Алик Манадыров. Бес қабатты үй пайдалануға берілгенмен, оның жартысы әлі бос тұр. Себебі жұрт ыстық суы мен жылу жоқ пәтерлерге қоныстанудан қорқып, жалдамалы үйлерінде тұрып жатыр екен. Ал мұнда көшіп келіп, сан соғып қалған тұрғындар жоғарғы сот пен прокуратураға арызданыпты.

Просмотров материала: 1 553

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 228 347 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 228 045 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 227 538 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 227 583 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 227 949 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 14 176 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 13 179 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 543 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 18 252 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 18 256 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 464 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 996 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 137 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 740 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 616 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 722 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 861 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 615 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 8 029 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 800 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 612 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 477 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 307 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 677 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 535 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 18 040 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 523 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 357 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 586 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 996 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 342 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 272 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 422 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 357 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 613 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 732 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30