23 декабря 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Ресейде қазақ тілі мектепте шет тілі ретінде оқытылады

10 сентябрь 2018, 17:04
Ресейде қазақ тілі мектепте шет тілі ретінде оқытылады
Ресейде қандастарымыз көп шоғырланған елді мекендерінде қазақ тілі екінші шет тілі ретінде оқытыла бастады. Көршілес мемлекеттегі қазақтардың тіл төңірегіндегі түйткілдері Омбы қаласында өткен шекаралас аймақтар қоғамдық бірлестіктерінің форумында талқыланды, деп хабарлайды Baq.kz.

Ресейдің Омбы облысы қазақтардың көптігі жағынан Орынбор мен Астраханьнан кейінгі үшінші орында. Ресми дерек бойынша, яғни 2010 жылғы санақтың нәтижесіне көз салсақ, 78 мың қаракөзіміз тұрады.

Ал ресми емес мәліметтер әлі де жүз мыңға жуық қазақ тұрып жатқанын көрсетеді. Көптігі жағынан орыстардан кейінгі екінші орында тұр. Бұл елде паспортқа ұлты жазылмайтындықтан, кімнің кім екенін ажырату сәл қиындау.

Дегенмен Шұбаркөл ауданы тұрғындарының 19,9 пайызы, Нововаршав және Павлоград аудандарының 16,6 пайызы қазақтар екені мәлім. Көшпенді қазақтың ұрпағы тарыдай шашылып, Омбы облысының 200 елді мекенінде тұрып жатыр.

Нововаршав ауданында Каразюк деген шағын ауыл бар. Қазақшаласақ – Қараөзек. Құрылғанына 325 жыл толған бұл елді мекенді атам заманнан бері қазақтар мекен етеді. Бүгіндегі жүз шақты шаңырақ түтін түтетіп отырған ауылда тың игеру жылдары қоныстанған жалғыз орыс отбасы бар, қалғандары түгел қаракөздер.

Алайда 50 бала білім нәрімен сусындап жүрген мектептің оқыту тілі – орысша. Мектеп директоры Шолпан Сексенбаеваның айтуынша, қазақ тілі 1985 жылдан бастап тек үйірме ретінде қосымша оқытылып келеді. Соңғы жылдары білім бағдарламасына екінші шет тілі енгізілген. Оқушылардың ата-аналарымен ақылдаса келе қазақ тілін екінші шет тілі ретінде оқыту ұйғарылыпты.

«Оқушылар қазақ тілін аптасына екі рет қана оқиды. Бұл өте аз. Жас отбасылар үйлерінде де қазақша сөйлемейді. Сол себепті балалардың көбі ана тілдерін мүлдем білмейді десе де болады. Пән мұғалімі Петропавлдағы М.Қозыбаев атындағы университетке барып, біліктілігін арттырып келді. Барын салып, оқытып жатыр. Нәтижесі де жаман емес. Қазақ тілінен Қарағандыда өткен халықаралық олимпиадада оқушымыз арнайы жүлдеге ие болды», - деген Шолпан Ілиясқызы, өкінішке қарай, өзі де қазақшаға шорқақ екенін жасырмады.

Аз ұлттарды жойып жібере жаздаған кешегі Кеңес одағы тұсында қазақ тілін оқыту қазіргіден тәуірірек болған сыңайлы. Омбыдағы қазақ тілі мен мәдениетін сақтау және дамытумен айналысатын «Мирас» қорының төрағасы Асқар Раисовтың айтуынша, кезінде облыстағы қазағы көп 12 мектептің бастауыш сыныптарында аптасына 6 сағат қазақ тілі, 4 сағат қазақ әдебиеті оқытылыпты. Орта және жоғары буында сабақ саны сәл қысқарғанымен, оныншы сыныптың өзінде тіл мен әдебиетке екі сағаттан берілген.

«Қазақ тілін оқыту – біздің басты қиындығымыз. Тіл аз да болсын оқытылады ғой, ал әдебиетті мүлдем ұмыт қалдырдық. Екеуі бірінсіз-бірі өмір сүре ме? Жоқ. Әдебиетті білмей, ақын-жазушыларымыздың шығармаларын оқымай тіл дамымайды. Сабақ санын арттыру туралы билік басындағыларға талай айттық, мұңымызды тыңдар емес. Жастарымыз ана тілдерін ұмытып бара жатқаны қабырғамызға қайыстай батады», - дейді Асқар Оматұлы.

Шетте қазақ тілін оқытудағы тағы бір түйткілді мәселе – оқулықтың тапшылығы. Кеңестік заманнан қалған, ескі әдістемемен жазылған кітаптар әлі айланымда жүр. Қазақстаннан жаңаларын алдыртайын десе жергілікті жердің білім беру қызметі рұқсат етпейді. Яғни, кітап алдымен солардың сараптамасынан өткенде ғана қолдануға болады екен.

Өкінішке қарай, бұған дейін өткізілген кітаптарға рұқсат берілмеген. Бұл тығырықтан шығар жолды Алтай қазақтары тапқанға ұқсайды. Олар қазақ ғалымдарының тіл үйретудегі әдістерін пайдалана отырып, өздерінің оқулықтарын жазып шығарған. Бұл тәжірибені омбылықтар да пайдалануға ниет етіп отыр.

Аға буын өкілдерінің айтуынша, жастардың арасында қазақ тілін үйренуге деген ынта жақсы. Тіпті, өзге ұлт өкілдерінің арасында да қалаулары бойынша қазақ тілі пәніне қатысып, тіл үйреніп жүргендер бар екен. Омбыдағы №130 орта мектеп директорының орынбасары Сергей Андреевичтің айтуынша, былтыр мектептегі 120 қазақ баласының 28-і екінші шет тілі ретінде қазақ тілін таңдаған. Биыл олардың саны 67-ге жетіпті. Арасында болашақта кәсіпкер болып, Қазақстанда қызмет еткісі келетін 6 орыстың баласы да бар.

Омбы облыстық қазақ ұлттық-мәдени орталығының басшысы Жанат Бекмағамбетовтың ұйымдастыруымен өткен шекаралас аймақтар қоғамдық бірлестіктерінің форумында Ресейдегі қазақ тілінің мәселесімен бірге Қазақстанда орыс тілін оқыту жайы да сөз болды. Баяндама жасағандардың бәрі дерлік орыс тілін оқытуда Қазақ елінде ешқандай қиындық жоқ екенін айтты.

Омбымен іргелес жатқан бір Солтүстік Қазақстан облысын мысалға алсақ, бәрі түсінікті болып тұрғандай. Мұндағы барлық 485 мектептің 255-інде оқыту орыс тілінде жүргізіледі екен. Ал бір миллионға жуық қазағы бар көрші Ресей елінде қазақ тілінде білім беретін бірде-бір оқу орнының жоқтығы әділетсіздік сияқты.
Просмотров материала: 3 353

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 127 340 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 127 155 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 126 811 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 126 829 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 127 136 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 668 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 838 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 916 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 11 156 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 300 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 668 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 397 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 677 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 571 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 380 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 501 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 681 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 353 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 692 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 457 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 455 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 290 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 140 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 384 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 320 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 845 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 205 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 171 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 391 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 732 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 146 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 155 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 195 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 130 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 356 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 507 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031