8 июня 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Астанада халал аяқ киім дүкені ашылды

10 сентябрь 2018, 14:42
Астанада халал аяқ киім дүкені ашылды
Халал. Бұрын бұл сөз - шұжықтың сыртына, ет өнімдерінің тысына ғана шапталушы еді. Қазір, шұжықты қойшы, халал су, халал фитнесс, халал сауна дегендер қаптап алды.

Алайда бұларға, ондай сертификатты беруші ұйым саны көп болғанымен, бізде оларды бақылаушы бірде-бір мемлекеттік мекеме бар дегенді естімеппіз. Аяқ киім халал, харам деп бөлінуші ме еді? Бөлінгенде қандай?! Басқа емес, Астананың қақ ортасында сондай халал аяқ-киімдер сататын дүкен бар екен. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.



Советтік кезде, сосын тоқсаныншы жылдары шошқа қосылмаса, күллі асты адал деп білдік. Талғамадық. Бертінде білдік қой: Бісміллә деп бауыздалмаса, не сойсаңда, еті арам боларын. Ал қазір... Қазір, ұрттап алған қазақтың өзі, шұжықты халал ма,-деп сұрайтын болған...

Қазір кімнен сұрама, халал жайлы саған молдадан артық түсіндіріп бере алады. Жаппай халал-танушы болып кеткеніміздің бір пайдалы да тұсы бар екен... Мысалға, моңғолдар мыңғырған малын араб, иран жұртына сату үшін, қазақтан қасапшыларды сайлап жатыр. Ол, ол ма?! Тауықты қуырып беретін әлгі, әйгілі фаст-фуд бар емес пе?! Олар, Шымкенттің 30 жігітін арнайы алдыртыпты.

«Ең ақырғы 220 мың құс сойылса да, отыз адам тұрады. Оның 15 түскі, қалған 15- түнгі вахтада тұрады. Конвейрден келіп жатқан тауықтарды бісміллә деп сойып отырады. Соның еттері Қазақстанға келеді» - дейді Халал даму ЖШС орталығының директоры Бейбіт Мырзагелдиев.
Қуырылған тауық сирағын сарт тістегенде, шымкенттік жігіттерге бір алғыс айта саларсыз! Жә, сұрақ. Халал не үшін керек? Қарапайым қазақтың бұ жайында пайымы мынадай:

«Мұсылман халал тамақ жеу керек. Халал тамақ жегеннің жүрегі де таза болады» - дейді қала тұрғыны Сәуле Қожамұратова.
Жүрегі таза адамның дұғасы қабыл болады. Ал, күллі қиындықтан алып шығар дұға-тілеуің қабыл болуы үшін, харамның бір түйірі де өңешке түспесін,-деп ескертіп отырушы еді үлкендер. Иә. Мұсылман қауым, осы себепті халалды тұтынуға тырысады. Бірақ... Халалды мүминдерден бұрын, діні мүлдем бөлек жұрт көбірек алып жүр, соңғы күні...

«Халал мен үшін мұсылмандардың тағамынан бұрын, ол таза, табиғи өнім. Мұнда гмо жоқ. Мал азапталып сойылмайды. Ғалымдар айтып жатыр ғой» - дейді турист Керим Мбуаве.

Халалдың діни және дүние тұрғысындағы пайдаларын, жұрттың бәрі біледі, әне. Сұраныс жоғары. Содан да шығар, «халал» сөзі қазір шариғат шартынан бұрын, брендке айналып барады. Дәлел?! Көп кәсіпкер, жейтінге де, жемейтінге де әлгі жазуды шаптап жатыр, қаптап жатыр.

Жемейтін дегенде былай ғой: Халал сауна, Халал шаштараз, халал аяқ-киім дегендер шығып кетті.

«Халал тамақ дегенді түсінемін, ал енді халал қызмет, халал стамотология дегенде, басқа стамотолигия харам ба?» - дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан.

Адалынан сөйлейтін, халалынан ғана ас-су ішетін депутаттың өзі түсінбей дал. Жарайды, тіске салар дәрілері табиғи шөптен жасалған шығар? Содан халал стамотология атанған болар?! Моншасы мұсылмандық әдепте шығар. Оны да түсіндік. Ал енді, халал аяқ киім деген не?!

Жұртты шулатқан халал аяқ-киім деген осы. Бізде, аяққа қондырып алдық. Халал дегеннен шығады. Егер аяқ-киім халал болса, оны қарның ашып кеткенде жеуге бола ма? Сонда, аяқ киімге тері қылайын деп жатқанда, малды бісмілләмен сойған ба? Халал аяқ киіммен харам жерге баруға бола ма,-деп сұрап жатады. Жо, бұл кәдімгі аяқ киім секілді. Тек бірер айырмасы бар. Сонымен, неге аяқ киімге халал деген ат қойдыңдар?!

«Халал сөзін қолдануымыздың 3 концепциясы бар. ол адал баға, адал сапа және таза былғары» - дейді сатушы Бақтан Бағдадұлы.
Адал бағасы мен адал сапасына көндік. Ал, халал былғары дегені қалай?! Сонда, біз аяққа ілген кебіс харам ба?! Сүйретпең ненің терісінен қапталса да, бәрібір емес пе?!

«Қазіргі жастардың аяғынан жағымсыз иіс шығады. Түрлі грибоктар көбейіп кетті. Соның бәрі осы шошқа, жылан терісін қолданғаннан болады. Ол терілер аяқпен тікелей контактқа түседі. Содан, ол терілерден адамның терісіне әсер етеді» - дейді сатушы Бақтан Бағдадұлы.

Халал аяқ-киім дегені сонда таза теріден тігілген, бағасы сапасына сай, алдамайды дегені ғой?! Алдамайды дегеннен шығады. Қалада, халал такси дегендер шыққан. Иә, алдамайды. Сол үшін, халал деген ат алыпты...

«Халал такси деп өзім қойғам. Басты айырмашылығы менің кабинамда темекі шегілмейді. Мастарды тасымаймын. Көп таксистер сияқты, балағат сөйлемеймін. Пассажирдің ығырына тиіп, саясат соқпаймын. Ең бастысы 300 теңгеге апаратын жерге, 500 теңге сұрамайм» - дейді такси жүргізушісі Әбдірахман Уәлижанов.

Соңғы сөзі баршамызға ұнаған сияқты ғой. Рас, көп таксист 300 теңгенің жеріне мың сұрайтын уағы көп. Сөйте тұра, бәрі жамандайды, сыбанып отырады. Бірақ, байқасаңыз, бұл жүргізушінің тізіп шыққан артықшылықтың баршасы кәдімгі, нағыз таксист жасауы тиіс міндеттер емес пе?! Соған қарағанда, біздің қоғамда, ешкім өзінің міндетін шын, нақ істемейді-ау осы?!

«Енді қазір осы әзілден кейін шығып тұр. Менің Қордайда бір досым бар, милицияда істейтін. Халал милиция дейді. Біраз адам білетін шығар енді. СОнда неге халал милиция дегенде ол олип бара жатса да біреуден бір сыйлық алмайды,оны бір аппақ жолынан ешкім аударта алмайды. ОЛ өте семьясына адал. Жүрген жерінде шын мәнінде милиция» - дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан.
Шын мәніндегі милиция дегеннен шығып тұр ғой. Бізде, шын, нағыз дегендер аз. Ал пайда болса, шын өнім, нағыз деген өтпейтін, сендірмейтін сияқты. Содан халал атауын тықпалап жүрген сияқтымыз. Ал енді, кейде халал сөзін орынсыз жерлерде пайдаланып жатады. Соның бірі халал бала-бақша. Жәй ғана шариғат шартына сай бақша десе, болмай ма?! Басқа бөбектер сонда, харам жайға барып жүр ме? Тура, сонда «халал су»-ға да қатысты айтуға болады. Сонда «Халал су» маркасынан басқа су харам болғаны ма деген ой келеді. Әлемдегі ең таза зәм-зәм суын да «халал су» деп айтпайды ғой.

«Ал балабақша, монша, аурухана сияқты орындарды сертификаттаудың қажеті жоқ. Балабақшада ислами тәрбие жұмыстары жүргізілуіне байланысты оны халал деп айту орынсыз болады. Себебі, балабақшаның оқыту бағдарламасында мұсылмандық тәрбиенің қамтылуы оны халал деп атауға негіз болмайды. Егер бұлай айтар болсақ, діни тәрбие бермейтін балабақшалар харам болғаны ма?» - дейді «Халал даму» ЖШС орталығының директоры Бейбіт Мырзагелді.

Халал сөзін бей-берекет әр жерге тықпаштау енді тиылатын шығар? Себебі, адал индустрияны мүфтият өз қолына алып жатыр, минитсрлікте соған бар жағдайды жасауда. Енді, ешбір балабақша, қонақ үй, мектеп немесе колледж, такси қызметіне және тағы басқаларына халал, харам үкімі үлбіреп тұрмайды. Халал енді тек тамақ өнімдеріне ғана беріледі. Ал қызметті адал еткіңіз келсе, сол имам-молдалар шарт-талабын айтып, көмек бере алады.
Просмотров материала: 3 097

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 151 812 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 151 624 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 151 273 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 151 303 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 151 600 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 9 939 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 086 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 257 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 12 906 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 100 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 031 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 122 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 955 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 827 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 653 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 798 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 938 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 604 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 975 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 703 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 709 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 553 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 393 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 649 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 593 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 104 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 531 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 431 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 676 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 021 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 432 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 410 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 451 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 394 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 628 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 770 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30