8 июня 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Дәурен Абаев. Келешекке көпір

Дәурен Абаев. Келешекке көпір
Биыл біздің ел – Астана күнін атап өтті. Арқаның төсіндегі елорданың 20 жылдығы ерекше сән-салтанатымен есте қалды. Көктемдегі қызғалдақтай жайқалған бас шаһар қандай құрметке де лайық.

Жиырма жылдың ішінде адам танымастай құлпырған қаланың сан-түрлі теңеулері де ғажап. Бас қалаға айтылған теңеулердің арасындағы көңілге қонымдысы – «Астана – Еуразияның інжу-мар­­жаны». Шынында да, Ұлы Даланың бас шаһары табиғи мар­­жандайын жылдан-жылға түр­леніп, нығайып келе жатыр.

Президенттің Астананы Арқа даласына көшіруі уақыт талабына сай жасалған нақты қадам, оң шешім. Қазір ерке Есілдің жағасындағы елорда өзіне жүк­тел­ген міндетті асқақ абыроймен атқарып отыр. Жиырма жыл бұрын бұл бастамаға сенімсіздік танытып, күмән келтіргендер де болды.

Өйткені әлеуметтік-экономикалық дағдарысты басынан өткерген елдің астанасын ауыстыру оңай шаруа емес еді. Ас­тана қарапайым әкімшілік орта­лықтан аса алмайды деп болжа­ғандар да бар. Алайда Астананы ауысты­ру бар­лық сенімсіздіктің сеңін бұз­ды.

Бұл алдын ала есептел­ген, жан-жақты тек­серіл­ген стра­тегиялық қадамның оң нәти­жесі болатын. Мемлекет бас­шысы қоғамның қажеттілігін ескере отырып, барлық кедергі­лердің шешімін таба білді.

Бүгінгі күні Астананың салынуы ел экономикасының жан­дануына сеп болғанын мойындамайтын адам жоқ. Арқаға қо­ныс аудару көптеген шығынға ба­тумен тең деген тұжырым айтқан­дардың да аз болмағаны анық. Қазір сандар сөйлейтін заман.

Мә­селен, елорданы дамытуға жұм­салған инвестиция өзін екі жарым есеге ақтады. Астана рес­публика бюджетінің донорына, іскерлер алаңына айналды. Қазір қаланың өңірлік жалпы өнімінің құрылымындағы шағын және орта бизнестің үлесі 57%-ті құрады.

Бұл еліміздің өзге өңір­лерінен көш ілгері көрсеткіш. Ең бастысы, жаңа Астана ау­қым­ды құрылыс кешендерінен бас­тап, азық-түлік белдеуіне дейін­гі барлық аймақтың және көп­теген саланың ілгерілеуіне түрткі болды.

Елорданың экономикалық өрлеуі кездейсоқтық емес. Бұл – Ел­басының білікті стратег ретін­дегі бағыттарының жемісі. Өйт­кені Президент үшін прагма­тизм, қоғамның әл-ауқаты, аза­мат­тардың тұрмыс деңгейін арттыру – шешім қабылдауда әрдайым ба­сымдыққа ие болып қала беретін негізгі критерийлердің бірі. Алайда Астананы көшіруде экономикалық қана емес өзге де құндылықтар ескерілгені белгілі.

Бұл бастамаға терең үңілген адамның өз-өзіне деген сенімі артады. Өйткені жаңа қала барлық саланы қамтитын, өмірді түрлі қырынан тануға мүмкіндік беретін ауқымды жоба іспетті.

Қазақ хандығы құрылған уақыттан бергі тарихымызда халқымыз жүзеге асырған ең айшықты әрі ғаламат құрылыстың бірі де осы Астана болып отыр. Әрине, Кеңес кезеңінде үлкен шаһарлар салынып, қуатты индустриялық нысандар бой көтерді. Бірақ бұл құрылыстарға бүкіл Кеңес одағының мамандары атсалысқан еді.

Дәл осындай іргелі бастамаларды өздігімізден жүзеге асыруға келгенде жүрексіну, маңызды шешім қабылдар сәтте «орталыққа» елеңдеу сияқты сезімдерді де еңсердік. Осындай өтпелі кезеңнің күр­делі сәтінде қолымыздан іс келетін ел екенімізді дәлелдеп шығу ауа­дай қажет болды.

Тәуелсіз Қазақстанның өз тағдырына өзі жауап бере алатын мемлекет ретін­де аяққа тұрып кетуі де осы­ған байланысты болатын. Астананың салынуы ұлттық-мемлекеттік құрылыстың маңыз­ды бағытының біріне айналды. Президентіміз осындай сенімді қадамы арқылы бүкіл елді алға бастады. Астана арқылы күллі әлемге және өзімізге бір жұдырықтай жұмылсақ биік белеске жете алатынымызды дәлелдедік. Ірі ландшафтарды, тарихты өзгерте алатынымызды көрсеттік.

Арқа даласында сәулетімен көз сүйсінтіп өсіп келе жат­қан мегаполис біздің тарихи жады­мыздағы барлық кедергілерді жойып, қасаң стереотиптердің сеңін бұз­ды. Осылайша халқымыздың өзіне деген сенімі нығайды, арман­дары ұлғайды, кемел келешекке бастайтын даңғылға бет бұрды. Қа­зір еліміздің әр түкпіріндегі ағайын Астанаға қоныс аударып жа­тыр. Өйткені келешектің алтын көпірі дәл осы қалада деген сенім жерлестеріміздің жүрегін жаулады. Елорданың салынуымен бірге сана жаңғырды.

Астана рухани тәуелсіздіктің де бастауы болды. Жаңа елорда өзіне оң әсер еткенін, оның дамуына өзінің де қатысы барын әркім де – қала құ­ры­лысына тікелей атсалысқандар да, басқалар да өміріндегі оң өзге­рістер арқылы сезінді. Сондықтан да бас шаһардың туған күні қазақ­стандық әр отбасы үшін қуатты ерік-жігердің, ұлттық мақтаныш пен болашаққа деген сенімнің мерекесіне айналды.

* * *


Елдің бойтұмарына айналған, күннен-күнге жарқырап, жайнап келе жатқан Астананың ортасында жүрген біздер үшін, қаланың жаңа қазақстандық мемлекеттілікті да­мы­туға қосқан үлесін толық ұғы­ну қиындау. Алайда, еліміздің жа­ңа тарихының ең маңызды кезеңін тұтас қамтитын шежіресін келешек ұрпақ жазатынына және оның бірінші тарауы әділетті түрде «Тұңғыш» деп аталатынына се­німдімін.

Дәурен Абаев, Ақпарат және коммуникациялар министрі
Источник: Егемен Қазақстан
Просмотров материала: 1 311

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 151 763 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 151 573 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 151 228 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 151 257 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 151 555 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 9 938 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 085 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 256 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 12 904 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 098 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 029 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 122 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 955 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 827 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 653 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 798 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 938 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 604 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 975 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 703 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 709 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 553 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 393 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 649 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 593 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 104 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 530 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 431 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 676 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 020 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 432 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 410 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 451 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 394 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 628 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 770 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30