14 апреля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Хитке айналған “Қайда” әнінің авторы бастапқыда Еркеге әнін сатқысы келмей, басын ала қашқан

23 август 2018, 15:56
Хитке айналған “Қайда” әнінің авторы бастапқыда Еркеге әнін сатқысы келмей, басын ала қашқан
Ерке Есмаханның жеңіл әрі ырғақты «Қайда» әні тыңдармандар назарына ұсынылған бойда хитке айналды. Бүгінде YouTube желісінде 73 миллионнан астам рет қаралған бейнебаян бір жылдан аса уақыт бұрын жарық көрсе де, көрерменін жоғалтпаған. Десе де Еркенің танымалдығын үдете түскен әннің шығу тарихын көпшілік біле бермейді, деп жазады Stan.kz.

Ерке Есмаханның аталған әнінің шығу тарихы туралы сөз еткен журналист Бекжігіт Сердәлі ән тарихын авторы, жас сазгер Диана Ысмайылованың өз аузынан есіткен екен.

«Диананың айтуынша, ән 2000 жылы 9-сыныпта оқып жүргенінде туған. Біртоға, оңашалықты қалайтын қыз бала алғашқы сезімдері туралы қызыға айта бастаған сыныптас құрбыларына сырттай қарай отырып, көкейіне әлдебір әуенді ұялатады. Сосын алғашқы шумағын жазып, өзі оңашада ыңылдап айтып жүреді.

Ауыл менен қала, көше менен дала,
Сені іздедім мен, сені ғана.
Ауыл менен қала, галактикада ма,
Тілегің іздемей табыла ма?

Бұрын-соңды шумақ жазып жүрмеген балаң сезімнің шала өлеңі екені көрініп тұр. Содан да болар, мұнысын ешкімге көрсеткісі де, тыңдатқысы да келмейтін», – деп жазды журналист Facebook желісіндегі парақшасында.

Журналистің сөзінше, ән авторы өлеңінің шикі екенін білген, алайда өз туындысы бір сәтте ғана хит болып шыға келеді деп ойламапты.

«Содан арада үш жыл өтіп, Диана Алматыға Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясына «эстрада вокалы» бөліміне оқуға түседі. Ән өңдеушілердің біріне барып, бала кезінен «бауыр басып», көмейіне ұялап қалған әнін эстрада қалпына салып, өңдеп, өз ортасында «ән айт деп қолқалай қалса ғана» айтып жүрмекке бекінеді. Ән өңдеуші екеуі әннің алғашқы нобайын жазып, қалғанын ертең жалғамаққа келісіп, жатақханаға кетеді. Осы сәтте студияға өз шаруасымен Ерке Есмахан келіп қалады. Әнді бір тыңдағаннан ұнатып қалады. Сосын ән өңдеушіге Дианаға телефон шалдырып, әніне Еркенің «құда түсіп» жатқанын жеткіз дейді. Көп ұзамай шыдамсыздана Еркенің өзі де телефон соғады», – деп жалғастырды Бекжігіт Сердәлі.

Өз кезегінде Диана әнді сатпайтынын айтып, бірден басын ала қашқан. Десе де Ерке оған ойлануға кеңес берген. Ән өңдеушіге төлейтін ақшасы болмаса да, туындысын жаздырып жатқан ән авторы әлеуметтік халіне байланысты, әншінің дегеніне келіспеске лажы болмапты. Десе де өз жағдайы үшін жылап та алғанын мойындады.

«Ерке сөзін белгілі бір ақынға өңдетіп алмаққа уәде етеді. «Ашығын айтайын, Ерке әнді өңдемес бұрын «қалай орындағаным дұрыс?» деп менімен ақылдасып алды. Кей әншілер сазгермен ақылдаспай, өз білгендерінше әнді өңдеп, негізгі идеяны жоғалтып алып жатады ғой. Еркенің мұнысы ұнады», – дейді Диана. Кейін Ерке Қайнар Алакөзөвке Диананың шумағына шумақ қостыртып, Диана-Қайнар «өлең-гибридімен» ән етіп, елге таратып жібереді», – деп жазды журналист.

Сондай-ақ, Диана өз әнінің тыңдарманын тез табатынына сенімді болғанын айтқан.

«Оның үстіне Еркенің ән әлемінде аты шығып қалған болатын. Әнім жеңіл, ойнақы. Қазір ойлаймын, егер бұл әнімді өзім орындағанымда, дәл мұншалықты танымал болмас та еді. Жалпы, әннің идеясы – сұрбойдақ жігіттер мен отырып қалған бойжеткендердің ішкі назы болатын», – дейді ән авторы Диана Ысмайылова журналиспен әңгімесінде.

Журналистің сөзінше, «Қайда» әні хитке айналғаннан кейін, Қайрат Нұртас, Мөлдір Әуелбекова ән авторы Дианаға тапсырыс түсіре бастаған. Алайда өзінің сазгер емес екенін айтқан Диана «реті келсе көреміз» деп жауап беріп келіпті.

«Жалпы, Динананың өзі де тәп-тәуір әнші. Естеріңізде болса, 2015 жылы «Қазақстан дауысы» вокалистер шоуында финалға дейін көтерілген болатын. Міне, «хит» ондығынан түспей келе жатқан бір әннің тарихы осылай еді…», – деп тәмамдады журналист Бекжігіт Сердәлі.
Просмотров материала: 2 864

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 195 438 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 195 031 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 194 542 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 194 595 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 194 947 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 380 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 475 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 765 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 230 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 331 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 654 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 481 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 591 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 396 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 239 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 729 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 479 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 173 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 571 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 350 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 276 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 106 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 953 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 256 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 170 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 673 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 492 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 007 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 261 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 635 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 012 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 955 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 042 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 006 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 208 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 364 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930