23 июля 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Сайрагүлдің хаты

13 август 2018, 9:59
Жуырда Абай.kz редакцияcының электронды поштасына Қазақстандағы пана іздеуші тұлға статусын алған этникалық қазақ келіншегі Сайрагүл Сауытбайдың үшбу хаты келіп түсті.

Құрметті Елбасы, Нұрсұлтан аға!

Мына маған, балапандарымды бауырыма басып, отбасыммен қауышуда зор бақыт сыйлаған қолдауыңызға шексіз ризамын. Мен секілді бір Ананың тағдырына араша түсіп, мен аңсаған Қазақ елінде алып қалғаныңыз үшін, Сізге басымды идім.

Қазақ елінің әр шымшым топырағы киелі. Осындай киелі мекенді әлемге танытқан, дәл осындай киелі шаңырақтың тұтқасын ұстаған Сіз киелі жансыз. Осы ұлылығыңыз маған екінші ғұмыр және аналық бақыт сыйлады. Әрқашанда Алланың назарында болыңыз. Сізге зор денсаулық, талғамды табыс, отбасыңызға амандық тілеймін! Сіз ұстаған Қазақ елінің іргесі берік, шаңырағы биік болсын! Қазақ елінің ертеңі тек Сізге ғана мұқтаж.

Қадірлі Алаш жұртым, іргелі елім!

«Алланың бір аты – халық, халықтың бір аты – Құдай» деген. Қазақ еліндегі 18 млн. ел-жұртқа Сайрагүл Сауытбайдан жалынды сәлем!

Көкте – Алла, жерде – Сіздер болып, мен секілді балапандарын аңсап әрең жеткен бір ананың тағдырына араша түсіп, қасіретін бөліскен ақ тілеулі жүректеріңіз маған екінші рет ғұмыр сыйлады. Сіздердің қарапайым табиғаттарыңыздың қалқасына жасырынған, тілмен айтып жеткізуге әлсіздік ететін шексіз ұлылық – ол сіздердің маған деген ақ тілектеріңіз бен риясыз жүректеріңізден шыққан ұлылық. Бұл ұлылық – шексіз дария, бұл ұлылық – шапағатқа толы дұға-тілек, бұл ұлылық – Қазақ елінің ақын ұл-қыздарының қаламының күші. Бұл ұлылық – Қазақ елінің құзыретті органдарындағы жанашырларымның бір ниет, бір тілегі. Әрі 18 млн. халқымның бір ниет, бір мақсат жолындағы ортақ құлшынысы.

Менің аянышты тағдырым – Сыртқы істер министрлігі Көші-қон қызметі сияқты құзыретті органдардың қызмет түйіні. Елім деп еңіреген ізгі ниетті ел ағаларының ершімді ерлігі. Ақ сақалды аталарымыз бен ақ самайлы аналарымыздың ақ тілеулі дұғасына, қазақ елінің журналистерінен бастап, халықаралық журналистердің ерен еңбегі, БАҚ-ның мұңға толы мақаласы мен талқылайтын тақырыбына, ақын-жазушыларымыздың жан тебірентерлік поэзиясына, әншілеріміздің мұңға толы әніне, интернет желісіндегі маған араша сұраған қолдаулар мен мыңдаған адамдардың жан тебірентерлік хаттарына айналып, ақыры үлкен жеңіспен, Қазақ еліндегі ұлан-асыр тойға ұласқанына шексіз ризамын.

Бұл орайда менің басыма қиындық түскен алғашқы күннен бастап осы істі өз мойнына алған адвокат Абзал Құспанға, сот залынан босатуды сұраған прокурор Арзыгүл Имяроваға, әділ үкім шығарған судья ханым Динара Құйқабаеваға алғысым шексіз.

Алғашқы сәттен менің тағдырыма алаңдаушылық білдірген «Abai.kz» сайтына, оның сол кездегі басшысы Дәурен Қуатқа, ұжымына, аталған ұжымға барып, менің жағдайымды айтып жарғақ құлағы жастық көрмеген қайным Нұрболат Асанға, менің өміріме ерекше араша түскен Серікжан Біләшұлы, Қыдырәлі Оразұлы, Шаяхмет Қали сынды ағаларымыз бастаған «Атажұрт» еріктілер ұйымына, әр күн сайын, әр сағат сайын менің хал-ахуалымнан халықты ақпараттандырып отырған Нұргелді Әбдіғани, Сәуле Әбілдаханқызы, Дина Ысқақова, Қанат Бірлікұлы, Ермұрат Бапи, Бақытгүл Мәкімбай...

Сандуғаш сынды мені қолдап, дем берген журналистер қауымына, сонау Германиядан менің сотыма арнайы келіп, рухани қолдау білдірген, халықаралық дәрежеде көмектескен Өмірхан Алтын ағаға, халықтың қолдауын ерінбей қағазға хаттап, мыңдап тізім жасап, сотқа тапсырған Сараш Қоңырбаева, Руза Бейсенбайтегі сияқты жанашыр апайларға, Ауыт Мұқибек, Рысбек Сәрсенбайұлы, Әміржан Қосан, Мұхтар Тайжан, Геройхан Қыстаубаев, Расул Жұмалы, Серікжан Мәмбеталин сынды қоғам белсенділеріне, Құл-Керім Елемес аға сынды басқа да ел ағаларына, Қазыбек Иса, Жұматай Оспанұлы, Дариға Мұштанова сияқты талай жыр жолдарын арнаған арқалы ақындарымызға, Меруерт Түсіпбаева тәрізді батыл әнші қызға, уақытша қамау абақтысында маған барынша жағдай жасап, денсаулығыма жіті назар аударған Жамбыл аға, медбике Динарадан бастап, барша күзет қызметкерлеріне, ақ дастарханын жайып, алақайлап қарсы алған «Үйсін» кафесінің иесі Ережеп бауырыма, «Алатау» мейрамханасының иесі Сарқыт аға, «Тимужин» мейрамханасының қожайыны Айбын ағаларыма, Қостанайдан келген Абзал, Оралдан келген Талғат Қатауовқа, Ақтаудан келген Ержан, тағы басқа аты аталмай қалған барша қолдаушыларыма – жолдан арқан керіп, шашу шашып қарсы алған Шелек пен Бәйдібек ауылының тұрғындарына – мені төбесіне көтерген бүкіл халыққа мың алғыс! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Алаш жұртының іргесі сөгілмесін! Басымыз аман, бауырымыз бүтін болсын!

Сайрагүл Сауытбай

Абай.kz
Просмотров материала: 6 294

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 158 299 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 158 118 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 157 752 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 157 793 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 158 086 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 305 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 450 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 643 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 413 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 595 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 433 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 361 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 067 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 932 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 760 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 918 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 045 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 711 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 084 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 812 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 820 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 660 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 501 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 763 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 704 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 216 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 653 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 538 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 796 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 130 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 538 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 517 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 559 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 500 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 736 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 881 Просмотров





Опрос


«    Июль 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031