3 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Халықтың өзі әншісымақтарды қолдан «жұлдыз» етіп жіберді - Жұбаныш Жексенұлы

09 август 2018, 16:49
Халықтың өзі әншісымақтарды қолдан «жұлдыз» етіп жіберді - Жұбаныш Жексенұлы
Танымал әнші Жұбаныш Жексенұлы қазақ шоу-бизнесіндегі былықтардың бетін ашып, жан айқайын жеткізді. Ол бүгінде телеарналарда мән-мағынасыз, дабыра шоулардың қаптап кеткенін, ал әншісымақтардың той төңірегінде ән шырқап, өзін ел мүддесін ойлап, шаршап жүрген тұлға көрсеткісі келетінін айтып ашынды. Бұл туралы «Қазақ үні» порталына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әншінің сөзінше, бүгінде шоу-бизнесте жүрген өнер адамдары “не істеп жүргенін өзі білмейді. Мұндай масқараға қарап, Жексенұлының өзі әнші болғанына арланатын көрінеді.

«Жоғары жақтан тапсырма бар ма, жоқ шын мәнінде арналардағылар арзандады ма, өңшең өресіз күлдіргі, саяз сатириктердің заманы туды. Танымы бар, ой қозғайтын бағдарламалар жоқтың қасы. Ойын-сауық, бос даңғаза.. Сын айтсаң тағы өкпелеп, жауығады… Өздеріне сенімді, ылғи «кәсіпқой». Үлкеннен имену, кішіден ұялу дегенді мүлдем білмейтін бір толқын келді. Соларды қоғам тағы ұлықтап, қолдан «тұлға» жасауды әдетке айналдырған. Бір сөзбен айтқанда, Масқара! Кім не істеп жүргенін өздері білмейді (әсіресе осы шоу бизнес, әннің айналасында жүргендер). Осыдан кейін әнші болғаныңа ұялып, арлана бастайсың…», – деп бастады сөзін Жұбаныш Жексенұлы.

Өз сөзінде әнші қоғамның деңгейі жұлдыздар туралы өсек теруден аспай тұрғанын айтып қынжылды. Сондай-ақ, ол біраз уақыт бұрын Қайрат Нұртасты «жерге» теңегені үшін қазақтың бұлбұлы Бибігүл Төлегенованы сынап-мінегендерді көріп, тыңдарманның ойлау деңгейі, мәдени деңгейі өте төмен екеніне көзі жеткенін басып айтты.

«Есімін ұмытып қалдым, Қытай жақтан келген бір бауырымыз: «Қазақстанда айқайлап ән айтқаннан басқаның бәрі адам емес екен ғой» – деп еді…

Қоғамның да деңгейі сол, әнші-мәнші жайлы өсек теруден аспай қалды. Деңгейсіздік өте қатты белең алды… Осыдан біраз уақыт алдында Бибігүл Төлегенова апамызға «Инстаграмда» өте сорақы пікірлер жазылды. Сол кезде менің жалпы тыңдарманның ойлау деңгейі, мәдени деңгейі өте төмен екеніне көзім анық жетті. Төмен бе, жоқ әлде мүлдем жоқ па? Көрген көз бен естіген құлақтан ұят. Айта берсең, мұндай мысалдарды мыңдап келтіруге болады», – дейді Жексенұлы.

Ал мұндай ойыңды айтудың өзі қауіпті, дейді әнші. Себебі көре алмайтын адам болып шыға келесің.

«Айтатын әннің деңгейі той-томалақтың төңірегінде… Бірақ, образдары – ел мүддесін ойлап, шаршап жүрген тұлға. Өйткені ел, халықтың өзі сол әншісымақтарды қолдан «жұлдыз» етіп жіберді… Экранға елпілдеп, екі-үш рет шықса, мән-мағынасы жоқ «Бірлік болсын әлемде» дегенді аузы талғанша қайталағаннан басқа ешнәрсе айта алмаса да, аяғы талғанша секіре берсе, жетіп жатыр… Ертеңіне – «жұлдызсың». Тіпті, сені одан кейін телеарналар мәнсіз, даңғаза шоу бағдарламаларына жүргізушілікке шақырады. Осындай, тек фонограммамен ғана елді алдап, ән айтатын, бірақ екі ауыз сөздің басын құрап сөйлей алмайтын «әншілерді» жүргізушілікке шақырып жүрген телеарналардың «талғамы» туралы не айтуға болады?» – деп ашынды әнші.

Сөз соңында Жұбаныш Жексенұлы даңғаза шоулардың телеарналарда қаптап кетуіне көркемдік кеңестің болмауы себеп болып отырғанын айтты.

«Арзан күлкілі сайқымазақтар мен дәлдүріш әншілердің қаптап кетуіне еш таңдаусыз, талдаусыз, талғаусыз, сүзгіден өткізбей-ақ, эфирге шығара беретін көркемдік кеңесі жоқ телеарналар мен радиолардың да үлесі зор. Ең алдымен миллиондаған көрерменді аяу керек емес пе? Ұят тіпті…» – деп тәмамдады әнші Жұбаныш Жексенұлы.
Просмотров материала: 2 430

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 220 562 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 220 245 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 219 748 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 219 782 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 220 159 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 726 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 753 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 087 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 763 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 796 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 999 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 837 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 958 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 605 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 479 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 444 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 715 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 466 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 870 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 665 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 480 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 320 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 170 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 529 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 412 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 901 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 268 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 222 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 464 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 860 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 213 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 160 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 299 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 227 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 470 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 608 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031