24 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақстан фермерлері дизельдік отын мәселесін шешуге Мемлекет басшысының араласқанын қалайды

06 август 2018, 11:45
Қазақстан фермерлері дизельдік отын мәселесін шешуге Мемлекет басшысының араласқанын қалайды Қазақстан фермерлерін егін жинау науқаны қарсаңында дизельдік отын жағдайы алаңдатады.

Мәселені шешуге Мемлекет басшысының кірісетін кезі келді, өйткені үкімет те, парламент те, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы да дизельдік отын бағасын арзандату мәселесін шешуге қауақары жоқ, деп санайды Қазақстан фермерлер одағы.

Шаруалардың айтуынша, дизельдік отын жағдайын түпкілікті шешетін кез келді. Еліміздің әрбір фермері солярканы қайдан және қандай бағада аламын деп күйзелмеуі тиіс.

«Біз мәселені түпкілікті әрі жүйелі түрде, үкіметтік деңгейде шешу қажет деп санаймыз. Ауыл шаруашылығы үшін нақты мұқтаждықты есептеу қажет, өйткені арзандатылған деген аты болмаса, бірақ затына сай емес: 370 мың тонна отын – бұл нақты мұқтаждықтан 2-3 есе аз. Бұл жерде мал шаруашылықтарына, өсімдік шаруашылықтарына, азық өндірістеріне арналған көлемдер ескерілмеген. Бұдан бөлек, егін егу мен егін жинауды қоспағанда, егістікте сүдігер, қар ұстау, химиялық өңдеу және тағы басқа технологиялық операцияларға да солярка қажет. Бізден өндіріс тиімділігін, жоғары өндірімділікті талап етеді, бірақ бүкіл тиісті технологияны сақтау тіптен мүмкін болмай отырғанда, оған фермер қалайша қол жеткізеді!? Ал әрбір осындай операцияны жасамау – бұл бір гектардан 2-3 центнер жоғалту. Нарық және тағы сондай-сондай деген ақталулар – мұның бәрі қулық, бұл абсурд, бұл басты саланың жанды мәселесін шешуге жоғарғы мемлекеттік менеджерлердің қабілетсіздігі. Ауыл шаруашылығындағы істердің жағдайына бүкіл ауылдың өмірі байланысты, яғни бұл елдің жартысының проблемасын шешуден ығысу» - деп санайды Ақмола облысының шағын шаруа қожалығының басшысы Сергей Ерин.


Фермердің айтуынша, фермерлер арзандатылған отынды толық емес, тек 90-95%-ын ғана алып кетеді. Қалғанын бермейтін операторлар мен шенеуніктер деп отыр Сергей Ерин. Сондықтан, үлкен көлемдерді арзандатудың қажеті деп жоқ санайды. Негізінде «ойын қағидасы» алдын ала осылай ұйғарылған, яғни фермер бәрібір ұтылады дейді Ерин.

Атап айтқанда, мемлекеттің үнсіз келісімімен операторлар фермер өзінің көлемін 1 маусымға дейін алып кетуі тиіс деген талап қояды. Аграршы несие рәсімдеп жатқанда, мерзім өтіп кетеді. Түптің түбінде фермердің өзі кінәлі, ол сол шенеуніктердің өзі ұйымдастырған бюрократия салдарынан несиені уақтылы рәсімдеп үлгермеді. Тұйық тығырық, бұл тығырықтан түпкілікті шығу мүмкін емес, деп шағымын айтады шаруа.

«Біз әділетсіз шарт шеңберінде оператордан фермер ала алмаған көлемдерді оператор нарықтық баға бойынша сататынын білеміз. Және бұған мемлекет көз жұмып отыр. Көктемнен күзге дейін фермер оған тиесілі арзандатылған солярканы өзіне ыңғайлы уақытта, мүмкіндігі болғанда ала алатындай етіп, қағидаларды қатайту қажет. Болды! Мерзімі шектелмеуі тиіс. Солярка құнына келетін болсақ, акциздер есебінен бе, салық саясаты есебінен бе, аграршылар үшін солярка бағасын нарықтық бағадан 50 пайызға арзан бағада ұстау немесе фермерлерге нарықтық баға бойынша сату қажет, бірақ оның 50 пайыз құнын субсидяилау қажет, бүгін минералды тыңайтқыштарға осындай жағдай жасалып отыр. Сол кезде осы бітпейтін даудың басы шешіледі және осы саладағы бейберекет те тыйылады. Біреулер солярка құнын ұстау, бұл нарыққа сай емес деп санайды. Сонда жеке банктерге Ұлттық қор ақшаларынан көмектесу «нарыққа сай» ма? Бірақ мемлекет мұны банктік саланың әлеуметтік маңыздылығына байланысты қолдады, олай болса ауыл шаруашылығы – әлеуметтік маңызды сала болмағаны ма? – деген сұрақ қояды фермер.

Бұл мәселені фермерлердің құптайтындығы сөзсіз.

«2016 жылғы егін жинау кезінде бір литр солярка 92,4 теңге тұрды, 2017 жылы 127 теңгеге дейін көтерілді, ал 2018 жылы 161,8 теңге болып отыр. Яғни соңғы екі жылда солярка құны 171 пайызға артты. Бұл ретте, дизельдік отын өнімнің өз құнының 17-ден 25 пайызға дейінгі үлесін алады. Сонымен қатар, 2016 жылы қант қызылшасының бір тоннасы 17 000 теңге болатын, биыл да осы бағада. Және бұл тек соялрка ғана, оған қоса артық бөлшектер, химия да қымбаттады, жұмысшылардың еңбекақысын да көтеру қажет. Сондықтан, мемлекеттің кірісуісіз, бұл мәселе шешімін таппайды», - деп фермерлердің сөзіне қосылады олардың оңтүстіктегі әріптесі, Қазақстан фермерлер одағының Алматы өкілдігінің төрағасы Ақшабай Керімбеков.

Саланы дамыту үшін, солярка мен бидай бағаларының тепе-теңдігі немесе ара қатынасы 1/3 болуы тиіс, яғни бір тонна отынның құны бір тонна бидай құнынан үш еседен артық болмауы тиіс, деп санайды Қазақстан фермерлер одағы. Мұндай ара-қатынас тіпті 90-шы дадғарыс жылдарында да болған. Бүгін тұрақтылық пен өркендеу жылдарында бәсекелестік рейтингі бойынша еліміздің әлемнің 50 үздік елі қатарына шарықтау қарсаңында еліміздің фермерлері тізерлеп отыр, өйткені бір тонна солярканың құны бір тонна бидай құнынан 4 есе қымбат.

«Иә, егер бидай бүгін 70-80 мың теңге тұрған болса, біз солярка жайлы мәселені көтермеуші де едік. Бірақ бұл үшін үкімет, барлық даму институттары қол қусырып отырмай, аз да болса жұмыс жасауы тиіс. Экспорт, логистика, астықты әлемдік нарықтарға жеткізудің баламалы нұсқалары сияқты мәселелерді пысықтау қажет. Жанымызда Қытай тұр, Ресей тұр, Орта Азия өңірінің елдері бар. Егер әлемдік нарықтарға қол жетімділік болса, онда ел ішінде бидайдың құны кем дегенде 70 мың теңге болады. Бұл жағдайда, солярканың қымбаттағаны жайлы мәселе мүлдем көтерілмейтін еді», - дейді Сергей Ерин.

Қазақстан фермерлер одағының атқарушы, сол сияқты өкілдік мемлекеттік билік органдарына жолдаған барлық өтініштері шешімін таппады, дейді ҚФО. Сондақтан олар бұл мәселеден шығатын 2-ақ жол көруде: бірі - жыл сайын АӨК үшін азрзандатылған дизельдік отынның 1 тоннасын бөлу туралы шешім қабылдау жөнінде Мемлекет басшысына жүгіну. Екіншісі, бәрін қаз-қалпында қалдырып, істің ақырын күту.

Бұл жағдайда АӨК-нің барлық шаралары дәрменсіз болады, өйткені өндірілетін өнімнің өзіндік құны тек дизельдік отынның қымбаттау салдарынан ғана өседі.

«Біз ҚР Үкіметіне жүгінген жоқпыз. Бірақ тіпті Ауыл шаруашылық министрлігінде біздің мәселеге түсіністікпен қарағанымен, оны шешуге қауқарсыздығын көрсетіп отыр. Энергетика министрлігінің мұнай-газ бизнесін қолдайтыны айдан анық, бұл мәселені көтермеудің және шешпеудің сан қырлы сылтауын тауып, ат тонын ала қашып отыр. Әрі-беріден соң, біздің өзімізді кінәлауға дайын. Фермерлер одағының атынан біз Нығматуллин мырзаға, Тоқаев мырзаға да жүгіндік, біздің барлық өңірлік өкілдіктеріміз де сол өңірлерде сайланған ҚР Парламентінің депутаттарына да шықты. Бәрі түкке тұрмайтын жауаптар жібереді, ал кейде тіпті хаттарымызды жауапсыз қалдырады.

Ақмола облысы мәжілістерінің бірінде біздің өкіліміз Қанат Сүлейменов ҰКП басшысы Тимур Кулибаевқа тікелей жанар-жағармай мәселесі жөнінде дизельдік отынның өз құнына қатысты сұрақ қойды. Фермерлер одағы әртүрлі өңірлердегі бидайдың өзіндік құны туралы есептер ұсынды, біз де дизельдік отын бойынша осындай ақпарат алғымыз келеді. Тимур Асқарұлы мұның ешқандай құпиясы жоқ, ақпарат ұсынылады деп уәде берді. 3 ай өтті – үн-түнсіз. Егер Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшысы сияқты осындай шендегі адамдар аграршылардың проблемасын әлі күнге дейін шеше алмай немесе шешкісі келмей жатса, онда бізден не үміт? Ең өкініштісі, ақ жағалылардың өздері бізден үнемі өндіріс тиімділігін, өндірімділікті талап етіп, нұқумен болады, сонда біз оларға: Мырзалар, ал Сіздердің тиімділігіңіз қайда? Сіздердің өндірімділігіңіз қайда? Сіздер неге алған жалақыларыңызды ақтамайсыздар? Лауазым иесі болып отыра, Сіздер неге Елбасы мен қарапайым халық артқан сенімдер мен үміттерді ақтамайсыздар? Таңғы бестен түнгі он екіге дейін тыным таппай жұмыс істейтін механизатор немесе малшы сіздер алатын жалақы туралы армандамайды да ғой? – деген сұрақтар қойсақ қайтеді?» - деп ашынады Қазақстан фермерлер одағының бастығы Әуезхан Дарынов.


Бұл жолдан шарасыздықтан шығуда тек Мемлекет басшысы көмектесетініне Қазақстан фермерлер одағы сенімді. Әйтпесе, қымбаттап жатқан дизельдік отын мәселесі ауыл шаруашылығын ауқымды дағдарысқа алып келмекші.
Просмотров материала: 1 526

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 547 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 378 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 123 019 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 123 043 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 351 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 493 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 666 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 735 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 927 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 071 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 452 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 327 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 653 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 549 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 358 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 461 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 657 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 325 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 670 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 435 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 431 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 272 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 117 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 363 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 295 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 826 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 174 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 150 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 369 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 697 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 120 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 136 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 178 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 101 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 334 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 485 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930