13 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Баян Мақсатқызы Талғат Теменовке жауап берді: Авторлық құқықты бұзды дегенге келіспеймін

03 август 2018, 14:08
Баян Мақсатқызы Талғат Теменовке жауап берді: Авторлық құқықты бұзды дегенге келіспеймін Таяуда ғана «Махаббат бекеті» фильмінің режиссері Талғат Теменов продюсер Баян Алагөзоваға шүйлігіп, өз фильмінің жалғасын түсіруге құқығы жоқ екенін айтқан еді. Өз кезегінде Алагөзова режиссерге жауап беріп, өзінің туындысы мүлде бөлек шығармаға негізделгенін айтты, деп хабарлайды abai.kz.

Күні бүгін порталымызда «Мен тірі тұрғанда кім бұларға рұқсат берген?!» атты мақала жария болды. Онда 1993 жылы экранизацияланған «Махаббат бекеті» фильмі төңірегіндегі дау жайлы жазылды.

Белгілі режиссер Талғат Теменов өзінің «Гүлназ» атты повесті желісінде түсірілген көркем фильмнің «жалғасын» түсіріп жатқан Баян Мақсатқызына өкпесін білдірді. Ол туралы егжей-тегжейлі жоғарыдағы сілтемеден оқи аласыздар.

Аталған мақала жария болғаннан кейін 1,5 сағат уақыт өткенде порталымыздың редакторы Нұргелді Әбдіғаниұлына Баян Мақсатқызы хабарласып, аталған фильмге қатысты пікірін білдірді. Баян ханымның да айтары бар екен. Сөз бердік.

Баян Мақсатқызы, продюсер:


- Мен «Махаббат бекетінің» жалғасын түсіріп жатқан жоқпын. Бұл мүлде бөлек шығарма. Мүлде бөлек авторлар. Мүлде бөлек оқиға желісі. Менің түсіріп жатқан фильмім «Тағдыр бекеті» деп аталады. Фильм түсіруге құқығым бар ғой.

Талғат Теменовтің повестінен ештеңе ұрлаған жоқпыз. Оқиға желісі мүлде ұқсас емес. Керек десеңіз, Талғат Досымғалиевичтің фильміне, оның сценарийіне еш қатысымыз жоқ.

Ал мен өз фильмімде кімдерді, қандай актерлерді ойнатамын, оны өзім шешемін. Ол менің жеке шаруам ғой.

Иә, кейіпкерлерімнің аты Гүлназ бен Орал. Гүлназ бен Орал деген халықтық есімге айналып кеткен.

Біз ешқандай авторлық құқықты бұзған жоқпыз. Иә, фильмде «Махаббат бекетінің» музыкасын пайдаланбақпыз. Ол үшін музыка авторы Төлеген Мұхамежанов ағамыздан рұқсат алдым.

Ал «Махаббат бекеті» фильмінің кейбір кадрларын пайдалану деген мәселеге келсек, Нұргелді, бұл фильмнің авторлық құқығы «Қазақфильмге» тиесілі. Талғат Досымғалиевич осыдан 25 жыл бұрын, авторлықты «Қазақфильмге» өткізіп берген.

Ал қазір авторлық меншік ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне тиесілі. Менде вице-министрдің қолы қойылған рұқсат қағазы бар. Сондықтан, мен авторлық құқықты бұзды дегенмен келіспеймін.

Рас, Талғат Досымғалиевичпен байланыс орнатпақ болдық. Телефонын өшіріп тастаған. Байланыс орната алмадық. Ол кісімен тікелей сөйлескен жоқпыз. Әйтпесе, адам секілді алдынан өтпек едім. Өзі қалаған жоқ.

Ал енді, фильмнің сценарийін оқып алмай жатып, «менікін ұрлады» деген ұят әңгіме.

Ол кісінің фильмі «Махаббат бекеті» деп аталса, менікі «Тағдыр бекеті» деп аталады.

Баян Мақсатқызы Талғат Теменовке жауап берді: Авторлық құқықты бұзды дегенге келіспеймін



Темірлан Төлегенов, Авторлық құқық жөніндегі сарапшы:

- Кезінде, тоқсаныншы жылдары Талғат ағамыз «Махаббат бекетін» түсірді. Ол көрерменнің ең жоғарғы бағасын алды. Ол даусыз. Енді мына мәселеге назар аударған жөн. Талғат ағамыз фильмді түсірерде «Қазақфильммен» келісімшарт жасасқан.

Авторлық құқық дегеннің екі саласы болады. Біріншісі - «неимущественные права» дейді, мүліктік емес құқық. Бұл дегеніңіз, барлық жерлерде «авторы мына кісі» деп айтылып, көрсетіліп жүргенімен, ешқандай материалдық түсім болмайды.

Ал екіншісі - мүліктік құқық, яғни «имущественные права» деп аталады. Яғни, автор одан пайда табады.

Міне, «Махаббат бекетін» түсірген кезде арада жасалған келісімшарт бойынша, фильмнің мүліктік құқын «Қазақфильмге» берген. Демек, ендігі жерде фильмнің егесі «Қазақфильм» болып табылады. «Қазақфильм» ол арқылы пайда табу құқына ие.

Ал Баян ше? Баян мүлде басқа оқиға түсіріп жатыр. Бұл мүлде басқа фильм. Бұл Талғғат ағаның фильмінің жалғасы емес. Қарапайым мысал, «Абай жолы» бар ғой. Оны бәріміз оқыдық. Ал енді ертең, басқа біреу келіп, «Ғани жолы» деп кітап жазса, бұл «Абай жолын» ұрлаған болып санала ма? Екеуінің мазмұны мүлде басқа ғой.

Талғат Теменовтің пікіріне қатысты тағы бір айтарым, егер сол фильмнің жалғасын Талғат ағамыз өзі түсірсе, кейін Баян оны қайталап түсірсе, яғни «ремейк» жасаса, онда дауласуға болады.

Ол өзі түсірген жоқ қой. Ендеше басқа біреудің, басқа бір шығармасына неге дауласады?

Ал кадрлардың қолданылуына келсек, жоғарыда айтқандай, ол фильмнің мүліктік құқы «Қазақфильмге» тиесілі. Ал «Қазақфильмдегі» фильмдер ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің меншігі болып табылады.

Сәйкесінше, Баян министрлікке хат жазып, осы фильмнің кадрлары мен музыкасын өз фильмінде пайдалануға рұқсат сұраған. Министрлік, бір ғана талаппен, яғни эпизод мына фильмнен деген сілтемемен пайдалануға рұқсат берген.

Ал енді «Қазақфильм» мен Талғат ағамыздың арасында, фильмнің жалғасын тек «Қазақфильм» түсірсін деген келісім болса, бір жөн. Меніңше ондай келісім жоқ.

Мен «Қазақфильмде» 3 жыл авторлық құқық жөніндегі сарапшы болып қызмет істедім. Талғат ағамызбен ара-тұра кездесіп қалатынбыз. Ал бірақ, нақты істес болмадық.
Просмотров материала: 2 241

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 222 098 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 221 788 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 221 286 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 221 320 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 221 695 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 820 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 854 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 187 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 865 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 895 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 103 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 875 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 008 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 638 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 516 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 534 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 756 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 510 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 908 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 700 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 517 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 360 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 203 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 572 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 446 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 938 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 366 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 265 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 503 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 899 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 241 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 189 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 336 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 263 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 507 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 642 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031