9 ноября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Түрмеде отырған әрбір жазасын өтеушінің тамағына айына 150 мың теңге жұмсалады

31 июль 2018, 10:01
Түрмеде отырған әрбір жазасын өтеушінің тамағына айына 150 мың теңге жұмсалады Темір тордың ар жағында отырған әрбір жазасын өтеушінің тамағына күніне 5 мың теңге, яғни айына 150 мың теңге жұмсалады.

Бұл жөнінде Abai.kz хабарлады.

Мемлекеттің қалтасы - тесік қалта. Оның тесігінен қанша қаржы қай жаққа құйылып жатқанын бақылау қоғамның назарында болуы керек. Өткенде КТК арнасының "Аптап" бағдарламасы Қазақстандағы ең қатаң режимдегі колония саналатын "Қара бүркіт" түрмесіне қатысты сюжет көрсетті. Сол бағдарламада әрбір жазасын өтеушінің тамағына күніне 5 мың теңге, яғни айына 150 мың теңге жұмсалатынын айтты. Еліміздегі бостандықта жүрген, жоғары білімді, қоғамға пайдалы азаматтың өзі маңдай терімен 150 мың теңге жалақы алмайтын кезде кісі қанын мойына жүктеген адамға осынша қаржыны ысырап ету абсурд емес пе?

"Қара бүркіт" колониясы - Қостанай облысының Жетіқара ауданында орналасқан. Мұнда өмір бойы бас бостандығынан айырылғандар мен аса ауыр жазаға кесілген қылмыскерлер отырады. Қазір “Қара бүркітте” жазасын өтеп жатқан 128 адам бар. Олардың ішінде асқан қатыгездікпен адам өлтіргендер, маняктар мен педофилдер бар.

Түрмеде отырған әрбір жазасын өтеушінің тамағына айына 150 мың теңге жұмсалады

Рустам Ибрагимов

Мәселен, 2006 жылы саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның екі көмекшісін өлтірген Рустам Ибрагимов дәл осы жерде жазасын өтеп жатыр. Ол, саясаткердің өлімінен кейін өмір бойы бас бостандығынан айырылған болатын.


Владислав Челах

Сонымен қатар, 2012 жылғы Арқанкерген оқиғасының бас кейіпкері Владислав Челах та осы абақтыда. Ол 2012 жылы 15 шекарашыны бір өзі өлтірді деп айыпталған. Сөйтіп, небәрі жиырма жасында темір тордың ар жағындағы өмірді таңдап, мәңгілікке бас бостандығынан айырылды. Алайда, “Жас қалпымды сақтап қалу үшін йогамен айналысамын” деп анасына хат жазғанына қарағанда, Челахтың түрмедегі ахуалы жаман емес сияқты.


Руслан Күлікбаев


Сондай-ақ, 9 тәртіп сақшысын жер жастандырған Руслан Күлікбаев та “Қара бүркіттің” өз адамы. 2016 жылдың шілде айында Алматыны дүр сілкіндірген Күлікбаев өз ісіне еш өкінбейтінін, қандай жаза қолданса да сабырмен көтеретінін айтқан.

Сонымен, қазақ қоғамының үрейін ұшырған аса ірі оқиғалардың кейіпкерлері отырған “Қара бүркіттің” жағдайы қандай?

Мұнда әр сотталған адам күн сайын ыстық сорпа, жеміс шырыны және аптасына екі рет балық жейді екен. Бұған қоса, мәзірге кисель, шай, сүт, айран, май, шұжық, ірімшік т.б кіреді. Былайша айтқанда, бостандықтағы адамның дастарханынан табыла бермейтін нәрлі тағамдар. Ондағы жазасын өтеушілер: “ Біздегі сотталғандар асханада жұмыс істейді, олардың айтуынша, үйдегідей даярлаймыз дейді. Бақылаушылар құрамы түскі аста болған кезде, олардың сілекейлері ағып тұрады. Қазір мұнда тапсырысқа әртүрлі азық-түліктер әкеледі, тіпті балмұздақ та алып келуі мүмкін, - дейді.

Ал, мұның барлығы сіз бен біздің мемлекетке төлеп жатқан салығымыздың ақшасына алынады. Яғни, мұндағы бір адамға күніне 5 мың теңге ақша жұмасалады. Ал, әр қылмыскердің жағдайын жасау үшін айына 150 мың теңге кетеді екен. Әрі қарай жылдық қаржыны есептей беріңіз...

Жалпы, қазір еліміз бойынша 86 түрме бар. Алайда, сол абақтылардың ар жағындағы өмірдің шын мәнінде қандай екенін білмейміз. Бірақ, онда да миллиондаған қаржыға жасалған арнайы вип-камералар бар екені жасырын емес. Ал, ол жерде кімдер отыр? Сол отырғандарға жұмақ жағдайды жасап бергендер кімдер? Неге біздің биліктегілердің қанішерлерге келгенде қолы ашық? Түсініксіз.
Просмотров материала: 3 192

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 226 163 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 225 861 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 225 363 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 225 405 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 225 767 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 14 047 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 13 070 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 413 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 18 119 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 18 136 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 333 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 956 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 082 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 699 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 579 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 633 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 818 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 572 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 987 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 763 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 577 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 430 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 272 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 643 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 509 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 18 002 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 446 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 324 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 561 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 960 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 308 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 245 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 385 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 322 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 582 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 698 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30