24 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Сапарбаев өзіне қарасты шенеуніктердің не бүлдіріп жүргенін біле ме?

Сапарбаев өзіне қарасты шенеуніктердің не бүлдіріп жүргенін біле ме? Мен зардап шегуші Әбдікәрім Ерлан Нұрмұханбетұлы Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, Жұбанов көшесі, №18 үйде тұрамын. Білімім жоғары. Білім саласында 27 жыл еңбек етіп келемін, отбасымда әйелім, екі балам бар.

Еңбек демалысында жүрген болатынмын. Ақтөбе қаласынының қалалық сотында жұмыс жасайтын танысым менің үстімнен ашық сотқа дайындық жүріп жатқанын айтып, маған сотқа шақыру қағаз жіберді. 09.07.2018 жылы жергілікті уақытпен 16.30-да судья Алмасбаева Б.А-мен жолығуым керек екен. Мезгілсіз уақыт болғандықтан пойызға билет таппай, жолсерікке жағдайды түсіндіріп, соттың шақыру қағазын көрсетіп жатып, әрең жолға шықтым.

Содан 9 сағат жол жүріп таң ата Ақтөбе қаласына жеттік. Түнімен "не бүлдірдім" деп уайымдап ұйықтамағандықтан басым айналып, нәр татпастан Ақтөбе қаласы сотының 203 бөлмесінің есігін қақтым. Есіктің арғы жағында тұрған хатшы қыз балаға (Есенғұл Ж.А.) қолымдағы сотқа шақыру қағазымды ұстаттым. Ол мені көріп қуанып кетті. Мені неге шақыртқанын түсіндіріп, қолыма Ақтөбе қаласының әкімінің, Жер қатнастар бөлімі Мемлекеттік мекемесінің орыс тілінде жазған талап арызының көшірмесін ұстатты. Мен талап арызбен танысып жағамды ұстадым. Мемлекеттік мекеме бола тұра не деген бас қатырғыш құйтырғы жобалар ұйымдастырып, оны жүзеге асырып, 100 миллиондаған ақшаны қалталарына басқан.

Енді тағы сондай «Б» жоспарын құрып қара кедей халықтың қалтасына түсу ұйымдастырылуда екен. Менің жеке ойымша іс былай болған. 2016 жылы Ұйымдасқан Мемлекттік мекемелердегі мемлекеттік қызметкерлердің Қылмыстық Топ (ҰМММҚТ) Ақтөбе қаласы әкімшілігі ММ, Жер қатынастар бөлімі ММ , Ақтөбе қалалық әділет басқармасы ММ, Ақтөбе қалалық Прокуратура т.б. мекемелермен бірігіп, бос жатқан жерлердің (Заречный-3, Керпичный, Ақжар, Батыс аудандары т.б.) тізімін алады. Ол жерлерді өздерінің адамдарының атына (Джумагалиев М.М.) құжат дайындайды және әр бір жерді өз адамдары (Джумагалиев М.М.) арқылы 10-13 миллион теңгеден сатқызады, жер құжаттарын өздері жасамай орынбасарларына дайындатқызады, себебі ертен ұсталса жұмыстан кетіп қаламыз ба деп ойласа керек. Ал орынбасары болса, ол өздерінің қолында... Сөгіс немесе әкімшілік айыппұл төлеп жұмысында қала береді. Сот барысында белгілі болғандай осындай жолмен 39 жер дайындалған. Демек бірнеше 100 миллион теңге ақшаны әкімшіліктегілер қалтаға басқан.

Енді әр екі жыл сайын өздері прокурорға тексертіп, бұл заңсыздықты білмеген сыңай танытып, өздерінің орынбасарлары басшыларына айтбай жер үлестіріп жіберген етіп, сатылып ақшасын алып алған жер иелерінен қайта жерді тартып алу шарасын бастап кеп жіберген. Бұған негіз боларлық Прокуратураның қағазы бар.

Осылай біздің ісімізді Ақтөбе қалалық сотына береді. Онда талап арызға көңіл бөліп жатқан судья жоқ. Себебі талап арыз біріншіден Мемлекеттік мекемеден мелекеттік тілде қабылдамаған, екіншіден талапкерлердің ешқайссының мекен жайлары, телефоны, ЖСН жоқ. Ол не деген сөз? Ол ҚР АПК 6,148 бабы 2 тармағының 2 тармақшасы талап арыз берерде нақты талаптар сақталмаған, сол үшін ҚР АПК 152 бабы 1 тармағының 3 тармақшасы негізінде сот істі қайтару қажет. Бірақ сот талап арызды қабылдаған. Шақырту қағазды танысымыз болғандықтан солардан естіп өзіміз алдық. Ал егер шақыру қағазы келмесе не істейді, яғни сырттай шешім шығады делінген сөз.

Осылайша, Қазақстан Республикасында азаматы бола тұра маңдай терімізбен тапқан ақшамызға сатып алған жерімізден айрылып қала салады екенбіз.

Сонда «Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 26 шілдедегі №310 санды «Жылжымайтын мүлікке құқықтарын тіркеу» туралы заңының 7-1 бабы негізінде Мемлекет жылжымайтын мүлікке қатысты тіркелген құқықтар мен шектеулер туралы берілген ақпараттың анықтығына кепілдік береді. 7-1 2. Тіркеу тәртібін бұзудан, тіркеу деректерін бұрыс енгізуден, ақпарат беруден, ақпарат мазмұнын бұрмалаудан келтірілген залалдар сот тәртібімен өтелуге жатады» делінген Заң қайда қалады?.

Мемлекеттің кепілдігі қайда сонда?

2016 жылы "Балалар өсіп келе жатыр. Ертең мектеп бітіреді. Ақтөбе қаласына оқуға барса, әркімнің үйін паналап жүре ме?" деген оймен жер іздеп, Ақтөбе қаласының шетінде орналасқан Заречный -3, участок 1238 кезіктік, ол жер Джумағалиев Мухтар Махамбетовичтің иелігінде екен, телефон арқылы танысып, 26 жыл бойы жолдасым екеуміздің балалаларымыздың ауызынан жырып жинаған ақшамызды алып, Ақтөбе қаласына келдік. Джумағалиев Мухтармен кездесу ұйымдастырып, кездесу барысында жердің орналасқан жерін, құжаттарды сұрадық. Құжаттардың заңды, заңсыздығын тексерейік деп, бір күнге рұқсат алдық. Құжатты мемлекеттік базы арқылы тексертіп, жердің заңды екеніне көзіміз жетті.

Сосын Ақтөбе қаласы, Әбілхайыр хан данғылы, №22 үйдің, 32 бөлмесінде орналасқан НОТАРИУС (лецензия №0001697, 29.11.2003 жылы ҚР ӘМ берген) Бондаренко Елена Дмитриевна арқылы Сыйға беру келісім шартын жасастық, 13 000 000 (он үш миллион) теңгеге, себебі сыйға беру мен сатып алу келісімшарты бірдей, тек айырмашылығы сыйға беруде сатып-алу сомманы көрсетпейсің, сосын сатушы салық төлемейді екен деген сөзіне сеніп, келісімшарт жасастық.

Дәл сол кезде қуанышымызда шек жоқ еді. Енді міне, екі жыл болды сол жерге үй саламыз ба деген ниетпен тірнектеп ақшамызды жинап, банктен несие алып құрлыс материалдарын 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңгеге сатып алып, еңбек демалысымда құрылыс бастаймын деп жүргенде жерімізді тартып алмақ.

Ақтөбе қаласының сотында Ақтөбе қаласы әкімі, Жер қатынастар бөлімі талапкер болып, жауапкер мен және мен сияқты 39 адамның (оның көбі әзірге хабарсыз болуы мүмкін) құқықтары тапталып меншіктерінен айырылу алдында тұр.

2018 жылыдың қаңтар айында Ақтөбе қаласы әкімін, Жер бөлімі мемлекеттік мекемесін Ақтөбе қаласының прокуратурасы тексеріп, 2016 жылдарда жерді заңсыз берген деген тұжырымға келген. Жер бөлімінің орынбасары Ж.А.Сармановқа әкімшілік шара қолданып жай ғана айыппұл салған. Сол тұжырымдама негізінде меншік иесі қара халық сатып алған жерін мемлекетке қайтару керек деген. Ақтөбе қаласының әкімі, Жер қатынастар бөлімінің басшылыры, оның құжаттарын заңдылығын қадағалаушы және тіркеуші Ақтөбе қаласының әділет басқармасы, орта да жүрген сыбайластары Джумағалиев Мухтар Махамбетович арқылы бос жатқан жерлерді заңдастырып, оны қарапайым халыққа сатып одан түскен 100 миллионнан аса ақшаны қалталарына баспады ма? Енді екі жыл өткенен кейін заң орындарына өздерінің былығын жасыру үшін Ақтөбе қалалық сотына өздерінің берген жерін заңсыз деп танып қайтадан мемлекеттің меншігіне қайтарып алып, тағы да біз сияқты қарапайым халықтың қалтасына түсуді жалғастырмақ па?

Ақтөбе қалалық сотына берген талап арызда Ақтөбе қала әкімі, Ақтөбе қаласының жер қатынастар бөлімінің бастығының орынбасары Ж.А. Сармановтың тұрғын үй салуға жер беру туралы 20.07.2016 жылғы №881 бұйрығы дұрыс емес, сондықтан жерді тұрғындардан тартып аламыз деген. Сонда қалай, қандай елде тұрып жатырмыз, халыққа қызмет етеді деген үкіметіміз, мемлекеттік мекемеміз, халыққа қызмет етеміз деген шенеуніктеріміз халықтың заңды меншігіне қол сұғып тартып ала бермек пе?

Қазақстан Республикасы Конституциясы 1 бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» делінген.

Ақтөбенің мемлекеттік мекемелері адам өмірімен неге ойнап отыр?


Редакциядан. Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев - ұлтшыл азамат. Ол кісінің іскерлігі мен қайраткерлігін бар қазақ біледі. Адамдардың тағдырымен ойнап жүрген шенеуніктердің мына ісін әкім біле ме екен? Осындай оймен мақаланың тақырыбын Сапарбаевтің назарына тікелей бұрып отырмыз...


Ерлан Нұрмұханбетұлы

Abai.kz
Просмотров материала: 1 821

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 431 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 263 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 903 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 927 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 236 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 486 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 660 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 729 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 919 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 062 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 443 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 325 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 652 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 548 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 357 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 459 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 655 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 322 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 669 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 434 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 430 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 270 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 116 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 362 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 294 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 825 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 172 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 149 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 367 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 696 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 118 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 135 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 177 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 099 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 333 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 484 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930