21 декабря 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Академик елдегі келеңсіздіктерді айтып, Президентке ашық хат жазды

27 июль 2018, 15:16
Академик елдегі келеңсіздіктерді айтып, Президентке ашық хат жазды Академик Оразалы Сәбденнің ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевқа ашық хат жазды.

Ұлт порталы поштасына Академик Оразалы Сәбденнің ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевқа, Қазақстан халқына жазған ашық хаты келіп түсті. Хаттың толық мәтінін көпшілік назарына ұсынуды жөн көрдік.



Қазақстан халқына,

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевқа


АШЫҚ ХАТ


Біз өзі қайда бара жатырмыз? Бізді қайда алып барады?! Кеше ғана автоұрылардың қолынан қапияда қаза болған Теннің тағдыры ой салды.

Ата-анасына, туған-туысына, Қазақстанның туын көтеріп жүрген спортшы жора-жолдастарына, бүкіл Қазақстан халқына көңіл айтамын!

Өкінішке орай, бұл жалғыз Денис Теннің басында болған оқиға емес! Осындай келеңсіздіктердің түр-түрі еліміздің әр түкпірлерінде өте жиі кездесуде. Мұны егеменділік алған 27 жылдан бері тапқан жетістігімізбен катар, жіберген үлкен қателігіміз деуге болады. Дәл осы туралы "ойлан, халқым, толған, билік" дегім келеді. Егер дәл осылай кете берсек, бала-шаға, немере-шөберелердің келешегі не болады? Айналадағы алпауыттарға жұтылып кетпейміз бе деген күдік кеудені кеулей түседі.

Әлемдік Давос форумының жаһандық бәсекелестігіне жүгінсек, Қазақстан денсаулық саласы бойынша 94-орында екен. Ең өзекті инновация, жаңа теxнология, бизнес, ғылым салаларының дамуы бойынша 80-100-орында болсақ, жас нәресте өлімінен, анемия, суицидтен ең соңындамыз, қаржы саласы бойынша 114-орында, ал коррупциядан алдымызға жан салмай, бәрінен озып келеді екенбіз.

Сонда біз немен мақтана аламыз? Осындайда "Қалың елім, қазағым, қайран жұртым" деп күңіренген ұлы Абай хакімнің сөздері еріксіз есіңе түседі!..

Осы күнге дейін сауынды сиырдай сорып келген екі емшегіміздегі мұнайымыз бен газымыз да, сирек металдарымыз да біраз жылдардан кейін таусылады. АҚШ-тың өзі жер байлығын ашып есептеп, қайта көміп, келер ұрпақтарына қалдырып отыр! Біз сонда не қалдырамыз? Кедейшіліктен көні кепкен қарапайым қазақтың соры қайнап отырғаны рас. Жоқшылықтың нәтижесінде тәрбие-білімнен кенже қалған, бір мамандық иесі атана алмаған қазақ жастары ұрлыққа баруда, теріс жолға түсуде. Біз бүгін ауызша ғана дамыған елдердің қатарына қосылып, "рухани дамып" жатырмыз. Шындығында, руxани құндылығымызды түгендер болсақ, мұнда да мақтанатындай ештеңе жоқ.

Сонда біз әлемде неден алдамыз? Оны айта алмаймын.

Денис Тен, Самал Еслямова, Геннадий Головкиндер өз күшімен жетістікке жетіп, Қазақстанның атын шығарып жүр еді. Енді міне, Теннен де айырылдық... Осы біз Мұстафа Өзтүріктен де жылап айрылғанымызды неге ұмыттық? Неге бүгінде елім деген азаматтардың үні шықпайды?

Құрметті Елбасы, осы келеңсіздіктерге шұғыл түрде назар аударуыңызды сұраймын!

Тез арада «елім» деген ақылман азаматтармен дөңгелек үстелде бас қосып, ел ішіндегі бүгінгі дертті ашық айтып, алдын алу үшін не істеу керек екенін ақылдасу керек! Егер көп жылдан бергі қордаланып қалған келеңсіздіктер туралы мен айтар болсам: жұмыссыздық (2,7 млн. жұмыссыз өзін-өзі қамтамасыз етеді дейді, бірақ бұл шындыққа жанаспайтыны анық). Егер біздегі 4,9% жұмыссыздық рас болса, онда әлемдік ГИННЕС Кітабына нағып кіре салмаймыз!?

"Кейбір жігіт жүреді мақтан күйлеп..." деп ұлы Абай айтпақшы, мақтанғанда алдымызға жан салмайтын болдық. Әсіресе біз адам тәрбиелеуден кенже қалдық, руxани-мәдени, тәрбие, кейде мораль деген сөзді ұмытып кеттік. Міне, бұл күнгі біздің болмысымыз осы.

Сонда біз қайда барамыз, бізді қайда алып барады?

Өкінішке орай, қайда бара жатқанымызды білмейміз...

Қайда бастап бара жатқандарын батыс алпауыттары да білмейді.

Әлемнің өзі қазір әлем-жәлем болып тұр. Дамыған елдер байлыққа бас ұрып, руxани құндылықтан кенже қалды. Әлеуметтік инновация дамып жатқан кейбір Скандинавия мемлекеттерін айтпағанда, дамыған мемлекеттердің өзі өркениет жолынан шатасып отыр. Бір карағанда, Қытай экономика жағынан жақсы дамып келе жатыр, алайда, демократия жағынан Кытайды алда көп қиындықтар кутуде. Әлем дамуының мән-жайын болжай келе, бізге де ойланатын кез келді я бұл соңғы мумкіндігіміз болуы мүмкін.

Әлемдегі жылдам өзгерістер біздің қазіргі керенау қозғалысымызға қарап тұрмайды. Шығыста 1,4 млрд. Қытай, оңтүстікте 1,3 млрд. халқы бар Үнді елі, солтүстікте 147 млн. орысың ол отыр. Өзбек көршіміз де қарап жатқан жоқ, тез көбейіп 33 млн-ға жетті! Олар жылда шет елде тірлік жасап, 20-25 млрд АҚШ долларын ел бюджетіне әкелуде. Ал бәріміздің төбемізден қарап, АҚШ тұр. Осылардың қыспағында мәңгілік шикізат елі болып калмаймыз ба деген күдік те жоқ емес. Бұл сұрақ қазір әр қазақты мазалауы тиіс. Әрқайсымыз үн қосатын кез келді!

Мен өз басым Елбасына егеменділік алғалы 30-дан астам концептуалды елдің дамуына қажетті деген идея, ұсыныстарымды беріп келемін. Соның бірі 2012 жылы тікелей жоба ретінде барлық есебімен жазып берілген Түркістанды рухани Астанаға айналдыру арқылы рухымызды көтеру жобасы еді. Бүгінгі таңда бұл жобаны жүзеге асырудың өзектілігі артпаса, кеміген жоқ. Елбасына берген жобаларымның бірі іске асса, басқалары өз кезегін күтуде. Оның себебі, жоғарыда айтылған, ендігі, баршаңызға мәлім...

Мен әлі де елім үшін, болашағымыз үшін қызмет етуге дайынмын.

Ертең жарыққа шығаратын әлемдік деңгейдегі жобам да даяр тұр. Елде қордаланған үлкен проблемаларды оңтайлы шешу үшін не істеу керек деген сұраққа жауабым: әлі де кеш емес.

Сыздауықтай асқынған елдің ішкі келеңсіздіктерін шешу үшін Елбасының өзі мұрындық болып, халқымыздың арасынан мақтау-мадақтан алыс, келелі ой айта алатын, іс жасай алатын, табанының бүдірі бар ақылман игі-жақсыларды бір дөңгелек үстел басына жинап, ақыл-кеңес құру мәселесі уақыт күттірмейтін аса қажет мәселе болып отырғанын тағы да айтамын. Аталмыш проблемаларды шешудің негізгі тетіктері қандай, мемлекетті жаңа жолға салу үшін не істеу керек, осы сұрақтарының төңірегінде кеңес құру - бүгінгінің ең ұтымды қадамы болмақ. Бұл Кеңес - тұрақты Мемлекеттік ұлттық Кеңес ретінде үнемі жұмыс істеп тұруы керек.

Кеңес функциясы - Конституциялық өзгерістерге, саяси-әлеуметтік, экономикалық өзгерістерге оң ықпал ететін ұсыныстар беріп отыру болып табылады. Кеңесте талқыланатын мәселелердің бәрі халыққа жария түрде өткізілуіне мән беру де аса маңызды болмақ.

Біз ұсынып отырған жиынға әлемнің әр тарабында тарыдай шашылып жүрген талантты қандастарымыз да қатысуы тиіс. Бұл отырыс жариялы болса я оны барлық ақпарат құралдары тегіс көрсетсе деген ой бар. Сонда кімнің ішінде не бар, кімнің қандай ойы бар екенін халық білетін болады. Ат төбеліндей аз халықпыз, мақсатымыз ел мен жерді, тіл мен ділді сақтап, келер ұрпақты бақытты ету, өзге елге жем болмау, өркениетті, дамыған, демократиялық ел болу! Осыны көрген халқымыз өз уәжін ел алдында сөз айта алатын марқасқа азаматтары арқылы білдірер еді, тура жол көрсетілер еді. Елбасы да жұмыр басты пенде, бәрін ой елегінен өткізіп, осы қадамға барғаны дұрыс болар еді деп ойлаймын.

Халқым, сіз не дейсіз?

Оразалы Сәбден

Қазақстан ғалымдар Одағының Президенті,

академик, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты,

ҚР Парламентінің 4 дүркін депутаты,

СССР спорт шебері, Қазақстан чемпионы
Просмотров материала: 4 963

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 180 260 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 179 764 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 179 355 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 179 407 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 179 715 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 514 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 646 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 881 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 054 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 212 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 815 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 074 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 443 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 271 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 099 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 305 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 359 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 039 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 432 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 154 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 158 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 987 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 827 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 094 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 030 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 543 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 064 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 863 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 129 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 496 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 881 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 826 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 884 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 842 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 071 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 215 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031