30 января 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Ақтөбедегі 52 өзбектің өлімі: автобус жүргізушісі сотта оқиғаның қалай болғанын айтты

Ақтөбедегі 52 өзбектің өлімі: автобус жүргізушісі сотта оқиғаның қалай болғанын айтты Ақтөбе облысында биыл қаңтар айында тірідей өртеніп кеткен 52 өзбекстандыққа қатысты сот ісінің бастапқы тыңдауы өтті, деп хабарлайды Sputnik тілшісі.

Қайғылы оқиға 18 қаңтарда сағат 10.30-да Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында Самара-Шымкент тас жолының 1068-ші километрінде Қалыбай ауылына жақын жерде болған еді. 57 жолаушы мінген автобустан өрт шығып, 52 адам қаза тапты – бәрі Өзбекстан азаматтары. Аман қалған үш жүргізуші – қазақстандықтар, тағы екі өзбек азаматы да өлім аузынан қалған.

Жүргізушілер Барат Таңатаров, Нұржан Қырғызбаев және Мақсат Пернебеков өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу, көліктік құралдарды пайдалану ережелерін сақтамау салдарынан екі немесе одан да көп адамның қаза табуы бойынша айыпталған. Қылмыстық іс 52 томнан тұрады, 100-ден астам адам жәбірленуші ретінде тіркелген. Өртеніп кеткен сегіз жолаушының өкілдері жүргізушілерден моральдық шығын талап еткен: 600 бен 800 мың теңге аралығында.

Ақтөбедегі 52 өзбектің өлімі: автобус жүргізушісі сотта оқиғаның қалай болғанын айтты


Жүргізушілермен бірге сотталушылар қатарында кепілмен босатылған тағы екі адам бар: Бахадир Бердібаев – автобусты рейске шығаруға рұқсат берген механик – оған техникалық ақауы бар автобусты бағдарға жіберді деген айып тағылды және жанып кеткен автобусқа иелік ететін тасымалдаушы фирманың басшысы Нұрлыбек Телепбаев. Заң нормасы бойынша жұмысшылардың әрекеті үшін ол да жауап беруі тиіс.

Екі сотталушы кінәсін жартылай мойындады – Нұржан Қырғызбаев пен Мақсат Пернебеков.

Қырғызбаевтың айтуынша, қаралы күні жанармай бекетінде автобусқа сапасыз қысқы солярка құйғандықтан, көліктің қозғалтқышында жанармай қатып қалыпты. Сол себепті жолдың шетіне тоқтауға тура келеді. Автобус жүргізушілері жолай өтіп бара жатқан көліктерден жәрдем күтеді. Тергеу барысында Қырғызбаев айтып бергендей, автобустың іші тез суыта бастайды. Сол кезде жүргізушілер көліктің моторын дәнекерлеуші шаммен жылытпақ болады, бірақ Мақсат Пернебеков бұл ойдың өте қауіпті екенін айтып, бас тарқан көрінеді. Қырғызбаев жолаушыларды аяп кетіп, дәнекерлеуші шамды жағып, адамдар біраз жылынып алсын деген оймен автобустың ішіне қояды.



Сол кезде жүргізушілер қастарынан өтіп бара жатқан автобусты байқап қалып, салоннан атып шығып, көмек сұрауға ұмтылады. Дәл сол автобустың жүргізушісі Setra автобусының ішінен түтін шыққанын байқаған екен. Қырғызбаевтың айтуынша, өрт жолаушылар арасындағы жанжал салдарынан шыққан. Жолаушылардың бірі ашуға булығып, дәнекерлеуші шамды теуіп қалады, салдарынан автобус өртене бастайды. Сол жолаушы өрттен аман қалғандардың бірі екен. Дәрігерлердің мәліметінше, оның аяғы күйіп қалыпты.

Жүргізушілер есікті ашқанда, автобус ішіне оттегі кіріп, өрт одан бетер лапылдап жана бастайды. Соның кесірінен жолаушылар автобустан шыға алмаған. Әрі көліктің ішінде жүк те көп болыпты. Екі қабатты автобустың жоғарғы қабатында жолаушылар отырады да, ал бірінші қабатына жүк тиеген. Жеті минут ішінде көліктің түгі қалмай жанып кетті.

Сотталушылардың адвокаттары соттың Ырғыз ауылында емес, Ақтөбеде өтуін сұрап, өтініш білдірді.

Адвокат Нұржамал Әжіғалиеваның сөзіне сүйенсек, заңға сәйкес істің тергелуін сотталушыларға айып тағылған жерде, яғни Ақтөбеде өткізуге болады.

"Бұдан бөлек, Ақтөбеден 600 шақырым жердегі Ырғыз ауылына қайта-қайта баруға тура келеді. Сотқа қатысуға ниет білдірген жеті жәбірленушінің өкілдерін ойлаңыздар. Олар Өзбекстаннан келуге мәжбүр. Сонымен қатар, қамауға алынбаған сотталушылар да адвокаттармен бірге Ырғызға келуі тиіс. Ауылда адамдарды орналастыратын қонақ үй де жоқ", — деді адвокат Серік Махамбетовке.


Сот істі Ақтөбеде өткізуден бас тартып, келесі отырысты жетінші тамызға белгіледі. Алайда қорғаушылар бұл шешімге келіспей, облыстық сотқа шағым түсірмек. Олардың айтуынша, қоғам назарына іліккен істі шу шығармас үшін әдейі ауданда өткізгелі отыр. Оның үстіне, қорғаушылардың істі тергеген прокурорлар мен тергеушілерге де қояр сұрағы аз емес. Мәселен, автобус ішінде дәнекерлеуші шамды теуіп құлатқан жолаушы неге сотталушылармен бірге сот алдына келмеді? Тағы бір айта кететін жайт, бекеттердің бірінде автобус құжаттарын тексерген жол полициясы қызметкерінен тергеу барысында жауап алыныпты. Ол істің куәгері болып тіркелген екен. Ал бұл жайында адвокаттар бейхабар болған көрінеді.
Просмотров материала: 10 627

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 184 434 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 183 957 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 183 530 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 183 579 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 183 896 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 770 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 893 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 137 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 398 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 542 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 076 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 184 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 480 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 308 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 135 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 413 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 384 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 074 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 473 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 208 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 190 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 015 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 859 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 140 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 070 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 571 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 179 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 891 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 168 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 530 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 919 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 867 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 929 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 893 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 112 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 256 Просмотров





Опрос


«    Январь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031