13 февраля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Жарты жылда қазақстандық шенеуніктер әкімшілік құқық бұзғандары үшін 7 млн теңгеге жуық айыппұл төлеген

17 июль 2018, 12:54
Жарты жылда қазақстандық шенеуніктер әкімшілік құқық бұзғандары үшін 7 млн теңгеге жуық айыппұл төлеген Чмо, чмо, чмо! Бүгінде елдің жайын ойлайтын кей шенеуніктер сөзінінің сиқы осы. Күні кеше Ақмола облысында қызметкерін балағаттаған басшының видеосы ғаламторда тарады, деп ахабарлайды «Еуразия 1» арнасы.

Әріптестерін әндетіп тұрып әбігерге салатын Сандықтау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының бұл қылығын облыстық Тәртіптік кеңес қарауға алған. Мәдина Дүйсенбаеваның мінезіне шыдамаған қызметкерлер құзырлы орындарға өз дәлелдерін алып келіпті. Дегенмен, басшылары менің кінәм жоқ дегенді алға тартады.

«Жоқ мен тіл тигізген жоқпын. Балағат бір сөз де айтқан жоқпын. Мен айтты деген дәлелдеріңіз бар ма?!» - дейді Сандықтау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Мадина Дүйсенбаева.

Ағымдағы жылдың алты айында қазақстандық шенеуніктер әкімшілік құқық бұзушылық жағынан да өздерін көрсете білді. Олар 7 млн теңгеге жуық айыппұл төлеген. Өңірлерді былай қойғанда, елордада да әдеп нормаларын сақтамайтын мамандар аз емес.

«Бізде кері болып кеткен де. Бізде көп. Бәріне күйе жағуға болмайды. Бірақ кейбір шенеуніктер өздерін сұмдық сезініп, жұртпен ыңыранып әңгімелесе алмай, ән айтпақ түгілі бір түрлі болып жүргендей, аяйсың да», - дейді продюсер Қыдырәлі Болманов.

Мемлекеттік қызметкерлердің тәртібінен бөлек, саны мен қызметтік сапасы жайында да жиі айтылып жатады. 18 млн халқы бар біздің елде 100 мыңға жуық шенеунік бар екен. «Аталған статистика алақайлап бөрікті аспанға ататын жағдай емес», - дейді Азат Перуашев.

«Біздің елде шенеуніктердің саны Жапониямен салыстырғанда 80 есе көп. Бұл не деген сұмдық?! Экономикалық нәтижелер баршамызға мәлім. Жапония мен біздің жағдайымызды салыстырсаңыз...», - дейді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Азат Перуашев.

Мемлекеттік тілді меңгермеген, я болмаса меңгергісі келмейтін шенеуніктердің шамына тиетін бір мәселе ол - қазақ тілі. Үйренемін деп үнемі сөзінде тұрмайтын атқамінерлердің көп болуы бірінші кезекте талаптың, одан қалды сұраныстың жоқтығынан болып отыр. Мамандар осыны алға тартады.

«Шаршы топтың алдына шығып, жинақы көркемдеп сөйлеу, өз ойын жеткізу дәстүрі қалыптаспаған. Өйткені бізге бастық болу үшін ондай қасиет керек емес. Бізде басқа жүйе. Қабілетің мен парасатың, біліміңе қарамайды, кадр саясаты басқаша», - дейді саясаткер Әміржан Қосанов.

Мемлекеттік кіріс департаменті қызметкерлердің заңды белшесінен басып әдептен аспай, бюджет қаражатын қалтаға баспай, азаматтарға адал қызмет етуі үшін жаңа бастамалар қолға алуда. Атап айтсақ, Астана қаласында шенеуніктер тарапынан тәртіп бұзышулықтар тіркелсе, хабарласып арыз қалдыра алатын шұғыл желі пайда болмақ. Пилотты жоба оң нәтиже берсе, оның аясы кеңейеді.

Мемлекет басшысы да халыққа қызмет етудің жөн жоралғысын үнемі еске салып отырады. Талапқа сай келмейтіндерге босқа орын алып отырудың қажеті жоқ екенін де қатаң ескерткен болатын.

«Бірақ қарап отырсаң, Абай айтқандай: «Баяғы жартас сол жартас», бәрі бір. Министр келіп Премьер-Министрге хат жазады. Маған жазады. Вице-Премьерлер оларға барып жазады. Өзіне жауапкершілік алмайды. Ондай қорқақ болсаңдар неге келесіңдер жұмысқа? Басқа жұмысқа барыңдар. Қағазға қол қоймайтын жұмыстар бар», - дейді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Биылғы жылдың 6 айында әкімшілік құқық бұзушылық жасаған мемлекеттік қызметкерлерге қатысты 201 хаттама толтырылыпты. Алдағы уақытта аталған статистика түрленіп, мінезі мен еркелігін көрсететін шенеуніктердің саны еселенетін болса таң қалудың қажеті жоқ.

Просмотров материала: 2 465

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 186 500 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 186 033 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 185 599 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 185 649 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 185 970 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 877 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 995 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 251 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 530 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 668 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 190 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 222 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 502 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 324 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 156 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 479 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 404 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 092 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 495 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 231 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 204 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 038 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 875 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 159 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 094 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 591 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 249 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 912 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 186 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 546 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 937 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 887 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 949 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 915 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 133 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 276 Просмотров





Опрос


«    Февраль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728