4 октября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Түркістан облысында «таяқ жедім» деген тілшіге ауыл әкімі 290 мың теңгелік телефон алып берді

Түркістан облысында «ауыл әкімінің соққысынан соң ауруханадан бір-ақ шықтым» деген журналист ісіне қатысты жаңа дерек шықты.

Шенеуніктен таяқ жеген тілші әкімге кешірім берген. Есесіне ауыл әкімі оған құны 290 мың теңгелік жаңа ұялы телефон алып берген, деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Оқиға облыс әкімінің Төлеби ауданына жасаған сапары кезінде орын алған. Аймақ басшысы Жансейіт Түймебев активке ауданның жаңа басшысын таныстырмақ болғанда, ол жиынға Алатау ауылдық округінің бір топ тұрғындары жер мәселесіне қатысты өз шағымдарын облыс әкіміне айтамыз деп келген.

Алайда әкімдік аппаратының қызметкерлері тұрғындарды жиынға кіргізбей, «бұл шағым айтатын жиналыс емес, арыздарыңызды жиын біткен соң айтасыңдар», - деп шектеу қойыпты.

Осы сәтте «Аймақ танысы» газетінің редакторы Ләззат Асанова да оқиға орнында болған. Журналист: «Әкімдік қызметкерлері жер дауын айтпақ болған адамдарды ортаға салып, тіпті қолын қайырып тұрғанын көрдім», - дейді. Араша түспек болған журналист осы сәтте Киелітас ауылдық округінің әкімінен таяқ жедім деп отыр.

«Мен әкімдік қызметкерлеріне олай жасауға болмайтынын, әрбір азамат өз ойын айтуға құқылы екенін айттым. Киелітас ауылдық округінің әкімі Полат Төребеков маған дөрекі сөздер айтып, «жұмысың болмасын» деді.

Ана кісілердің қолын қайырғаннан соң араша түспек болғаным сол еді, ауыл әкімі ұрып, ұшып кетттім ары қарай. Басым кафельге тиді.
Орнымнан тұрып, Facebook желісінде тікелей эфир жүргізе бастадым, халыққа шындықты көрсетпек болдым. Телефонымды жұлып алып кетті», - деп шағымын айтты журналист.

Қысқасы, әкімдіктегілер шағымын айтпақ болғандарды қолдарынанан сүйреп, сыртқа алып шықпақ болғанда облыс әкімі оқиғаның үстінен түсіпті.

«Басымның жарылғанын көрген Жансейіт Түймебав мән-жайды сұрады. Болған жағдайды айтып, «халыққа араша түспек болғанымда осылай таяқ жедім» деп едім, ол кісі бей-жай қараған жоқ. Тұрғындарды қабылдап, аппарат басшысының орынбасарына мәселені шешу бойынша нақты тапсырмалар берді», - деді Ләззат Асанова.

«Жабық мидың шайқалуы» диагнозымен аудандық ауруханада бір апта ем қабылдаған журналистен ауыл әкімі кешірім сұрап, тіпті су жаңа телефон әперген де екен.

Ал ескі телефоны ұшты-күйлі жоғалып кеткен. Кешірім сұраған шенеунікке журналист кешірім берді.
Тек ауыл әкімінің «боксшы» болғанмын деп мақтанышпен айтқанын түсіне алмадым дейді.

«Құлап қалғаннан кейін ол кісі «мен кезінде «боксер» болғанмын», - деп мақтанып айтқандай болды. «Ударым» күшті дегені ғой енді. Мен құлап қалғанда сонша ауылдық окургтің азаматтары, бөлім басшылары тұрып, бірде-бірі мені тұрғызуға немесе менің жағдайымды сұрауға ешқандай әрекет жасамады. Мен осыған қатты таң қалдым... Ауыл әкімі мен аудандық әкімдіктегі лауазымды бірнеше адамдар келіп кешірім сұрады.
Мен біршама ем қабылдап, ойымды жинақтап кешірім бердім, іс медиациямен аяқталды», - деді журналист.

«Боксшы әкім» атанып отырған Киелітас ауылдық округінің басшысы Полат Төребеков болса тілшіні ұрмағанын айтып ақталды.
«Аудан әкімін тағайындау жиынына бір топ азамат кіріп, шағымын айтқысы келгені рас. Тұрғындарға «бұл шағым айтатын жиын емес, тағайындау біткен соң облыс әкімінің сіздерді қабылдауын қамтамасыз ететін боламыз, күте тұрыңыздар» деп өтінгенімізде ол кісілер көнбеді.
Бір топ адам есікке бас салды. Сол сәтте бірнеше адам шалынып құлады. Ол кезде тек Ләззат қарындасым емес, өзім де құладым. Мен де онымен бірге ауруханаға бардым. Ал телефонымды тартып алды дегені шындыққа жанаспайды», - деді Киелітас ауылдық округінің әкімі.
Одан өзге «бұрын боксшы болғанмын деген әңгіме мүлдем болмады, журналисті ұрмадым», - дейді ол.

Еш кінәсі жоқ екенін алға тартқан шенеунік ауруханаға барып тілшіден кешірім сұрағанын, жаңа ұялы телефон алып бергенін растап отыр. Тек кінәсіз болса да неліктен ондай әрекетке барғанын нақты түсіндіріп бере алмады.

«Телефонымды тауып бер деп маған айтып жатыр. Солай деп тұрса қайда барасыз? Ашудың үстінде сізден көріп тұрмын деген соң амал жоқ, ашуын бассын дедім. Егер сен солай ойласаң, кешірім бер дедім. «Әзірге жұмыс істеуіңе міне – телефон» деп жаңасын апарып бергенім рас», - деді ауыл әкімі.

Қысқасы, елді шулатқан іске нүкте қойылды. Яғни, жәбірленуші тарап кешірім беріп, медиация тәртібімен іс тоқтатылды.
Айтпақшы, шенеуніктің тілшіге әперген телефоны 290 мың теңге тұрады екен. Ауыл әкімі оны несиеге алдым дейді. Полат Төребеков енді ай сайын 16 700 теңгені несиесін жабу үшін төлеп отырмақ.
Просмотров материала: 1 925

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 168 960 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 168 792 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 168 416 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 168 465 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 168 747 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 975 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 115 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 339 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 307 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 469 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 215 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 799 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 332 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 186 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 008 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 192 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 284 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 954 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 340 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 059 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 069 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 906 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 743 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 007 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 948 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 460 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 922 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 782 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 049 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 382 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 796 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 752 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 801 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 752 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 982 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 126 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031