5 марта 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Ұлттық домбырамыз ұлықталды

«Нағыз қазақ қазақ емес, Нағыз қазақ домбыра» деп ақын Қадыр Мырзалиев жырлағандай, шілденің алғашқы жексенбісінде еліміз Ұлттық домбыра күнін тойлады. Осынау мерекені шығысқазақстандықтар да кеңінен атап өтті.

Ұлттық домбырамыз ұлықталды


Күмбірлеген домбыраның үні әр қазаққа ерекше ыстық қой. Құлағымызға бала кезден сіңген қоңыр үннің қайда жүрсек те жүрегімізді дір еткізіп, жанымызды баурап алатыны рас. Бұл күн - сол ұлттық аспабымыздың төрге озып, ұлықталған күні болды. Бұл күні – қазақ рухы қайта бір жасап, жаңғырды. Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік шаралардың шеруі Өскемендегі Республика алаңында жалғасты. Кешкілік алаңға жиналған қала тұрғындары мен қонақтарының қарасы көп-ақ. Бәрі де күнтізбеде пайда болған мерекенің ерекше екенін айтуда. Иә, «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» дегендей, Ұлттық домбыра күнінің жөні шынымен де бөлек. Домбыра мен қазақ – егіз ұғым. Қазақ барда домбыра бар, домбыра барда қазақ мәңгілік жасамақ. Осынау мерекеге орай ұлттық бұйымдар жасаушы шеберлердің арнайы көрмесі ұйымдастырылыпты. Мерекелік шара басталғанға дейін домбыра жасаушы шеберлердің бірімен танысып, әңгімелесудің сәті түсті.

Ұлттық қолөнер шебері Бақыт Кеңшілікұлының мамандығы - ағаш технологы. Ресейдің Брянск қаласындағы құрылыс институтын тәмамдаған. 1995 жылы Моңғолиядан елге оралған соң, өз мамандығы бойынша кәсіп таппай, домбыра жасауға бет бұрыпты. Қарап отырса, оның ұлттық аспапты жасау өнерімен айналысып келе жатқанына жиырма жылдан астам уақыт болыпты. Бүгінде ол өз ісінің нағыз шебері. Бақыттың жасаған домбырасына тапсырыс берушілердің қатары өте көп екен. Анау Атырау қаласындағы Дина Нұрпейісова атындағы музыка колледжі, Астанадағы қазақ ұлттық музыкалық академиясы, Қарағандыдағы Тәттімбет атындағы өнер колледжінің ұжымы Бақыт Кеңшілікұлының жасаған домбырасын аттай қалап сатып алатын көрінеді. Бақыттың қолынан шыққан домбыралардың бағасы да арзан емес. Арзан дегені 60 мың теңге болса, ең қымбаты 1 миллион 800 мың теңге тұрады.

- Менің домбыраларымның қымбаттығы материалына байланысты. Домбыра жасауға қажетті заттарды шетелден алдыртамын, - дейді Бақыттың өзі. Әрине, Бақыттың өз еңбегінің құнын, бағасын білетін шебер екенін біз де бірден байқадық.

Иә, сөйтіп алаңдағы мереке де басталды. Байжігіт атындағы қазақ ұлттық аспаптар оркестрінің орындауындағы тамаша күй Өскеменнің аспанында күмбірлеп, жиналған қауымға ерекше көңіл күй сыйлады.

Өскемендіктер мен қала қонақтары домбыра туралы викториналық сұрақтарға жауап берді. «Құрманғазының танымал күйі қандай?» деген алғашқы қойылған сұрақтың жауабын Лағыл деген бойжеткен бірден тапса, ал «Домбыраның бетіндегі ойық қалай аталады?» деген сауалға зейнеткер, ұзақ жылдар заң саласында қызмет еткен Еділ деген ағамыз аңызбен жауап берді. Сондай-ақ «Тойбастар күйінің авторы кім?», «Ең кішкентай домбыраның көлемі қанша?» деген сауалдарға да нақты жауап берушілер табылды. Сөйтіп, финалда викториналық сұрақтарға дұрыс жауап берген Тарбағатай ауданының тумасы Лағыл Қаниеваға танымал жерлесіміз, күйші Жарқын Шәкәрім өзінің қолтаңбасы қойылған домбыраны тарту етті.

- Қазіргі көңіл күйімді тілмен айтып жеткізе алмаймын. Керемет! Мен үшін бұл ерекше мақтаныш. Мен танымал адамның қолынан домбыра аламын деп мүлдем ойламаған едім. Домбыра – қазақ халқы үшін қадірлі аспап. Біз өзіміздің шыққан тегімізді, тамырымызды ұмытпауымыз керек, - дейді Лағыл.

«Угадай мелодию» ойыны да тұрғындарға ерекше ұнады. Қос ішекті аспапта күмбірлеген «Синий платочек», «Подмосковные вечера», «Голубой вагон» әуендерін жиналған қауым бірден тап басып, тауып жатты.

Осынау ойынның жеңімпазы Әлия есімді қала тұрғынына белгілі әнші Рамазан Стамғазиев өзінің қолтаңбасы қойылған домбыраны сыйлады.

Сондай-ақ викториналық сұрақтардың екінші кезеңінде тағы бір өскемендік тұрғын дәулескер күйші, «Мен қазақпын» мегажобасының жүргізушісі Айбек Бекбосынның қолынан сыйлыққа домбыра алды.

Иә, бұл күні түннің бір уағына дейін Өскемен аспанында домбыраның шанағынан төгілген құдіретті күй күмбірлеп тұрды. Әрбір тұрғын, әрбір қазақ іштей осынау сәттің ұзаққа созылуын тілегені анық.

- Мен домбыра аспабын әрқашан жақсы көрдім. Бүгін тіпті домбыра туралы көп нәрсені біліп, қуанып тұрмын, - дейді қала тұрғыны Ольга Осипова.

Рамазан Стамғазиев, әнші:

- Біз ел болып, тәуелсіздіктің байрағы мәңгі желбіреп тұруы үшін рухани тетік – домбыра күні болуы керек еді. Өйткені домбыра талай ғасырдың, талай ғашықтың куәсі болған. Домбыра арқылы аға буын мұңын да шақты, қуанышын да бөліскен, елдің тағдырын да шешкен. Бұйыртса, бүкіл әлем қазақты осы қара домбыра арқылы танитын болады.

Айбек Бекбосын, күйші:

– «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» деп атам қазақ айтып кеткен ғой. Сондықтан бұл күн тек әнші-күйшілердің, жыршылар мен ақын-термешілердің мерекесі емес, жүрегі қазақ деп соққан бүкіл елдің мерекесі. Елбасы айтқан нағыз ұлттық код міне осы.

Жалпы күй сабағын мектепте міндетті пән ретінде оқытса жақсы болар еді. Ондағы мақсат – балалардың бәрін күйші, домбырашы етіп шығару емес, жас ұрпақтың төл өнерімізді бойына сіңіріп, оны терең ұғып өссе деген тілек. Сол сияқты домбырамызды ұлықтай түсу үшін оның жарнамасын күшейту керек бізге. Ал осындай мағыналы шараның өзге ұлт өкілдері көп шоғырланған Шығыста өтіп жатқаны жүректегі қуанышты үстей түспесе кеміткен жоқ.
Просмотров материала: 1 627

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 189 463 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 189 011 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 188 565 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 188 615 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 188 950 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 028 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 139 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 406 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 720 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 860 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 344 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 292 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 525 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 344 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 178 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 516 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 423 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 112 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 516 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 269 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 221 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 057 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 894 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 181 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 114 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 616 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 288 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 936 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 201 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 571 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 958 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 905 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 973 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 939 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 154 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 300 Просмотров





Опрос


«    Март 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031