18 сентября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Несие алғанда сақтандыру не үшін керек

25 июнь 2018, 15:14
Ақша мәселесінде ұқыптылық пен дәлдік керек, өйткені ешқайсымыз да алда не күтіп тұрғанын білмейміз, дегенмен қандай жағдайға да дайын болу үшін алдын ала сақтандырудың маңызы зор. Өзің мен отбасыңды тәуекелдерден қорғау қабілеті – қаржылық сауаттылықтың алғышарттарының бірі. Дағдарыс, инфляция және басқа да экономикалық факторларды ескерсек, қазақстандықтар несие қаражатына барған сайын аса мұқтаж және әлі күнге дейін белсенді түрде несие алып жүр.

Бірінші кредиттік бюро ұсынған мәліметке сүйенсек, сәуір айының қорытындысы бойынша Қазақстандағы жеке тұлғалардың барлық несиелік қарызы 5,47 трлн теңгені құраған, бұл өткен аймен салыстырғанда 1,7%-ға көп.

Өткен жылғы қаңтардан сәуірге дейінгі кезеңмен салыстырғанда алынған кредиттер саны бойынша өсім 65,6%-ды, ал берілген сома бойынша өсім – 31%-ды құраған. Сонымен бірге, алынған несиелердің 50%-ы – кепіл мүлкінсіз берілетін тұтыну кредиттері екенін айта кеткен жөн. Мұндай несиені рәсімдеу оңай, алайда осындай жедел несиені алып, үлкен тәуекелге бас тіккенін қарапайым қазақстандықтар біле бермейді.

Әдетте кепіл мүлкін талап етпейтін қысқамерзімді несие алатын кезде оны сақтандыру міндетті емес, сондықтан Қазақстан халқының басым бөлігі оны қажетсіз, басы артық нәрсе санайды. Көп жағдайда отандық қарызгерлер сақтандыруды қажетсіз ауыр жүк сияқты көріп, сақтандыру жөніндегі келісімшартқа қол қоятын кезде келіскісі келмей, кежегесі кейін тартып тұрады. Тек «ұзақ» несиелерді алатын кезде ғана келіседі, өйткені ипотеканы немесе автокөліктің несиесін сақтандырусыз рәсімдеу мүмкін емес. Яғни ол жағдайда бәрі кешенді түрде жүргізіледі, банк сақтандыру туралы келісімшартты өзі ұсынады және нақты бір сақтандыру компаниясына жол көрсетіп жібереді.

Дамыған елдерде ерікті сақтандыруға деген көзқарас мүлде басқаша. Мұнда сақтандыру тіршіліктің барлық саласына еніп үлгерген. Сөйтіп алдағы тәуекелдерді жоюға мүмкіндік береді және адамның ертеңіне деген сенімін арттырады. Көлденең қауіп-қатерден қорғайды. Мәселен, Германия азаматтары 150 жылдан бері басқа адамға тигізген кез келген зардабын өтеуге заңды түрде міндеттелген. Бұл тәуекелдерді сақтандыру қолайлы болғандықтан бұл елде сақтандыру жөніндегі қызметтер қарқынды дамып кеткен және ол ерікті түрде жүзеге асырылады.

Атап айтқанда, бұл жерде әңгіме алда болуы мүмкін қатерден сақтандыру жайында болып отыр. Оған отбасы мүшелері немесе тіпті үй жануарлары да себеп болуы мүмкін. Оның үстіне, немістер өз дүние-мүлкін мысалы, өрттен, табиғат апаттарынан және ұрлықтан қорғау үшін ерікті сақтандыруды белсенді түрде қолданады. Және сақтандыруды түрлі мамандықтың иелері де жиі пайдаланады, мысалы нотариустар мен адвокаттар. Олар алдағы уақытта қателіктер жіберіп, содан кейін наразылық туындамас үшін осылай істейді.

Неміс халқының төтенше жағдайдан сақтандыру тиәжірибесі де өте қызық, мұнда сақтандыру адамның айналысатын кәсібі мен мамандығына ғана байланысты емес, сонымен қатар жұмыс істемейтін халыққа арналған сақтандыру түрі де бар, тіпті тұрмыста кездесетін қайғылы жағдайлардан сақтандыру да қарастырылған. Жалпы, төлемдер еңбек қабілеттілігін толығымен жоғалтқанда және қайтыс болғанда толық көлемде өтеледі, сонымен қатар нақты жағдайға қарай отырып, еңбек қабілеттілігінен жартылай айрылғанда да төленеді. Ерікті сақтандыру, әсіресе, несие беруге бағытталған банк саласында кеңінен тараған. Ол қарапайым неміс халқының отбасылық бюджетінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді және банк қаржысының қайтарылатынына кепіл болады.

Қазақстанда қайғылы жағдайлардан ерікті түрде сақтандыру онша танымал емес, бірақ ол керексіз деген сөз емес. Қазақстандықтар әдетте кепілсіз тұтынушылық несиені рәсімдеген кезде несие мерзімі қысқа және сомасы онша қомақты болмағандықтан, сақтандырудың қажеті жоқ деп ойлайды. Дегенмен, қаржылық тұрғыдан қарағанда сақтандыруды қолданып, аяқ астынан күтпеген жағдай орын алса, несиеге байланысты бас қатырып, әуре болмайтыныңа сенімді болған әлдеқайда тиімді.

Оның үстіне, қарыз алған кезде сақтандыру деген – қарыз алушы ғана емес, қарыз беруші үшін де қауіпсіздік кепілі екенін ұмытпаған жөн. Мысалы, клиент өз өмірін және денсаулдығын сақтандырудан бас тартса, банктер көп жағдайда ақша бергісі келмейді. Сондай-ақ, банктер бүкіл тәуекелдерді қарыздың құнына қосып, несиенің мөлшерлемесін көтеріп жіберуі мүмкін.

Отандық қарызгер әлі күнге дейін сақтандыру сыйақысын мәжбүрлі шығын деп санайды, соған қарамастан бұл шара өзіңді сенімді сезінуге мүмкіндік береді, өйткені несиені жабуға қатысты барлық тәуекелдерді сақтандыру компаниясы өз мойнына алады. Сондықтан тіпті мерзімі 1 жылдық шағын несие алсаң да, өзіңді қауіп-қатерден қорғаудың маңызы зор.

Мысалы, жаңа буынның қаржы компаниясы Solva.kz қызметтері банктің жұмыс шарттарына барынша жақындатылған және ол 6 айдан үш жылға дейінгі мерзімге онлайн несие береді. Қарызгердің несие бойынша ауыртпалығын барынша жеңілдетіп, тәуекелдерді азайту үшін компания қайғылы жағдайдан ерікті сақтандыру бағдарламаларын ұсынады. Бұл қызметті «Азия Life» өмірді сақтандыру жөніндегі компаниясы» АҚ қамтамасыз етеді.

Борышкер бір жолғы сақтандыру сыйақысын төлегеннен кейін сақтандыру компаниясы сақтандыру жағдайы туындаған кезде келісімшартта көрсетілген белгілі бір соманы төлеуді өз мойнына алады. Мұндай келісімшарттың мерзімі несиенің мерзімімен сәйкес келуі керек.

Мұндай кепілсіз несие жағдайында сақтандыру сыйақысының көлемі несиенің мерзімі мен сомасына байланысты болады. Мысалы, сомасы 300 мың теңге, мерзімі 1 жылдық тұтынушылық несие алсаңыз, небары 15 мың теңге сақтандыру ақысын төлейсіз. Бәрін бірден төлеу міндетті емес, кредитор сыйақыны несие есебіне қосуына да болады.

Нәтижесінде несие ұйымы берілген қаражаттың қайтарылатынына сенімді болады, ал борышкер әлдебір төтенше жағдай орын алса, мысалы ауыр науқасқа шалдығып, еңбек қабілетін жоғалтса, оған да, оның отбасына да ешкім кінәрат таға алмайтынын және несиесі толығымен қайтарылатынын біліп жүреді.

Бұл жүйенің қалай жұмыс істейтінін алматылық Санжар Б. есімді жігіттің басынан өткен жағдайдан көруге болады. Шағын жеке компанияда ортанқол менеджер болып жұмыс істейтін ол жарты жылға дейінгі кепілсіз несиелерді жиі алып тұратын. Ол ақшаны түрлі мақсатта алатын, айталық қысқы дөңгелектер сатып алуға, автокөлігі мен пәтерін жөндетуге және басқа да себептермен.

Санжар несиені уақытында жауып жүрді, алайда тауда велосипед теуіп жүріп, құлап, жарақаттанған ол бірнеше ай жұмыс істемей, үйде отырып қалды. Егер төтенше жағда йдан сақтандыруға келіспегенде, ол несиесін жаба алмай, әбден әуре-сарсаңға түсер еді. Бірақ ол уақытында сақтандыруға жүгінген болатын, сондықтан оның кредит шығындарының барлығын сақтандыру компаниясы жауып берді.

Дегенмен, мұндай қуанышты мысалдар сирек кездеседі, өкінішке қарай, Қазақстандағы сақтандыруға деген көзқарас әлі де жақсы емес. Бұл жағдай банктердің сақтандыру рәсімдеуді ұзақ уақыт бойы мәжбүрлі түрде жүргізуінен кейін қалыптасқан. Бірақ олар оның мәнін түсіндірмеген. Ал борышкер өз тәуекелдерін сақтандырудың маңызын түсінбегендіктен оны қосымша шығын ретінде ғана қарастырып үйренген. Алайда, іс жүзінде мүліктік мүдделерді сақтандыру борышкердің қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және несие мерзіміне қарамастан өте дұрыс шешім болып табылады.

Алина Дзоекаева, МФО SOLVA басқарушы директоры
Просмотров материала: 3 583

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 166 568 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 166 400 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 166 026 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 166 068 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 166 355 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 828 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 969 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 185 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 113 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 281 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 035 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 710 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 282 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 135 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 954 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 136 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 235 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 903 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 284 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 011 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 018 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 853 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 692 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 954 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 899 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 409 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 867 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 731 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 995 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 326 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 742 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 703 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 747 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 703 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 924 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 072 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930