18 апреля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қарағандыда сал ауруына шалдыққан сәбиді балабақшадан қуып шыққан

16 июнь 2018, 11:52
Қарағандыда жекеменшік балабақшадан 3,5 жастағы сәбиді шығарып жіберген. Жалғыз басты ананың айтуынша, қыз бала сал ауруының жеңіл түрімен ауырады. Мектепке дейінгі мекемеден баланың шығарылып жіберілуіне оның сырқаты себеп болған, деп жазады Baq.kz аймақтағы тілшісі.

Қарағандылық ана Лиана Султаеваның 3,5 жастағы қызы 29 мамыр күні жекеменшік балабақшаға мемлекеттік бағдарлама есебінен қабылданған. Бақшаға бар-жоғы екі апта уақыт барған қыз баланың күтімі үшін мекеме директоры анасынан қосымша ақша сұраған. Оның себебін сал ауруына шалдыққан баланың жанында үнемі жеке тәрбиешісі болуы қажет деп түсіндірген. Бірақ мұны төлеуге жалғыз басты ананың қауқары жетер емес.

«Қызым 3,5 жаста. Оның ақыл-ойы жақсы дамыған. Өз бетімен жүреді, өзімен-өзі ойнайды. Тек аяғында аздаған кемістігі бар. Балам жүрген кезде басқа балаларға қарағанда көп құлауы мүмкін. Денсаулығында бұдан басқа кінәрат жоқ. Жекеменшік балабақшаға 11 мың теңге төлеймін. Қалған 26 мың теңгені біз үшін мемлекет төлейді», - дейді Лиана Султаева.

Ананың айтуынша, қызы балабақшаға барғаннан кейін бірнеше күннен соң мекеменің директоры Гүлдана Әбенова бақшаға төленетін 11 мың теңгеден бөлек, тәрбиешінің жұмысы үшін қосымша 10-15 теңге төлеуін талап еткен.

«Не себепті қосымша ақша талап еткенін сұрағанымда, директор қызыма қараудың өте қиын екендігін, оның тәрбиешінің жанынан шықпайтындығын айтты. Мен бірден тәрбиеші Айнара Дүйсенхановамен сөйлестім. Ол қызымның күтімі үшін ақша сұрамағандығын айтты. Осыдан кейін балабақша директорына қосымша қаражат төлемейтіндігімді айттым. Г.Әбенова болса қызымның кесірінен медбикенің жұмыстан шығып кеткендігін, бізге басқа балалар бақшасын іздеу керектігін айтты. 14 шілде күні таңертең директор бізді шешіну бөлмесінде қарсы алып, бақшадан кетуімізді өтінді. Содан кейін баланың киімдерін шкафтан алып, орындыққа лақтырды. Және де айғайлап, менің қызыма қатысты кемсіту сөздер айтты», - дейді ана.

Лиана Султаеваның сөзінше, қыз бала сал ауруының жеңіл түрімен сырқаттанған.

«Ол қарапайым бала. Тек жүрген кезде аяғында аздап кемістік бар. Оның емі үшін барлық күшіміді салып жатырмын. 1,5 ай бұрын ресейлік дәрігерлер аяғына ота жасады. Қазір оның жүрісінің қалыпты болуы үшін жұмыс жасаудамын. Дәрігерлер баланың қарапайым балалар бақшасына баруын қолдайды. Себебі ол қоғамға сіңісуі керек»,- дейді ол.

Аталған оқиғаға байланысты мектепке дейінгі білім беру мекемесі жетекшісінің өз айтары бар. Оның сөзінше, Лиананың қызына қарапайым балалар бақшасына баруға болмайды. Себебі бала үнемі жеке күтімді қажет етеді.

«Бала сал ауруына шалдыққан. Бұл оның денсаулық паспортында көрсетілген. Онда сәби қарапайым балалар бақшасында емес, мамандандырылған оңалту орталығында, арнайы оқытылған мамандардың жанында болуы қажет деп көрсетілген. Осы екі аптада балабақша тәрбиешісі үнемі осы баланың жанында отырды. Ал бізде топта 23 бала бар. ол басқа балаларға да қарауы керек қой. Сондай-ақ, баланы жаңа ортаға бейімдеу деген мәселе бар. Яғни анасы баланы алғашқы күндері бірер сағатқа ғана қалдырып, үйретуі керек. Бірақ бұл баланы анасы таңертеңнен кешке дейінге қалдырды, сәби күні бойы жылайды», - дейді Гүлдана Әбенова.

Директор балабақшадан осы уақыт аралығында екі баланың кетіп қалғандығын айтады. Себебі, олардың ата-аналары тәрбиешінің бір ғана балаға көңіл аударылатынына наразы болған.

«Мен олардың құжаттарында проблема болғанына қарамастан, балабақшаға қабылдадым. Қазір өкінемін. Егер баланың анасы қосымша қаражат төлесе оның жанында үнемі жеке тәрбиешісі отыратын еді. Бала жиі құлайды, егер де ол сатыдан құлап кетсе ше? Мұндай баланың күтіміне байланысты жауапкершілікті мойныма ала алмаймын», - дейді директор.

Аталған мәселені қазіргі уақытта білім беру бөлімінің мамандары анықтап жатыр.
Просмотров материала: 3 006

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 196 055 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 195 654 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 195 164 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 195 213 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 195 568 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 412 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 507 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 800 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 285 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 383 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 686 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 495 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 598 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 400 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 244 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 739 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 485 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 178 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 576 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 355 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 278 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 112 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 960 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 264 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 176 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 677 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 514 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 014 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 265 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 640 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 016 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 959 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 052 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 015 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 212 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 370 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930