7 января 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Бас прокуратура Әблязовтың митингіне қатысқандар түрмеге қамалатынын ескертті

14 июнь 2018, 12:57
ҚР Бас прокуратурасы әлеуметтік желіде "Қазақстанның демократиялық таңдауы" экстремистік ұйымы арандату хабарламалары мен бейнероликтер таратқанын анықтады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. Мұхтар Әблязов пен оның сыбайластары Қазақстан азаматтарын 2018 жылдың 23 маусымында митингтерге шығуға шақырған.

Онда аталған ұйымның басшысы Мұхтар Әблязов пен оның сыбайластары Қазақстан азаматтарын 2018 жылдың 23 маусымында митингтерге шығуға шақырған.

"ДВК-ның" идеяларын насихаттап, митингтер өткізуге үгіттеу үшін Әблязовқа шетелде Қазақстанның сот төрелігінен жасырынып жүрген Жанар Ахметова, Бота Джардемали және басқа адамдар көмектесіп жатыр", — деп жазылған хабарламада.

Бас прокуратураның мәліметінше, олардың іс жүзіндегі мақсаты – қылмыстық қудалауды саясаттандырып, Қазақстанда ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін жауапкершіліктен жалтару.

Жарияланған бейнероликтерді түсіру үшін Әблязовтың ақшасына Киев қаласында жарнама агенттігі және келбеті азиялық кәсіби актерлар мен модельдер жалға алынған. Негізінде олар Қазақстан Республикасының азаматтары емес.

Бейнероликтердің мазмұны шындыққа жанаспайды және қазақстандық қоғамда әлеуметтік алауыздық пен араздықты тудыруға бағытталған.

Осы жылдың 12 маусымында "Ютуб" каналында "Мұғалімдер Әбілязовтың митингісіне шығады" деген бейнероликте "қазақстандық жас мұғалім" рөлін Киев қаласында таңдалған актриса ойнаған.

"Ютубтың" басқа бейнематериалында Қазақстанда жұмыс істейді деген және халықты 23 маусымда митингке шығуға шақырған жас жігіт – Әблязовтың туған жиені Айдар Амангельдиев. Ол Қазақстаннан 2009 жылы көшіп кеткен.

Қазіргі уақытта ол Шотландияның қымбат университеттерінің бірі – "Глазгоу Каледонианың" студенті. Бұл университетте жыл сайынғы оқып тұру төлемақысы 20 мың стерлинг фунтты немесе 9 миллион теңгені құрайды.

Сот 2018 жылдың 13 наурызынан бастап Қазақстан Республикасының барлық аумағында "ДВК-ның" іс-әрекетіне тыйым салғанын естеріңізге саламыз.

Бас прокуратура "ДВК-ның" экстремистік әрекетіне қатысу және оны қаржыландыру Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 258 және 405-баптарына сәйкес қылмыстық жауаптылыққа тартылатынын қайталап түсіндіреді.

Митингтерге қатысуға шақыру "Бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" заңның ережелерін бұзады.

Ашық акцияларды өткізу үшін 10 күн бұрын тиісті арыз бере отырып, жергілікті атқарушы органның рұқсатын алу қажет.

Бүгінгі таңда әкімдіктерге осы жылдың 23 маусымында митинг өткізу туралы өтініш түспеген.

Осыған байланысты митингтер заңсыз болып табылады, оларды ұйымдастыру мен оған қатысқаны үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 488-бабына сәйкес жауапкершілік, оның ішінде 15 тәулікке қамауға алу көзделген.

"Прокуратура туралы" заңда көзделген өкілеттіктерді пайдаланып, барлық азаматты Қазақстанның заңнама талаптарын қатаң сақтауға, арандатушылыққа және құқық бұзушылыққа жол бермеуге шақырамыз", — деп түйіндеген ведомствоның баспасөз қызметі.

Дереккөз: sputniknews.kz
Просмотров материала: 5 778

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 182 710 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 182 224 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 181 802 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 181 853 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 182 167 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 608 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 736 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 982 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 197 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 342 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 918 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 123 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 460 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 285 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 113 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 334 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 371 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 055 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 450 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 180 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 170 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 003 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 837 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 114 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 052 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 556 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 097 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 871 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 140 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 511 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 897 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 840 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 902 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 858 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 089 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 226 Просмотров





Опрос


«    Январь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031