7 мая 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Сексендегі қария "Йегова куәгерлері" ұйымына кіріп кеткен әйелі мен баласы үйден қуып шыққанын айтты

Алматы облысының 81 жастағы тұрғыны өзге емес, өз туғандарынан зәбір көріп жатқанын айтып, Еуразия бірінші арнасына шағымданды.

Қарияның айтуынша, оны «Йегова куәгерлері» діни ұйымына кіріп кеткен туған ұлы мен әйелі үйден қуып шыққан. Қазір адам төзгісіз жағдайда өмір сүріп жатыр екен. 10 жыл бойы құлаудың алдында тұрған лашықта күнелтемін деп денсаулығымнан да айрылдым дейді. «Малдан да хуже болдым», - деп ашынады қария.

Жан жарым мен туған ұлымнан зәбір көрдім деген қария осы кісі. Аты-жөні – Серік Ақшолақов. Қаскелең қаласының тұрғыны. Осы күндері адам төзгісіз жағдайда өмір сүріп жатырмын деген қарияның туғандарына өкпесі қара қазандай.

Айтуынша, кезінде өз қолымен тұрғызған хан сарайындай зәулім үйден ұлы мен бұрынғы әйелі қуып шыққан. Қазір ақсақал тозығы жеткен лашықта күнелтіп жүр екен.

«Сен времянкаға барып тұрасың, біз мына үйде тұрамыз. Не істейміз, не қоямыз өзіміз білеміз, сенің жұмысың болмайды деді. Солай, осында әкеп барлық заттарымды тастады. Ана үйге барсам мені сабайды» — дейді Қаскелең қаласының тұрғыны Серік Ақшолақов.

81 жастағы ақсақалдың айтуынша, отбасындағы алғашқы кикілжің бірге тұрған ұлы мен 30 жыл отасқан жарының Қазақстанда заңды түрде жұмыс істеп келе жатқан «Йегова куәгерлері» діни ұйымына кірген сәттен басталған. Содан бері олар қарияны қатарына қосылуға үгіттеп келген көрінеді. Алайда, келісім бермегені үшін ұрып-соғып, үйден қуып шыққанын айтады.

Алайда, қарияның ұлы әкесіне қолының ұшын да тигізбегенін айтады. Керісінше, «Әкеміз анам екеуімізді үнемі тепкінің астына алып, қару кезенетін кездері де болған. Мұндайға шыдау мүмкін болмаған соң, анам ақыры ажырасып тынды» дейді. «Үйден қуып шықты» деген шағымы да орынсыз дегенді алға тартады.

«Қолын көтере бермес үшін бір рет маған төбелес шығарған, сол кезде мен оны жіппен байлағам. Ондай болған, иә. Ал, специально оны ұрып, ондай ешқашан болған жоқ. Ол маған бірнеше рет пышақпен де жүгірген. Бір кездері пистолетпен мені қуған үйден», — дейді қарияның ұлы Ерболат Ақшолақов.

Ал, дауға арқау болған үй қазір сатылымға қойылған екен. Баспана жаңа иесін тапқанға дейін қария лашықта тұруы тиіс деген аудандық соттың шешімі де бар екен.

«Сондықтан, құжатты қолды қылып, үйді әйелім өз атына аударып алды деген әкеміздің уәжі де негізсіз», – дейді ұлы.

Ал, олар мүшелікке кірген «Йегова куәгерлеріндегілер» отбасылық жанжалға бұл ұйымның ешқандай ықпалы болған жоқ дегенді алға тартуда. Ақсақалдың шағымынан соң мәселеге Облыстық дін басқармасы да араласты. Олар арнайы комиссия құрып, мән-жайды анықтауға тырысқан екен.

«Ақшолақов Серіктің атынан келіп түскен арызды талдай отырып, бірқатар жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде, бұл туып отырған жанжалға ешқандай діннің қатысты еместігі байқалды», – дейді облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының бөлім басшысы Сағыныш Жаңабай.

Қазір анасы мен ұлы 81 жастағы қарияға қарсы шағым жазған екен. Мәселенің мән-жайын енді құзырлы органдар анықтайтын болады. Ал, сот шешімі бойынша сатылған соң ақшасы қос тарапқа теңдей бөлінуі тиіс екен.

Алайда, содан бері 7 жыл өтсе де, зәулім үйді алушылар табылмапты. Ал, ет жақындарымен бет жыртысып жүрген 80-ді алқымдаған қария жағдай осылай жалғаса берсе қалған өмірім лашықта өтетін шығар деп отыр.

Просмотров материала: 4 026

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 93 873 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 93 685 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 93 653 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 93 593 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 93 585 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 575 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 320 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 350 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 845 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 996 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 681 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 363 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 514 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 422 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 168 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 340 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 10 134 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 145 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 490 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 182 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 156 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 093 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 945 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 156 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 120 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 10 282 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 847 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 988 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 198 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 438 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 927 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 966 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 016 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 918 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 154 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 285 Просмотров





Опрос


«    Май 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031