17 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақ курсанты өрт кезінде адамды құтқаратын мобильдік қосымша әзірледі

08 июнь 2018, 14:33
InHelp мобильдік қосымшасы адамдарға төтенше жағдай болған кезде, қоғамдық ғимараттан бірден шығу жолын нұсқап, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйретеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Кемероводағы сауда орталығында ондаған адамның өмірін жалмаған өрт біздің қазақ жастарына ой салса керек. ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтының 3 курсында оқитын курсант Әділет Серік қоғамдық ғимараттарда өрт немесе басқа да төтенше жағдай болған кезде, адамдарға нысаннан қалай аман-есен шығуға болатынын көрсететін мобильді қосымша әзірледі. Айтуынша, жоба 90 пайыз дайын. Тек оған инвестор тартып, толығымен жүзеге асыру ғана қалды.

"Қазір ең басты проблемалардың бірі – бұл адамдардың білім деңгейінің төмен болуы және қоғамдық ғимараттарда төтенше жағдай болған кезде бірден шығу жолдарын таба алмай, үрейге берілуі. Сондықтан осы проблеманы шешу үшін мен мобильдік қосымша жасап жатырмын. Онда төрт бағыт қамтылған. Біріншісі – өрт және төтенше жағдай кезіндегі алгоритм жазып көрсетілген, ол фото, видео, мәтін және аудио түрінде беріледі. Содан кейін алғашқы медициналық көмек көрсету. Ол да төрт форматта ұсынылады. Ұялы телефоныңызда интернет қосылмай тұрған кезде де, құтқарушыларды немесе тағы басқа шұғыл қызметтерді шақыра аласыз", — деді Әділет.

Оның айтуынша, әзірге қосымшада Қазақстан бойынша 2000 мыңнан аса нысанның бас жоспары енгізілген. Болашақта қосымша жаңартылып, қоғамдық ғимараттар саны толыға береді.

"Кемероводағы сауда орталығында болған трагедиядан кейін қосымшаға нысандардың бас жоспарын қосуды ұйғардым. Қазіргі таңда Қазақстан бойынша екі мыңнан астам қоғамдық ғимараттың бас жоспары бар. Болашақта ол жаңартылып, қосыла береді. Барлығы 14 облыс орталығы мен Астана, Алматы қалаларының ғимараттары енгізіліп отыр. Яғни, балабақша, мектептер, емханалар, ойын-сауық орталықтары, жоғары оқу орындары", — дейді жоба авторы.

Оның айтуынша, мобильдік қосымшаны толығымен жасап шығару үшін ең кемі 500 мың теңге қажет. Жобаны әзірлеуге алты ай уақыт кетіпті.

"Қосымшада барлығы үш тілде жазылған. Ең басты ерекшелігі – қазақ тіліндегі мәтіндерді латын әліпбиімен жаздым", — дейді ол.

Айта кетсек, бүгін елордада "StartapBolashak – Менің арманым" жастар бизнес-жобалары ұлттық байқауының ширек финалдық кезеңі басталды. Ширек финалға 471 бизнес-жоба іріктеліп алынды. Шараға 16 мен 35 жас аралығындағы 900-ден астам жас стартапер, сондай-ақ 100 сарапшы, 50 ментор мен 20 өңірлік үйлестіруші қатысып жатыр. Үш күн ішінде жартылай финалға жолдама алатын 100 мықты жоба таңдалып алынады.

Жартылай финалға өткен ең мықты 100 жоба авторы шілде айында "StartapBolashak – Менің арманым" жазғы кубогы аясында финалға жолдама алу үшін бақ сынасады. Соның тек 50-і ғана "Менің арманым" телевизиялық шоуына қатысады. Бұл кезең стартап аукционы сияқты өтеді. Жас кәсіпкерлер инвесторлар мен Қазақстанның ірі венчурлық компания өкілдеріне өз жобасын таныстырады. Мұндағы мақсат – байқауға қазылық етіп отырған инвесторлардың қызығушылығын тудырып, өз жобасын жүзеге асыруға қаражат тарту.

Байқауды Білім және ғылым министрлігі, "Болашақ" қауымдастығы және "Success K" стратегиялық коммуникациялар агенттігі ұйымдастырып отыр.
Просмотров материала: 2 082

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 222 733 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 222 429 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 221 921 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 221 958 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 222 332 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 854 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 885 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 217 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 897 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 928 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 136 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 878 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 016 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 647 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 523 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 545 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 759 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 516 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 916 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 708 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 524 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 367 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 209 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 581 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 455 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 943 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 378 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 273 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 509 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 902 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 250 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 193 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 343 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 270 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 515 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 646 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031