13 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақ қызын жеңген вьетнамдық еркек боксшы болып шықты

08 июнь 2018, 9:13
Сәуірдің 19-27 аралығында Тайланд елінің астанасы Бангкокта бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты өтті. Сайыс барысында адам айтса сенгісіз тосын жағдай болды, деп хабарлады Алтайньюс.

Мұнда құрлықтың отыздан астам елінен келген кіл мықты спортшылар жарыс жолына шықты. Жасөспірімдер өз салмағының үздігі атанып, Олимпиада ойындарына жолдама алу үшін бақ сынасты. Атап өтерлік жайт, еліміз былғары қолғап бәсекесінде Азия құрлығында теңдессіз екенін тағы бір дәлелдеді. Он алтын, төрт күміс және төрт қола жүлдемен жалпыкомандалық есепте алғашқы орыннан көрінді. Жоғарыда айтылған тосын жайт бұл емес еді.

Шығысқазақстандық Еркежан Дәулетжанқызы 57 келіге дейінгі салмақта алтын медаль иелену үшін шаршы алаңға шыққан. Оған дейін бұрымды боксшымыз Индонезия, Моңғолия, Жапония елдерінен келген спортшыларды тас-талқан етіп жеңді. Ал алтын жүлде сарапқа салынған кездесуде төрешілер барлық раундта басымдықты Вьетнам елінің өкіліне берді. Артынан белгілі болғандай, ол жынысын ауыстырған ер бала болып шықты. Иә, шынымен де осындай оқиға болды. Еркежанның жаттықтырушысы Арман Тыныбаевтың айтуынша, вьетнамдық боксшы өткен жылдың қараша айында Үндістандағы әлем чемпионатында топ жарған. Сол жерде ол Жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарына жолдама иеленеді.

"Оның қимылы, күлгені, жұдырықтасу мәнері ер балаға қатты ұқсады", – дейді Арман Тыныбаев.

Азия чемпионаты кезінде ол өзіне көп назар аудартты. Сайыс мәресіне жеткен соң, AIBA халықаралық бокс қауымдастығы секемденіп, одан ДНК сынамасын алған. Осылайша шындықтың беті ашылыпты.

Бапкердің айтуынша, жарыс біткен соң екі апта уақыт ішінде аяқ асты қуанышты хабар жетіпті. Мұны еліміздің қыздар құрамасының аға жаттықтырушысы Алмаз Қуатбеков айтқан екен. Енді жақын арада Еркежанға Жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарына жолдама берілетін болады!

"Естіген соң қатты қуандық, десе де таңғалмадық. Ол спортшыда гәп бары бәсеке басынан байқалды. Енді міне, мән-жай анықталып отыр. Мені ең жабырқатқаны – марапаттау кезінде еліміздің байрағы көтеріліп, әнұранымыз шырқалуы тиіс еді. Бұлай болмады. Әр бапкер үшін шәкіртінің шыңнан көрінуі аса маңызды", – деді жаттықтырушы.

Еліміздің бокс Федерациясы енді Азия Федерациясына сұрату жібереді. Осыдан барып, олар алтын медаль мен Аргентина жерінде өтетін Жасөспірімдер Олимпиада ойындарына жолдаманы берулері тиіс.
Просмотров материала: 2 440

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 222 042 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 221 732 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 221 230 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 221 264 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 221 637 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 818 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 851 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 183 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 863 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 893 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 101 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 874 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 007 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 638 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 516 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 534 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 756 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 509 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 907 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 700 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 517 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 360 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 203 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 572 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 446 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 938 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 365 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 265 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 502 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 899 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 241 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 189 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 335 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 263 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 507 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 642 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031