14 октября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Open Air жыры... немесе Астана күніне Ресей әншілерін шақыра беруді қашан тоқтатамыз?!

06 июнь 2018, 11:40
Сонда Ресей әншілерін шақырмау керек пе, - деп сұрады менен Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев ағамыз. Шақырудың реті болады, шақырыңыздар, бірақ мемлекеттік мерекемізде өз әншілеріміз тұрғанда, өзге елдің әншілерін лек-легімен алдырып, алты сағаттық концерт беру артық деп жауап бердім.

Енді әңгіме қай жерде, неден басталды, не туралы болды, соған тоқталсам. Әзірет Сұлтан мешітінде Астана әкімі Әсет Өрентайұлының атынан берілген ауызашардан шығып тұрған сәтіміз еді. Театр актері Нұркен Өтеуіл Астана әкімінің орынбасары Ермек Әмірханұлымен сөйлесіп келе жатыр екен. Жанымызда айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазы, ақын Бауыржан Қарағызұлы, тағы бірнеше жігіт тұрған.

Әңгімеге мен де араласып, Ермек ағамызға Астана әкімдігінің мәдениет бағытындағы бірнеше жұмысына көңілім толмайтынын, үнемі Ресейге еліктеп, солардан әнші шақыратынын, оларға бюджеттен қанша қаржы шығындалатынын елдің білмейтінін, жалпы Open Air деген ашық аспан астындағы концертке Ресей әншілерінің жыл сайын сонша көп шақырылатынын түсінбейтінімді, бұған қарсы екенімді айтқанымда, әкім орынбасарының әңгіме басында келтірілген «таңқалған жауабын» естідім.

Ақпарат үшін айта кетсем: 29 мамырда Астана әкімдігінің Мәдениет және спорт басқармасының мұрындық болуымен, «Қазақ елі» монументі алдында, Астанамыздың 20 жылдық мемлекеттік мерекесіне арналған ең алғашқы шара - Open Air концерті өтті.

Дені Ресей эстрада жұлдыздары қатысқан концерттің аты «Ұлы дала бірлігі» деп аталыпты. Ресейден Дима Билан, Юлиана Караулова, Сергей Лазарев, Анна Седокова, Натан, Анна Семенович, Джиган, Елена Темникова, Тимур Родригез, Макс Барских, Миша Марвин, «Градусы» тобы, Artik&Asti және басқалары, ал өз елімізден Қайрат Нұртас, Айқын, Мәдина Сәдуақасова, Кәмшат Жолдыбаева, Әлішер Кәрімов, Ерке Есмахан, Ринат Мальцагов, Ringo және Ninety One тобы өнер көрсетті.

Бір ақпаратта 50 мың, тағы бірінде 100 мың адам жиналды делінген. Сонша көп адам тарттық, бұл аса маңызды деген ұстанымдары болса керек. Өкініштісі сол, Ресейден шақырылған әншілерге біздің көрермен сонша ынтызар деуге келмейді. Астана қаласы Мәдениет және спорт басқармасының басшысы Болат Мажағұловтың өзі айтқандай, жиналғандардың басым бөлігі «91» тобын тыңдау үшін келген. Ресей әншілері үнемі шақырылатын Open Air концертінің биыл төртінші мәрте ұйымдастырылып отырғанын да айта кеткен жөн.

Енді менде сұрақ: Ресейдің мемлекеттік мерекесіне қазақ елінен қанша әнші шақырылады? Шақырыла ма өзі? Бізге келген (келетін) Ресей әншілеріне қанша қаржы бөлінді, қайдан бөлінді және кім рұқсат берді? Достығымыз бен бірлігімізді көрсеткісі келсе Ресейден, Өзбекстан, Қырғыз елі, басқа да алыс-жақын елдерден неге бір-бірлеп әнші шақырылмайды? Неліктен біз үнемі Ресейден шақырамыз? Неге біз руханиятымызға қатысы жоқ осындай шараларға Рухани жаңғырудың белгісін қойып қоямыз?

Айтпақшы, Ермек Аманшаевпен болған қысқа әңгіме барысында, біз өз өнерімізді түгендеп отырмыз, сондықтан Ресейден шақырғанның да айыбы жоқ деген пікір айтылды. Келіспеймін. Шеттен келгендер мемлекеттің қолдауымен қымбат, зәулім сарайларда өнер көрсетіп жатқанда, біздің «Шаншар», «Алдараспан» сияқты өнер ұжымдары өз есебінен жартылай қараңғы, концерт өткізуге арналмаған жерлерде халық жинауға мәжбүр.

«Өнер қырандары» сияқты қолдаушысы жоқ театрлардың жайы айтпаса да түсінікті. Осы жерде оқырмандарға сұрағым: Астананың 20 жылдығында қандай әншілерді, театрларды, басқа да өнер ұжымдарын қолдау керек деп санайсыз? Мүмкін бұл ұсынысымызды Астана әкімдігі қабыл алар?

Жығылғанға жұдырық демекші, Астана күніне орай Ресей командаларының қатысуымен КВН-нен Еуразия кубогы өтетін болыпты. Жарнамасын қателесіп «кубогІ» деп жазып қойған. Ойынға Ресейден алты, бізден екі топ қатысады. Ал, өз жастарымызға жақын «Жайдарман» ойыншылары Астана күнінде бар ма екен өзі?

Мәди Манатбек, "Қазақ радиолары"

Дереккөз: Фэйсбук
Просмотров материала: 11 817

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 170 510 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 170 343 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 169 969 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 170 018 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 170 301 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 049 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 186 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 410 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 410 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 576 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 303 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 835 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 340 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 195 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 014 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 205 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 290 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 958 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 347 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 065 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 082 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 914 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 748 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 013 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 954 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 467 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 933 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 788 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 058 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 387 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 801 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 758 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 810 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 759 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 987 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 134 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031