22 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Назарбаевтың мұрагері кім болуы мүмкін: отбасы мүшесі ме, билік элитасы ма?

Қазақстанда бір жыл бұрын ел президенті сайлауына өзін-өзі ұсынуға тыйым салу туралы норма енгізілді. Ең жоғары лауазымға партиялар мен қоғамдық бірлестіктер ұсынған кандидаттар ғана сайлауға түсе алады. Саясаттанушы Андрей Чеботаревтың пікірінше, Нұрсұлтан Назарбаевтың мұрагерлерінің аясы тарылып жатыр. Қазақстанның екінші президентіне қазіргі ел басшысы Нұрсұлтан Назарбаевта бар өкілеттіктер берілмейді. Билік транзиті жайлы мұндай пікірді "Альтернатива" өзекті зерттеулер орталығының директоры, саясаттанушы Андрей Чеботарев білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Президенттікке кімдер таласа алмайды?

Чеботаревтің пікірінше, бүгінде елде билік транзитінің институционалдық сұлбасы көрініс тауып жатыр. Ол "Қауіпсіздік кеңесі туралы" заң жобасы мен "Сайлау туралы" заңға түзетулерді аргумент ретінде келтіріпті. Сонымен бірге, сарапшының пайымынша, соңғысы президент лауазымына кандидаттар тізіміне "қарапайым адамдардың" ғана емес, билік элитасының да енуіне тосқауыл болуы мүмкін.

"Егер бұрын кез келген адам ел президентіне өзін кандидат ретінде ұсына аламын деп есептесе, енді бұл құқық тек қана республикалық қоғамдық бірлестіктерге ғана беріледі. Біз өткен сайлауларда президенттікке лайықсыз адамдардың сайлауға түсуге әрекеттеніп, тіркеу кезеңінде шығып қалып жатқанын көрдік. Алайда, екінші жағынан, мемлекеттік қызметте ешқашан істемеген, ірі бизнес өкілдері болған адамдар бұдан былай сайлауға қатыса алмайды. Бұл ретте Forbes тізіміне кіретін олигархтарды айтуға болады", — деді Чеботарев Евразия ұлттық университетіндегі көктемгі Еуразиялық жастар мектебінің ашылуында.

Президенттікке кандидаттар ауру-сырқауы жоқтығын дәлелдеуі тиіс деген талапты Чеботарев "айлалы әрекет" деп бағалады.

"Әлдекімді президенттікке кандидат ретінде жібергің келмей ме? Мархабат. Ол кез келген ауруханаға барады, ал оған Астанадан шалынған қоңырауға сүйеніп психикалық ауытқушылығы бар деп жазып береді. Адамды әкімшілік жауапкершілікке тартудың керегі жоқ, оның сырқат екенін айтса жеткілікті. Менің көзқарасым бойынша, мұның бәрі керексіз кандидаттарды жібермеу үшін жасалып жатыр. Алайда бұл қоғамнан емес, билік элитасынан шыққан тұлғаларға қатысты. Қарбалас шақ туған кезде президенттің айналасындағы адамдар өз адамын ұсынады, қарсы топтан біреу шығып, "Мен де ел басқара аламын" деуі мүмкін. Сол кезде осы технология қолданылады", — деп пікір білдірді Чеботарев.

Президенттің қызынан "көлеңкелі кардиналға" дейін

Чеботарев қазіргі таңда Қазақстанда "өз қатарын тазалау" жұмыстары жүріп жатыр деп есептейді. Сонымен қатар ол елдегі билік транзиті өзбек сценарийі бойынша өтетініне күмәнмен қарайды.

Сарапшының айтуынша, Қазақстан жайлы не айтсаң да, көрші елдің элитасы анағұрлым ұйымшыл. Нұрсұлтан Назарбаев, саясаттанушының пікірінше, бөлшектелген билік топтарындағы тепе-теңдікті сақтай алады.

"Біздің сарапшыларды екінші президент кім болатыны қызықтырады. Өз басым бұл сұраққа басымды қатырмаймын. Кім болса да, ол адам екінші Назарбаев болмайды. Бұл менің топшылауым. Тіпті өкілеттігі бойынша алып қарайтын болсақ. Қазақстанның екінші президенті болуға ұсынылмаса да, кем дегенде үміткерлерді талқылап, шешім шығарып, ықпал етуге құқығы бар тұлғаларды атап бере аламын", — дейді Чеботарев.

Саясаттанушы өз тізімін екі топқа бөлді: біріншісі – отбасы мүшелері, екіншісі – Назарбаевтың төңірегіндегі адамдар.

Бірінші орында Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы – парламент сенатының депутаты Дариға Назарбаева. "Құқықтарын алға тартатындар" тізімінде – Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары Самат Әбіш, Чеботарев оның Назарбаевтың жиені екенін айтты.

Одан кейінгі кезекте – Ахметжан Есімов, қазір "Самұрық-Қазына" басқарма төрағасы.

Саясаттанушының төрттігіне Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев кіреді. Бірақ, оның пікірінше, Құлыбаев соңғы жылдары саясаттан алшақтап кетті. "Дегенмен, ол айтарлықтай беделді тұлға", — дейді Чеботарев.

Президентке жақын тұлғалардың ішінен саясаттанушы сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаевты және мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулинді, президент әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбековті, ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімовті, сонымен бірге Қазақстанның ең бай кәсіпкерлерінің бірі Болат Өтемұратовты атады. Саясаттанушының пайымдауынша, бизнесмен — "көлеңкелі кардинал".

"Қазіргі премьер-министр Бақытжан Сағынтаев туралы айтпағаным, ол тек техникалық орындаушы қызметін атқарады", — дейді Чеботарев.

"Ал Тасмағамбетов ше?" деген сұраққа саясаттанушы "оны да бағалаймын" деп жауап берді.

Ельцин мырза сияқты

Саясаттанушы Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаттары бірінші оқылымда мақұлдаған "Қауіпсіздік кеңесі туралы" заң жобасының маңызына тоқталды.

"Заңның қабылдануы билік транзиті бірден болады деген сөз емес. Бірақ Назарбаев қалаған кезде, кез келген уақытта болуы мүмкін. Кезіндегі Ельцин мырза сияқты. Ол лауазымын сол кезде көпшілікке беймәлім премьер-министр Путин мырзаға бергісі келді ғой", — деп ойын қорытты саясаттанушы.

Оның айтуынша, транзиттің қашан болатыны туралы ғана пікір таластыра аламыз, ал оның ерте ме, кеш пе орын алатыны жалпыға мәлім жайт.
Просмотров материала: 6 767

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 229 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 061 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 702 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 726 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 034 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 472 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 650 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 717 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 905 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 051 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 430 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 320 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 648 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 352 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 454 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 653 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 319 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 667 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 268 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 113 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 290 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 822 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 166 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 364 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 692 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 116 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 129 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 174 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 097 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 482 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930