21 июля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Бизнесін екі ұямен бастаған еңбекқор омарташы бүгінде мыңнан астам ұяда бал арасын өсіреді

29 май 2018, 4:00
Бизнес дегеніміз не? Википедияның бізге берген анықтамасы бойынша «бизнес адамның табиғи қасиеттеріне, біліміне негізделе отырып, қандай да болмасын бір істен кіріс кіргізуге, өзінің материалдық, рухани қажеттілігін қанағаттандыруға, сонымен қатар қоғамға пайда келтіруге де мүмкіндік береді».

Қазіргі замандағы адамдардың көбі осы бизнеспен айналысып, келешекке жоспарларын құрып, көптеген жетістіктерге жетуде. Солардың бірі біздің шырайлы қаламыз Шымкенттің тұрғыны және менің сыныптасымның көкесі - Нармухамедов Төрехан Арсланұлы.

Нармухамедов Төрехан 1950 жылы 28 ақпанда дүниеге келген. Оның бизнес әлеміне енуі 1992 жылы Ташкент қаласындағы оқуын бітірген соң басталады. Жұмысқа тұру үшін Оңтүстік Қазақстан облысындағы Кентау қаласына келіп, кейіннен сол қаладағы фабрикаға энергетик болып жұмысқа орналасады.

Омарташылыққа қызығуына себеп болған фабрикадағы жұмысшылар екен, яғни ол жердегі адамдардың жартысы аталмыш кәсіппен айналысқан. Бұдан бөлек Төрехан Арсланұлының бұл кәсіппен айналысуына байланысты өте қызықты оқиғасы бар екен.

Сыныптасым Мұсаханның айтуынша, көкесінің ауылында Арыстанбек Ходжанов атты омарташы болған. Төрехан көкенің 6 жасар кезінде оған омарташы бір шелек бал әкеліп береді. Сол кезде балдың керемет дәміне тамсанып, болашақ мамандығын тәттімен байланыстырғысы келген. Армандар орындалады деп осыны айт!

Омарташылық бизнесімен айналысқан адам қапыда қалмайды, себебі балдың қолдану салалары өте көп, сондай-ақ экспортталуы да жақсы. Омарташылар теқ қана балмен шектелмей, онымен қоса желе, балауыз, балтозаң, прополис өндірумен айналысады екен.

Бірақ омарташы болу әр адамның қолынан келе бермейді, әсіресе оны бизнес ретінде дамыту, шарықтату өте қиын. Ол үшін мол білім мен қомақты қаражат керек екендігімен келісетін шығарсыз?!

Нармухамедов Төрехан Арсланұлы осыншама қиындықтарға қарамастан алдына мақсат қойып, өзінің ең алғашқы екі бал ара ұясын ұстазы Канвалов Иван омарташыдан сатып алады. Осылайша шағын бизнесін азын-аулақ іспен бастап, көптеген жылдардан кейін дәл осы екі бал ара ұясын 50-ге жуық ұяға жеткізген.

Нармухамедов Төрехан Арсланұлы бизнеспен айналыса бастағаннан соң отбасын құрады. Ол өзінің ісін ұрпақтан ұрпаққа жалғастыру мақсатында баласы Нармухамедов Русланға осы кәсіпті үйретіп, жан-жақты баулып шығады.

Ұлы үмітін ақтап 2000 жылы «Виа Гра» ЖШС компаниясын құрады. Дәл осы жылы Төрехан Арсланұлының өзі Оңтүстік Қазақстан Облысының омарташылар комитетінің төрағасы болып тағайындалады.

Кезінде жалғыз адам қолға алған істі көп ұзамай бүкіл отбасы жабылып істей бастайды. Менің сыныптасымның әкесі де осы іспен айналысқанды жөн көрген. 2010 жылы Нармухамедов Төрехан Арсланұлының баласы «Виа Гра» ЖШС компаниясының жұмысын тоқтатып, жаңадан отбасылық «Нармухамедов» жекеменшік компаниясын ашады.

Қазіргі таңда бұл омарташылық бизнесте 1000-нан астам бал ара ұясы бар. Омарташылық фирмасына бал аралары сонау Австрия және Германия елдерінен әкелінеді. Бал, балтозаң, прополис секілді өнімдер Ресейге экспортталады.

Болашақта Қытай және Европа секілді елдермен сауда-саттық жүргізуді жоспарлап отыр. Ал біздің еңбеққор бизнесменімізге «Халық Құрметі» медалі бұйырған.

Менің сыныптасым Мусахан дәл осы бал аралары сияқты өз отбасына татулық пен берекені ұялата білген атасы мен әкесінің ісін қолдауды және оны жетілдіруді өзіне парыз санайды екен.

Ал мен өз тарапымнан бұл отбасына балдай тәтті татулық тілеймін.

Мұсахан АРЫСЛАН
Әсел ҮСЕН
8 G сынып оқушылары
Химия-биология бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі
Оңтүстік Қазақстан облысы
Шымкент қаласы
Жетекшіcі: Жанна Дуйсенбиева
Просмотров материала: 5 464

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 209 668 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 209 331 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 208 817 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 208 864 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 209 237 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 166 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 203 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 502 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 154 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 234 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 415 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 719 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 776 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 493 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 365 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 163 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 595 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 316 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 719 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 527 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 375 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 215 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 076 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 411 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 296 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 779 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 962 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 131 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 364 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 747 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 107 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 049 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 185 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 126 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 337 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 494 Просмотров





Опрос


«    Июль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031