22 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Ауылымның айтқыштары

28 май 2018, 5:16

Көрнекі сурет
Біздің Үштөбе - Тарбағатай тауымен етектес Өкпеті тауының баурайында орналасқан, табиғаты әсем шағын елдімекен. Айналасында әсем таулар, мөлдір бұлақтар, қалың өскен ағаштар мен тау бөктерлерінде құлпынай, қарақат, мойыл, таңқурай сияқты жеміс-жидектер мол өседі. Осындай ауылда туып-өсіп, осы табиғаттан нәр алып өскендіктен болар, біздің ауылдың адамдары шеттерінен өнерлі, ақынжанды, сұлулыққа жаны құмар болып келеді.

Шағын ауыл болғандықтан, оның тұрғындары бір-бірімен малы аралас, қойы қоралас дегендей, береке-бірлігі жарасып, ұйымшыл болып кеткен. Сондықтан болар, олардың бәрі бір-бірінің үйінде не болып жатқанын, кімнің келіп, кімнің кеткенін, кім кімге не деп айтқанын, тіпті кімнің сиыры қандай екенін және кімнің иті қалай үргеніне шейін - бәрін, бәрін біліп отырады.

Былайша айтқанда, өзара туыс, бауыр болып кеткен ғой. Ауылдағы қарапайым адамдардың арасында сөзден жебе тартып, садақ атқан, жатыпатар айтқыштар баршылық. Мен бүгін солардың біразының тауып айтқан ұтқыр сөздерін жинастырып, әңгімеме арқау еттім.

Ауылда Мақсұт деген жігіт ағасы бар. Жігіт ағасы дейтіндей жөнім бар, өйткені ол 1967 жылы туғанымен, әлі күнге үйленбеген, сүр бойдақ. Оны ауылда өзінің азан шақырып қойған атымен ешкім атамайды, шын атының Мақсұт екенін де үлкендер болмаса, кейінгі жастар білмейтін шығар, себебі оны барлық ауылдастары «Шопи» деп атайды.

Ал олай аталу себебі, Шопидың әлі тілі шыға қоймаған бала кезінде «Мен өскенде шопыр болам» дегенді айта алмай, тілі келмей «Шопи болам» деп айтқанынан осылай аталып кеткен деседі. Сол Шопидың «деген екен» деген сөздері ауылда көптеп айтылып жүреді, енді солардың бірнешеуіне тоқталайын.


***

Шопидың шешесі оған үнемі «Неге үйленбейсің, осылай қу тізеңді құшақтап қашанғы жүре бересің?» деп ұрса берсе керек, әбден ығыры шыққан Шопи ол кісіге «Тәте, менің тізем ұзын, соны құшақтап жата берем» деген екен.

***

Ауылдың шығысында 20 шақырымдай жерде Максим Горький атты қыстақ бар. Аягөз-Ақсуат күре жолына жету үшін адамдар көбіне сол қыстақты басып жүреді. Бірде сол қыстақта тұратын бір шопанның үйіне аяқ астынан Шопи кіріп келіпті.

Қыс кезі болғандықтан ауыл маңынан ешқандай көліктің өтпегенін көріп отырған үй иесі Шопидың қалай келгенін білгісі кеп «Өй, Шопи, ешқандай көлік өтпеді ғой, сен немен келдің?» деп сұраса, ол жаяу келдім дегеннің орнына күліп, «немен болушы еді, кроссовкамен келдім» деген екен.

***

Біздің ауылда телефон орнамаған кезде жалғыз-ақ почта болатын. Онда сөйлесуге келген адамдардың бәрі бір жерге отырып алып, бірінің сөзін бірі естіп, өз кезектерін күтіп отыратын еді. Бірде телефонмен сөйлесуге почтаға Шопи ағамыз да келсе, ішінде Әріп атты бір азамат қаламен сөйлесіп жатыр екен.

Байланыс нашар болып, бер жақтағы адамның дауысы ар жақтағы адамға естілмей жатса керек, әлгі адам «Мен Әріппін» деп бар дауысымен айқайлап жатса, Шопи отырып «Әй, Әріп, құр айқайлай бермей, одан да қай әріп екеніңді айтсаңшы, "а" ма, "б" ма?» деп отырған жұртты ду күлдірген екен

***

Шопи ағамыз - жұмыскер кісі. Оның қолынан әр түрлі жұмыстар, әсіресе құрылыс жұмыстары жақсы келеді. Сондықтан да оны әркім өзіне жәрдемдесуге шақырып жатады, кей жерлерге жалданып барып жұмыс істеп жүреді. Бірде сондай жұмыстармен Ақжайлау деген жерге барып, қора салады.

Сол Ақжайлауда тұратын шопан адам да аңғал, қожанасырлау болатын. Шопан кешкі мал келгенде отардағы қойды түгендесе, бір бас жетіспепті.

Сол кезде жол-жөнекей Оралғазы деген ауылдың баласы келе қалып, амандық сұрасып біраз бөгеледі де, әрі қарай кетіп қалады. Әлгі Оралғазыны бала кезінен ауылдастары «Ала қозы» атап кеткен болатын.

Сонымен не керек, шопан малын қайдан іздерін білмей, сасқалақтап тұрса, Шопи ағамыз оған «Ой, ол малды несіне іздегелі отырсың, жаңа ғана бір ала қозы ауылға кетіп қалды емес пе?» деген екен жаңағы Оралғазыны нұсқап.

***

Шопидың құрдастары бір-біріне «қасқыр», «есек» , «аңқи», «жымпи» деген сияқты лақап аттар қойып атап жүреді. Ол аттарын естіген ауыл адамдарының да құлақтары осыған үйреніп кеткен. Бірде Қайырбек деген құрдасы (лақап аты «есек») Шопимен алыса жөнеліп, оны жығып салады.

Әншейінде еңгезердей Шопидың кішкентай есектен жеңілмейтіні рас еді. Бірақ дәл осы жолғы жеңісіне масаттанған әлгі Қайырбек келесі күні жолдастарына кешегі өзінің жеңісі туралы айтса, оған ешкім сенбепті.

Әбден ызаға булыққан Қайырбек Шопидың өзін ертіп келіп, барлығының көзінше кеше өзінен жеңілгенін мойындауын сұрапты. Сонда Шопи ағамыз өзінің қуақы әзіліне салып «Ия, кеше есектен құлағаным рас, өйткені оны ерттемей міне салып едім» деген екен.

***

Жаздың шіліңгір ыстығында жайлауда тамақ ішіп отырған Шопиға бір шыбын маза бермей қойса керек. Сонда ол әлгі шыбынды ұстап алып Шопи «ауылда ұстап, ен салып жіберген шыбынымның менің артымнан жайлауға келіп алғанын қарашы» деген екен.

***

Келесі кейіпкерім - Шопидың құрдасы, әлгіде айтқан «жымпи» деген лақап аты бар, ауылда ұсталықпен аты шыққан Ерболат атты азамат. Ерболат ағамыздың да әдемі қалжыңмен ауылда аты шыққан.

Қазақта ежелден қалыптасқан дәстүр - нағашы мен жиен арасында әзіл-қалжың жүретіні бәрімізге аян ғой. Бұл кісі өзінің әдемі әзілдерін тек арнайы нағашыларына ғана жолдап жүргенді тәуір көреді екен. Солардың бірнешеуіне тоқталып өтейін.


***

Ауылда Ерболаттың нағашысы болып келетін Абақ атты көңілді адам бар. Ол кісімен ойнайтын құрдастары мен жиендері оның тақыр, жылтыр басына тиісіп, маза бермей жүреді. Абақ аға болса өзінің басын ешкімге көрсетпей, басынан шәпкесін тастамай әлек.

Кездесіп қалғанда құрдастары ол кісінің басындағы бас киімін жұлып алуға тырысып, тартысып жүреді. Содан әбден мезі болған Абақ аға да сақтанып, қалтасына екінші бас киімін, былайша айтқанда «запаскісін» салып жүреді екен.

Егер кездесіп қалған жерде құрдастары оның басындағы бас киімін жұлып алса, ол кісі жалма-жан қалтасынан екіншісін алып, басына кие қояды екен.

***

Бірде далада қой жайып жүрген Абаққа Ерболат жолыға қалады. Қой бағып, жалғыз зерігіп жүрген шопан кісі кезіккен жолаушыға қуанып, оны жібергісі келмей, әңгімеге тартатыны рас. Сол әдетпен өзімен қатты ойнайтын жиенінің кез келгеніне мәз болған нағашысы Ерболатқа тиісіп сөйлеп, қалтасын ақтара бастайды.

Жолда нағашысы жолығатынын білген Ерекең де бір шишаны өзімен бірге ала шықса керек. Сонымен нағашысын қуантып, әлгі сарқытын алып шыққан Ерболат сыртқы қағазындағы жазуына шұқшиып қадала қалады. Шыдамы таусылған Абақ: «Өй, неменесіне оқып жатырсың, әкелмейсің бе одан да?» десе, Ерболат ойлана қарап:

«Мына жерде басында шашы жоқ адамдарға ішуге болмайды деп жазылыпты» деген екен. Сөзден жеңілген нағашысы бір боқтанып алып, атына қамшысын басып, шаба жөнеліпті.

***

Тағы бірде жол түсіп Абақ аға Ерболаттың көлігіне отыра қалыпты. Жол тайғанақ бола ма, әлде нағашысын біраз сілкілеп алғысы келе ме, әйтеуір Ерекең машинасын олай бір, бұлай бір ойнақтата бастайды.

Әбден шыдамы таусылған әлгі кісі сонда шыдамай, шопыр жігіттен "машинаның доңғалақтары тақыр ма?" деп сұрайды. Сонда ілік іздеп отырған Ерболат нағашысына:

«Ия, мен отырған жақтағы доңғалақ тура менің басымдай, ал сен отырған жақтағы доңғалақ тура сенің басыңдай жып-жылтыр» деген екен.

***

Ерболаттың ауылда ұсталықпен айналысатынын жоғарыда айтып кеттік. Ерболатты жаз беті ауыл адамдары үйінің шатырын жөндеуге шақырып жатады. Ауыл адамдарының ептеп жағдайлары түзеліп, барлығы да бұрынғы ескі шатырдың орнына жаңадан қаңылтыр шатырмен жауып жатқан кез болатын.

Бір күні кезек Абақ ағаға да келеді. Ерекең төбеде үй шатырлап жүрсе, өтіп бара жатқан Абақтың көршісі, бір ақсақал тоқтай қалып, олардың жұмысын мақтай жөнеледі. Ерекеңді мақтағанды өзінше көре алмаған Абақ та жай тұрмай, оны жамандай жөнеліпті.

«Қайдағы, бұның қолынан түк те келмейді, бәрін өзім айтып, қасында тұрып зорға істетіп жатырмын. Әйтпесе бұл істеудің орнына, бәрін бүлдіріп тастайды» дейді. Сонда Ерекең ақырын ғана жымиып, әлгі ақсақалға қарап:

«Ия, нағашым дұрыс айтады, бәрін өзі айтып, өзі көрсетіп тұр. Мен тура соның айтқанымен істеп жүрмін. Тіпті үйінің шатырын да өзінің басы сияқты жып-жылтыр қылып шатырлап жатырмын» деген екен күліп.

***

Сол Абақ нағашысының үйін шатырлап жұмыс істеп жүргенде барлығы түскі тамаққа үйге кіріпті. Үй иесінің Айқын атты баласының да басы тура әкесінікіндей жып-жылтыр екен. Әншейінде тамақ ішкенде қайтетінін кім білсін, ал дәл сол күні сол баласы да, әкесі де тамаққа кіргенде бас киімдерін шешпей отырыпты.

Кім білсін, үйдегі жиенінен ұялды ма екен. Соны ақырын ғана байқаған Ерболат өзінің шешіп, іліп қойған бас киімін қайта алып, басына киіп алыпты. Онысына таң қалған үй иесінің әйелі «басыңды неге киіп алдың, шешіп қойып, жайланып тамағыңды ішіп ал, қазір шаршайсың» демесі бар ма?.

Сонда Ерекең: «Қайдан білейін, бұл үйдің заңында еркек атаулы тамақ ішкенде бас киіммен отырады екен десем» деген екен. Жиенінің тапқыр сөзіне барлығы да мәз бола күліп, рахаттанып шәйларын ішіпті.

***

Абақ деген кісінің ертеректе осы ауылда тұрып, көршілес Сұлутал ауылына көшіп кеткен Мұрат деген туған ағасы болған. Кейінірек ол кісі сол жақта қайтыс болды. Ауылдағы қалжыңдайтын кісілер әлдебір себеппен ол кісіні "Итмұрат" деп атап жүретін.

Бірде Ерболат ауыл сыртында мал бағып жүрсе, қасына Абақтың ұлы келіп, амандық-саулық сұрасқаннан кейін өзінің бір итінің жоғалып кеткенін, соны іздеп жүргенін айтып, Ерекеңнен көрген-көрмегенін сұрайды.

Сонда Ерболат одан жоғалған итінің түрін, тұқымын сұрап алғаннан кейін осыған ұқсас бір итті көргенін, оның бет алған жағы Сұлутал жақ екенін айтып, әлгі балаға жол сілтеп жіберген екен. Кешке таман күнімен бос сандалып, ит іздеп, әбден сілесі қатқан бала үйіне қайтып, болған жайтты әкесіне айтып беріпті.

Сонда әкесі баласына ұрсып «Өй, ақымақ, ол Сұлутал жаққа кетті деп өзіңнің атаңды айтып тұр емес пе, соны да түсінбегенсің бе?» деп ренжіпті.

***

Бірде ауылда үлкен ас беріледі. Құран оқылып, қатым түсірілгеннен кейін дастарханға тамақ әкелінеді. Сол күні қымыз да беріледі. Дастархан басына отырғандар әдетте өзара іріктеліп, құрбы-құрдастары бірігіп отыратыны белгілі жайт.

Ет желініп, қымыз құйыла бастағанда біреулер қымызды ішемін, ал біреулері керісінше ішпеймін деп қайтадан қайтарып жіберіп жатады. Ерекеңмен қатар отырып қалған баяғы құрдасы «есек» қымыз құйылған ыдысын ішпеймін деп кері қайтарыпты.

Оны Ерболат қасындағы адамдарға «Есектің қымызын ішесің бе? Мә, іш» деп ұсына бастайды. Дастархан басында отырғандар "ойбай, ішпейміз" деп шоши жауап береді де, Ерболаттың қалжыңын түсінбей қалады.

Сонда өзі «Сендер ішпесеңдер босқа қала ма, Есек ішпеген қымызды өзім іше салайын» деп алдындағы ыдысты босата салыпты. Сөз төркінін енді ғана түсінген дастархан басында отырғандар ду күліпті деседі.

***

Ауылда Қуат деген Ерекеңнің тағы бір нағашысы бар. Ол кісі Ерболатты «сұлу мұрт» деп атап алған және Ерболат келе жатса, тағы да тиісе ме деп қашып жүреді екен. Сол кісінің Аманкелді атты ұлы бар. Үйлі-баранды, 3 баласы бар.

Аманкелдіні барлық туыстары еркелетіп «Сона» деп кеткен. Өзінің қуақы әзіліне Ерболат осыны да ұтымды пайдаланған жерлері көп. Әсіресе көпшілік жиналған жерде ол «Сонаның ұрғашысын не деп атайды, білесіңдер ме?» деп сұрайды екен.

Қасында тұрғандар әркім өзінің жорамал-тұспалдарын айтып жатады, бірақ дәл жауабын ешкім таба алмайды. Сонда барлығына қарап күліп алған Ерболат:

«Соны да білмейсіңдер ме? Сонаның ұрғашысын Жадыра деп атайды емес пе?» деп күліпті. Ал Жадыра - жаңағы сона болып кеткен Аманкелдінің үйіндегі жұбайы болатын.

***

Ертеректе, өзі мал бағып, фермада тұрған кезінде Ерболат оқушы балаларын сабақ басталатын болған соң ауылда тұратын ата-анасының үйіне кішкене ат-арбаға салып алып келе жатады.

Жол бойындағы бір қыстақтың жанынан өтіп бара жатқанда оны Ақыл деген кісінің әйелі Қалида апай тоқтатып, өзін ауылға ала кетуін өтінеді.

Қалида Ерболатқа нағашы болып келеді, сондықтан ол оған қылжақтап, арбада орын жоқ екенін айтып, сылтауратады. Ал Қалида болса жабысып болмайды. Тіпті болмаған соң Ерболат ол кісіге «Ақылың бар ма? Ақылың болса - алмаймын, ал Ақылың жоқ болса – аламын» депті.

Бұл сөзге қуанып кеткен Қалида апай өзінің күйеуін сұрап тұр деген оймен жалма-жан: «Жоқ. Ақылым жоқ. Ақылым үйде қалды» деп, арбаға отырып алыпты деседі.

***

Келесі әңгіме Ұлы Отан соғысының ардагері, бүгінде марқұм болған Қошыман Нүрекешов туралы болмақ. Қошыман ата Ұлы Отан соғысына қатысып, ерлікпен шайқасып, кейін жараланып ауылға келген соң да шаруашылыққа араласып, көп жылдар шопан болып, сол кездегі совхоздың малын баққан екен. Өзі баладай аңғал, аңқаулау атамыздың артында қалған көп әңгімелері бар. Солардың біразын айта кетейін деп отырмын.

***

Далада қой жайып жүрген атамыз аспанда ұшып бара жатқан ұшаққа қарап, дүрбі салып, қасында жатқан көмекші жас балаға былай депті: «Ана ұшақта үш кісі кетіп барады екен». Біраз уақыт өткеннен алғашқы ұшаққа қарама-қарсы тағы бір ұшақ ұшып өтеді.

Сол кезде Қошыман ата тағы да дүрбісін салып жіберіп «Өй, мына ұшақ ішіндегі екі кісісін қайда тастап кетті екен,а? Бір-ақ кісімен қайтып барады ғой» деген екен.


***

Далада қой бағып жүген шопанға ол кезде «транзистор» деген радио тамаша ермек болатын. Бір күні соны Қошыман ата мен Ерболат ермек қылып тыңдап жатса, ар жағынан бір адам сөйлеп жатады. Сонда ата балаға қарап:

«Мына шал да мен сияқты соғыс ардагері екен. Өзінің медальдары тым көп» депті.

Сонда қасындағы көмекші бала «Ата, оның медальдарының көп екенін қайдан білдіңіз, ол телевизор емес, мына жерден көрінбейді ғой?» десе, оған ата ренжіңкіреп:

«Естімей отырсың ба, сөйлеген сайын сыңғыр- сыңғыр етіп тұр емес пе?» деген екен.

***

Есігінің алдында күншуақтап, сақал-мұртын алып отырған Қошыман ата бір күні екі көзінің үстіндегі қасын қоса қырып тастаған екен дейді.

Әкесінің осындай ақылға сыйымсыз қылығын көріп, ыза болған үлкен ұлы «Әке, мына қылығыңыз не? Тып-тыныш тұрған қасыңызды неге қырып тастағансыз?» десе, ата еш саспай:

«Оны қайтем, бәрібір түк пайдасы жоқ, бостан-босқа тұр емес пе?» деген екен.

Шәкәріп ӘРІПҰЛЫ
10-сынып оқушысы
Өкпеті орта мектебі
Шығыс Қазақстан облысы
Тарбағатай ауданы
Үштөбе ауылы
Жетекшісі: Мейрамкүл Кенжекова
Просмотров материала: 6 150

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 226 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 058 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 699 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 723 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 031 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 472 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 650 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 717 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 904 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 051 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 430 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 320 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 648 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 352 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 454 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 653 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 319 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 667 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 268 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 113 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 290 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 822 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 166 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 364 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 692 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 116 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 129 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 174 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 097 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 482 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930