2 ноября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Қайрат Нұртас түсірген кинодан не күтесіз?" - Ермек Тұрсынов жаңа фильмдерге көңілі толмайтынын айтты

21 май 2018, 14:40
Күні кеше ғана Астанада өткен экономикалық форумға белгілі режиссер, Қазақстан кинематографистер одағының басшысы Ермек Тұрсынов та қатысқан еді. Өнер төңірегінде қозғалған келелі мәселелерге қатысты пікір білдірген ол киноның соңғы жылдары "мазаққа" айналғанын ашып айтты. Бұл туралы NUR.KZ порталы хабарлайды.

Қазақ көрермендеріне "Келін", "Шал", "Кенже", "Жат" фильмдері арқылы танылған белгілі режиссер Ермек Тұрсынов бүгінгі қазақ киносына көңілі толмайтынын ашып айтты. Талантты режиссер әсіресе тарихи киноларды түсіргенде аса сақ болу қажеттігін алға тартты.

"Бұл тұста мынадай мәселені ескере кеткен жөн. Кейбір жағдайларда автор тақырып арқылы танылса, ал кейде керісінше тақырып авторды "сүйрейтін" кездер болады. Мысалы, күні кеше ғана эфирге шыққан "Алтын орда" телехикаясын қараңыздаршы?

"Алтын орда" деп киноның аты жер жарып тұрғанымен, авторының кім екені, онымен не айтқысы келгені беймәлім. Бізде Бауыржан Момышұлы, Күләш Байсейітоваларға арналған телехикаялар да түсірілді. Ондай тарихи тұлғаларға арналған фильмдерге байыппен әрі асқан бір жауапкершілікпен қарау керек.

Мысалы, мен Сирияда қатарынан алты жыл тұрып, сұлтан Бейбарыс пен қыпшақтар тарихын зерттедім. Мен мұндай картинаға өмір бойы дайындалып келемін және бұл тақырып туралы көп білемін деп те айта аламын. Бірақ ол туралы кино түсіруге әлі де дайын емеспін.
Жалпы Алтын орда, Наполеон, Линкольн, Вашингтондар сияқты тарихы тереңде жатқан тақырыптар мен тұлғаларға "атүсті" қарайтын адамдарға таң қаламын.

Егер өзің мелодрама түсірсең мейлі, қай тұсын өзгертсең де өз еркің. Бірақ тарихты өзгертуге ешкімнің де құқы жоқ, себебі оның астарында тұтастай бір халықтың, ұлттың тарихы жатыр. "Алтын орданы" түсіргендер тіпті Есенберлинді оқымады десе де таң қалмаймын", - деп кесіп айтты режиссер.

Сонымен бірге ол "қандай да бір оқиғаға қатысты тапсырыспен түсірілетін фильмдерден де шедевр шықпайтынын" айтты.

"Мен ондай тапсырыспен түсірілетін картиналардан бас тартамын. Ондай тапсырыс адамға "құдайдың" өзінен түсуі керек",-деп қысқа қайырды ол.

Режиссер қазақстандық жас көрермен туралы да өз пікірін ортаға салды.

"Жастарға дұрыс бағыт беру керек. Негізі білімі бар, ой-өрісі кең адам кез келген ақпаратты қабылдап, санасына сіңіре бермейді, ол тек өзіне қажеттісін ғана қабылдап үйренеді.

Ал жастар қазір қорғансыз. Неге? Өйткені олар жан-жақтан ақпараттық қысым көріп отыр. Біздің жас күнімізде екі телеарна мен 4 газет ғана болған. Қазір ақпарат көзі көп, жастар соның қайсысын қабылдау керектігін білмей дүбәрә күйді кешіп жатыр", - деді Ермек Тұрсынов.

Ал "бүгінгі қазақ кинематографиясында қай кинотуындыға жоғары баға бересіз?" деген сауалымызға "көңіл көншітетін кино жоқ" екенін атап өтті.

"Қуанғым келеді, бірақ қуанатын дүние жоқ. Кейбір кинодағы үзінділер ғана адамды қуантады. Жалпы соңғы он жылда ауыз толтырып айтатындай, көркем дүниені көрген жоқпын",-дейді режиссер.

Ермек Тұрсынов кейінгі толқын актерларына да көңілі толмайтынын жеткізді. Айтуынша, аға буын өкілдерінен Кәдірбек Демесінов пен Ғазиза Әбдінабиеваның өнерін ерекше бағалайды екен.

"Егер киноның сапасы төмен болса, актерлардың сапасы қалай жоғарылайды? Ол бір-бірімен байланысты дүние емес пе? Өз басым Ерболат Тоғызақовты айтатын едім. Бірақ ол кісі менің барлық кинома түскен адам. Сондықтан ыңғайсыз болар.

Ал бұрынғы аға буыннан Кәдірбек Демесінов, Ғазиза Әбдінабиеваны атап айтар едім. Олар сол кездері телехикаяларға түсіп қалды да, таланттары ашылмады. Ал телехикаялардың құндылығы, сапасы төмен келеді.

Парадокс қой? Білімді, дәрежелері биік, нағыз майталман актерлер солай рольсіз қалды, сондықтан амалсыздан сондай арзан сериалдарға түсіп жүрді. Егер құнды дүниелер болса, олар алып шығатын еді.

Мәселен Тоғызақовты алып қарайықшы? Тоғызақов артист емес, далада жүрген шал. Осындай кездейсоқ жағдаймен киноға түсіп қалды. Келесі күні ол халықтың "шалына" айналды, солай емес пе?", -деп пікір білдірді режиссер.

Белгілі кинематограф "аталған мәселе неліктен күні бүгінге дейін шешілмей келеді?" деген сауалымызға "соңғы жылдары киноның мазаққа айналғанын" кесіп айтты.

"КВН, шоу-бизнестің бәрі кино түсіріп кетті. Бүркіт пен Қайрат Нұртастар кино түсіріп жүр. Ондай кинодан не күтесіз?", - деп қысқа қайырды режиссер.
Просмотров материала: 3 075

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 173 354 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 173 189 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 172 809 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 172 859 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 173 148 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 199 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 337 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 564 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 615 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 777 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 477 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 922 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 384 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 228 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 049 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 249 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 322 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 993 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 383 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 103 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 952 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 783 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 042 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 986 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 500 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 972 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 820 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 097 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 431 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 838 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 789 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 840 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 798 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 024 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 168 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930