18 июня 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Осы елдің атын мен шығарам деп айтушы едім - Несіпбек Дәутайұлы

12 май 2018, 8:59
Кітапханада әдеттегідей қазақ әдебиеті классиктерінің еңбектерін парақтап отырғам. Кітапханашылардың өзара сыбырласып, бүгін белгілі жазушымен кездесу өтетіні жайлы айтып жатқанын құлағым шалып қалды. «Белгілі жазушы» дегені кім болды деп ойласам да, онша мән бермедім. Өзімнің қалыптасқан әдетімше, кітаптағы оқиғаға беріліп, кейіпкерлерімен етене сырласып кеткенмін.

Сәлден кейін ұзын бойлы, нұрлы жүзді, басында қалпағы бар бір кісі кіріп келді. «Қордайдың қоңыр құлжасы» деген дауыс жан-жақтан естілді. «Апыр-ай бұл қандай тұлға» деп ойлағанымша, ол кісінің телефоны «әуендетіп» қоя берді.

– Әй, келе берсеңші өзің, мен мына Шоқан кітапханасының 3-қабатында отырмын, - деді ол.

Жұрт мұнысына ду күлді. Біз отырған ғимараттың небәрі екі қабатты екенін ойлап, жайлап езу тарттым мен де. Дәстүрлі жиындардай емес, әрі қарай қызықты сұхбат өрбіді.

Келелі әңгіменің көңіл сарайыма ұялағаны соншалықты кездесу аяқталысымен, кітапханашыдан Несіпбек Дәутайұлының кітабын сұрап, оқып шықтым. Кейін сұхбаттарын тыңдадым, жазушы туралы пікірлерді іздеп жүріп оқитын болдым. Сол арқылы қолтаңбасы дара қаламгерді жіті тани түстім.

Жастардың алдында кеуде қағуды кесір деп білетін Несаға расында жан-жағына шуақ шашып жүретін жан болып шықты. Ақыл сұрай барсаңыз да, сәлем бере қалсаңыз да ағалық танытып, ізет көрсетіп тұрады. Абай хәкім айтқан: «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» – бұл кісінің бойында бар ізгі қасиеттері екен.

«Сократқа у ішкізген, Иоанна Аркті отқа өртеген, Ғайсаны дарға асқан, пайғамбарымызды түйенің жемтігіне көмген кім? Ол – көп, ендеше көпте ақыл жоқ. Ебін тап та, жөнге сал», деген Абайдың сөзі бар емес пе?! Иә, шынында ХІХ ғасырдағы ақылсыз тобыр әлі де бар.

Соларды жазушы Несіпбек Дәутайұлы «Аты жоқ әңгімеде» өте шебер суреттейді. Қазіргі қоғамдағы надандардың бейнесін іздесеңіз, осы шығармадан табасыз.

Қазақ топырағы қай кезде де ұлтқа жанашыр тұлғаға мұқтаж болмаған. Оны көре білу, тани білу, айтқанын көкейге түю – кейінгі толқынның еншісіне жазылған міндет. Бір өкініштісі, біздің бойымызда елге зиян кесір мінез бар. Соның бірі – астарын ойланбастан бәрін Құдайға жабатын кержалқаулық.

Мұны Абай ақынның сөзімен айтсақ, бай болуға бізге мал табарлық қуат береді, сол қуатты кәдеге жарататындай ғылым берді. Ғылымды орнымен пайдалануға ақыл берді. Ал базбіреулер айдыны шалқар ақылын адам аулауға жұмсайды екен.

Оны Несаға бір сөзінде былай келтіреді: «Неге жұрттың бәрі Құдайға жабады. Құдай сөйтті ме? Құдай жаратты ғой бізді. Ұлы құдірет жаратты, ендігісін өзің алып жүрмейсің бе? Қандай қатысы бар – сенің иттігіңе, сүрінгеніңе, жасаған қылмысыңа, азғындауыңа. Біз жастар мешітке барды деп жаман қуанып жүрміз. Оқымай ма ол, жұмыс істемейді ме? Екі қол, екі аяғы, төрт мүшесі түгел. Еңбек етсін, қаны мен терін сығып берсін отбасына, өзіне, қоғамға».

Иә, шынында бүгінде дініне қатал надандар көбейді. Елін ойламайды, тек қана молданы тыңдайды, соның ғана айтқанымен жүреді. Қазіргінің адамдары, кісі өлтіріп немесе қылмыс істеп, түрмеге тоғытылса болды «А, Құдайлап» зар жылап жатады ғой расында. Осыны айтып, шындықты жайып салған Несіпбек Дәутайұлы – расында танымы терең, дара жан. Оны жұрт бекер «Айғыркісі» атамаған екен.

Мен «Айғыркісіні» кейін оқыдым. Оқыдым да, жазушының өз болмысын таныдым. Шығармадағы «Айғыркісінің» образы шебер суреттелген. Ғажап дүние. Несағаның қарапайымдылығын шығармаларынан байқап жатамыз. Оқылуы тез, оқырманға бас иіп отырып жазады.

Оқырманды сыйлап тұрады. Тепе-теңдікті бұзбайды. Бірақ айтпағын түсініп, бойға сіңіруіміз әркелкі. Ол оқырмандардың өресіне байланысты. Біреулер бәлкім, өренің даму шегі шығар «ұятсыз жазады» дейді.

Бұл жазушының шын мәнінде нендей нәрсені айтқысы келетінін ұға алмайтындығынан. Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың, адамдықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлының бірі боласың. Несаға сондай елі үшін қызмет еткен адам.

Несіпбек Дәутай: «Жетімдік деген қызық қой өзі. Әкемнің немере інісінің үйінде жатып оқыдым. 4-5 баласы бар. Әңгімеден әңгіме шығады, балалар кім болады деген. Сонда тұңғыштары прокурор болады, анауымыз райком, анауымыз райисполком болады. Мен де баламын ғой, мен де қараймын ғой «мен кім боламын» деп. Сенің әкең қой баққан, сен қойшы боласың дейді. Сол кездерде намыстандым. Сол ұмытылмайды, сонда көреміз дегенмін. Ағайындар тойға шақырмайтын, шешем мықты, қатты адам болатын. Сонда да жылайтын. Шешеме айтушы едім – Осы елдің атын мен шығарамын деп».

Сол жетімдіктің ащы дәмін татып, қиын тағдыр ауыр тұрмыстың тауқыметін көріп өскен Несаға бүгінде көпке үлгі. Қиындықтарға мойымай, ауыр сөз айтып, көңілін жасытқандарға қарсы намыспен өзін қайрай білген азамат.

Рухани бай адам расында. Тағдырдың сынына сабырмен қарап, ширап шықты. Осы қасиетімен, осы болмысымен – кейінгі ұрпаққа үлгі. Жақсы кітаптарымен, жан азығын гүлдендіріп жүр.

«Жастарды көрген сайын жарқыраған жұлдызды көргендей болам», дейді. Осы сөзі бізге қанат бітіргендей. Осындай өнегелі сөз айтып жүрсе, көңілденіп қаласың. Көңіл өзі әлсіз дүние ғой. Ауыр сөзге жабырқауы да, әдемі, әсерлі сөзге жадырауы да тез. Несағадан алатын жастардың тағылымы да, алар өнегесі де көп. Ол – өз бойынан табылатын еңбекқорлық, қарапайымдылық, ізеттілік, қайраттылық.

Несіпбек Дәутайұлы алдына биік мақсат қоя білген адам. Және соған жетті де.

Бірде Диоген күндіз қолына шам алып, көшеде жүр екен. «Не істеп жүрсің?» дегенге, «адам іздеп жүрмін» депті. Расында бүгінде топырлаған тобыр көп, адамы жоқ. Күн сайын өмірге сан мыңдаған нәресте келеді. Олардың адам боп шығары санаулы. Егер әлгі Диоген маған жолықса, Таразға кел дер едім. Дәутайұлын көр дер едім.

Жадыра МЫРЗАБАЙ
11 сынып оқушысы
М.Горький атындағы орта мектеп
Луговой ауылы
Т.Рысқұлов ауданы
Жамбыл облысы
Жетекшісі: Ардақ Үсейінова
Просмотров материала: 2 330

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 153 064 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 152 876 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 152 523 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 152 554 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 152 851 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 013 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 159 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 335 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 012 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 201 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 110 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 173 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 979 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 852 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 677 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 823 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 962 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 629 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 000 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 727 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 733 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 579 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 418 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 673 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 620 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 128 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 558 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 455 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 702 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 045 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 456 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 434 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 475 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 418 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 655 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 795 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30