25 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Болашақ» бағдарламасымен шетелде оқып келген азамат ауыл мектебінде сабақ беріп жүр

Мемлекет басшысының бастамасымен 25 жыл бұрын қолға алынған «Болашақ» бағдарламасы көптеген жастарды шабыттандырды, оларға әлемнің үздік оқу орындарында білім алуға мүмкіндік берді. Осы бағдарламамен білім алған жастардың бірі - қызылордалық Абзал Ескендір. Ол Жапонияның Осака қаласында ядролық физика бойынша магистр дәрежесін иеленді. Қазіргі таңда ауылдық мектепте қызмет етіп жүрген Абзал көпшілікке үлгі болып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Абзал Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Айтеке би ауылындағы мектепте мұғалім болып жұмыс істейді. Ол ауылды тастап кеткісі келмейді. Себебі, ол әрбір оқушының жетістікке жетуіне қосқан үлесін өзінің жеке жетістігі ретінде қарастырады.

«Мен Қазалы ауданы Басықара ауылында туып-өстім. 2001 жылы Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің физика факультетіне оқуға түстім. Біз, ауылдың балалары болғандықтан, сол уақытта мұғалім немесе дәрігерлер болуды ғана армандайтынбыз. Ол кезде қазіргі заман секілді ғаламтор және жаңа технологиялар болған жоқ. 2006 жылы диплом алып, туған ауылыма оралдым. Содан Қазалы ауданы, Айтеке би ауылындағы № 234 орта мектепке физика пәні мұғалімі болып жұмысқа орналастым. Қазір де осы мектепте жұмыс істеймін. 2013 жылы біздің аудан бойынша «Жыл мұғалімі» атандым»,-дейді Абзал.

28 жасында «Болашақ» бағдарламасының стипендианты атанған мұғалім адам білім алуға талпынса, оның қанша жаста екені маңызды емес дейді.

«Шетелде білім алуға құлшынып, «Болашақ» стипендиясын иемдену үшін құжат жинадым. Қажетті құжаттарды жинап, Астанаға бардым. Қазір құжаттарды аймақтағы Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы жіберуге болады. Бакалаврдың дипломы мен ағылшын тілінің біліктілік деңгейі талаптарға сай болды. Содан Халықаралық бағдарламалар орталығынан оң шешім алып, кепіл ретінде ауылдағы екі үйді қойдым. Бірақ олар қажетті көрсеткіштің 30 пайызын ғана қамтыды. Сондықтан төрт адам – менің достарым және әріптестерім маған кепіл ретінде шығып, түбіртек жазып берді. Маған сенім білдіргендері үшін оларға деген алғысыз шексіз. Осылайша, барлық келісімшарттарға қол қойып, Ұлыбританиядағы Норидж қаласына ұшып кеттім. Онда бір жыл бойы ағылшын тілін оқыдым»,-дейді Абзал Ескендір.

Қазақ жігіті әлемнің үздік университетерінің ішінен Жапонияның Осака қаласындағы жоғарғы оқу орнын таңдаған. Оған магистр дәрежесін алу үшін екі жыл оқу керек болды. Содан ол отбасымен бірге Жапонияға көшіп, оқу бітіргенше сонда тұрған. Тіпті, ұлының тұсауын жапондық профессорға кестірген Абзал Жапонияға тез үйреніп кеттік дейді.



«2017 жылы магистр дәрежесін алып, бұрын жұмыс істеген ауылдағы мектебіме оралдым. Жұмыс орнымды өзгерту туралы ойламаймын, себебі мұғалім мамандығын жақсы көремін. Ауылдың, қаланың балалары бәрі бірдей. Тек әрбір баланың көзіндегі ұшқынын уақытында көріп, аша білу керек. Оқушының білімге деген құлшынысын оята алсам, оның табысқа жетуіне көмектесетін болсам, онда мен шексіз бақытқа ие боламын. Ал ақша бұл жағдайда ешқашан көмектеспейді. Ең бастысы – бәріне қанағат етіп, адал жұмыс істеп, сүйікті жандарыңның ілтипатына бөлену»,-дейді Абзал.

Аударған Stan.kz
Просмотров материала: 3 261

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 223 945 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 223 650 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 223 145 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 223 177 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 223 546 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 928 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 959 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 292 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 981 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 18 005 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 204 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 917 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 042 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 668 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 549 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 582 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 781 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 542 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 950 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 733 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 547 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 394 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 231 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 607 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 483 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 964 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 406 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 297 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 533 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 926 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 272 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 217 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 360 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 295 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 544 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 670 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031