8 июля 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Мектепте оқып жүріп, жүкті болып қалған қыздар әсіресе Маңғыстау мен Жамбылда көп

02 май 2018, 16:55
Мәселен жуырда ғана Оңтүстік Қазақстан облысында 7-сынып оқушысы босанған болатын. Ал мамандар мұның бәрі – отбасындағы тәрбиенің әлсіздігі мен мектепте ерте жыныстық қатынасқа түсудің зияндығын түсіндіретін адамның жоқтығынан болуда дейді. Жағдай осылай жалғаса берсе, келешекте бұдан да сорақы жағдайлар тіркелуі мүмкін екенін айтады. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Жасөспірімдер арасындағы ерте жүктілік бойынша Маңғыстау облысы көш бастап отыр. Мұнда 15-19 жастағы қыздардың 42 пайызы ана атанған. Екінші орында - Жамбыл облысы. Елді мекенде мектеп оқушыларының жүктілігі 41 пайызға жетіпті.

Ал Атырау мен Алматы облысында кәмелет жасқа толмаған қыздардың бала туу көрсеткіші 35 пайызға жеткен. Сонымен қатар, ОҚО, Ақмола облысы, Солтүстік Қазақстанда оқушы қыздардың ерте жүктілігі өршіп тұр.

Бұл – Біріккен ұлттар ұйымы Халықты қоныстандыру саласындағы қорының Қазақстандағы өкілдігі жүргізген зерттеудің нәтижесі. Оған зер салсмақ, еліміз ерте жүктілік жағынан дамыған елдер арасында көш басында тұр.

Ең сорақысы, жыныстық қатынас арқылы венерологиялық аурулар жұқтыратын жастардың қатары көбейіп барады екен. Мәселен, 15 жастағы қыздардан сифилис пен трихоминиаз табылуда дейді мамандар.

«Статистика 15 пен 19 жас арасындағы 1000 қыздың арасында жүргізілді. Қазақстанда бұл көрсеткіш 30 пайызға жетіп отыр. Ал тері-венерология институтының берген ақпараты бойынша, 15 пен 17 жастағы қыздарда трихоминиаз, сифилис, гонорей тіркелген. Таң қалатын жайт, мұндай жағдай дамыған Еуропа елдерінде некен-саяқ қана кзедеседі» – дейді БҰҰ Халықты қоныстандыру саласындағы қорының Қазақстандағы атқарушы өкілі Райымбек Сисемалиев.

Кәсіпкер Анар Кешубаева екі баланың анасы. Ол ержетіп қалған екі ұлыммен әрдайым түрлі тақырыпта сырласып, жағдайларын білуге тырысатынны айтады. Қажетті ақпараттарды сырттан алғаннан гөрі, өзім түсіндіргенім дұрыс дейді. Сондықтан да қандай шетін мәселе болмасын, ата-анасы балаларын жіті бақыласа, ешқандай келеңсіздіктерге тап болмайтына сенеді.

«Екі ұлым бар. Ұлым болса да, олармен сырласамын. Шыны керек, оларға айтамын ерте папа болғың келмесе, қарым-қатынасқа бармау керек. Олар күледі. Олар біліп отыр. Күліп айтқанына қарап, біліп отырмын. Біз жігіт болғанша қай заман деп келтіреді. Бірақ та қазір 14-15 жастағы қыздардың балаларын тастап кетіп жатқандарын жиі естіп отырмыз» – дейді қала тұрғыны Анар Кешубаева.

Өткен аптада Оңтүстік Қазақстан облысында 7-сынып оқушысы босанды. Бейресми ақпарат көздерінің мәліметінше, 13 жастағы қыз жақын туысынан бала көтеріп қойған көрінеді.

Ал мұндай оқиғалардың жиеленуіне ата-ана мен бала арасындағы байланыстың жоқтығы, дейді психолог Ғалияш Махашева. Үйінде жылу көрмеген бала, оны сырттан іздейтін көрінеді. Салдарынан жас қыздар “өтірік мейірімге” алданып, от басып жатады екен.

«Қазіргі уақыттағы өмір салты кінәлі. Балаға ол тақырып қозғаған ерте. Ерте-ерте деп қалай есейіп, осы жағдайға қалай тап болғанымызды білмей қаламыз. Табиғи нышандары басталған шақта бастауыңыз қажет. Ол 11-12 жас. Ол жас баламен ашық сөйлесетін тақырыптар. Оны ең жақын адамы қозғау керек. Жыныстық қарым-қатынас жағындағы тәрбиені өзінің жанындағы ең жақын адамы, қыздың анасы қозғау керек» – дейді психолог Ғалияш Махашева.

Мамандар мұны тездетіп қолға алмаса, еліміздегі ерте жүктіліктің статистикасы екі еселенуі мүмкін екенін алға тартады. Ал Райымбек Сисемалиевтің пайымынша, “ұят” дегенді ысырып қойып, жоғарғы сынып оқушыларына ерте жыныстық қатынастың зияны туралы айтатын арнайы пән, яки семинарлар өткізген дұрыс.

«Сіздер ұят дейсіздер. Ата-аналар балаларымен ол тақырыпта қалай сөйлесу керектігін білмейді. Егер де оқушы мектептен ақпарат алмаса, бәрі бірде интернетте толып тұрған порно сайттан ақ көреді. Біз оларға мұндай мәселеннің неге әкеп соғатының ашық айтқанымыз дұрыс» – дейді БҰҰ Халықты қоныстандыру саласындағы қорының Қазақстандағы атқарушы өкілі Райымбек Сисемалиев.

Мәжіліс депутаты Майра Айсина да мамандардың пікірімен келіседі. Оның пікірінше, қазір отбасындағы тәрбие әлсіреп кеткен заман. Десе де, ол мектепте жыныстық тәрбие туралы пәнді енгізу әзірге ерте екенін айтады. “Бұл тақырып толық зерттеуді қажет етеді. Керісінше ата-ана мен баланың арасындағы байланысты нығайтуға күш салған дұрыс” дейді ол

«Шынында да ақырғы кезде біз тәлім-тәрбие жағынан біз төрт аяққа да ақсап жатырмыз десек, көп айтқаным емес. Қазір бар қоғам болып осыған күш салуымыз керек. Ең бастысы, жанұядан бастау керек. Бала үйден көргенін жасайды. Сондықтан да мектептегі ұстаздар да оған көп мән беру керек деп есептеймін» – дейді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Майра Айсина.

Осылайша, мамандар отбасында жылулықтың болмауы, дұрыс бағыт-бағдардың жоқтығы оқушы қыздардың етегінің ерте ашылуына әкелетінін айтады. Сондықтан да, әрбір ата-ана ұл-қызының тәрбиесінен ағаттық кетпеу үшін, мейілінше оларға көңіл бөлген жөн. Тек, сонда ғана жасөспірімдер қара мен ақты ажыраталатын деңгейге жетеді дейді психологтар.
Просмотров материала: 10 224

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 156 120 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 155 932 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 155 577 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 155 612 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 155 907 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 200 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 344 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 534 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 254 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 449 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 310 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 298 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 048 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 915 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 742 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 896 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 029 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 696 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 066 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 794 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 802 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 644 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 483 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 746 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 687 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 199 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 626 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 520 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 774 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 112 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 523 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 499 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 541 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 481 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 720 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 863 Просмотров





Опрос


«    Июль 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031